Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 6 бөлім Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Ойындарға нұсқаулық жазу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті | Физика-Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні : | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 1 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтақырыбы | Ойындарға нұсқаулық жазу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | Ж4.Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Өзгелерді тыңдайды, түсінеді және кейбір тұстардың не туралы екенін біледі.Ұлттық ойындар туралы нұсқаулықтарды оқиді, мағынасын айтады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерилері
| Мұғалімнің көмегімен берілген тақырып бойынша қарапайым сөйлемдер жаза алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сөздік қор | Ұлттық ойындардың атаулары ,ережелер мен нұсқаулықтар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 6-бөлім алдыңғы бөлімдерде қамтылған дағдыларға сүйенеді. Оқушылар сөздерді дұрыс айтып, сөйлем құрастыра алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақбарысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері | Сабақтажоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ)Психологиялық дайындық -Мынау менің жүрегім Бәрі осыдан басталады. Мынау басым ақылды, Бәрі оны басқарған. Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым, Барлық істі атқарған. (Ұ) «Сөз маржан» ойыны -Үйге берілген АЛТЫБАҚАН сөзінен кім көп сөз құрастырды? Алты, бақан, бақа, ал, тал, бақ, ат, ақ, Ақан,ық, нақ, қан,Абақан,алақан,бақыт, ақын,балық,т.б. (Т)«Адасқан әріптер» ойыны. Тапсырма: Цифрларды өсу ретімен қойып, сөз тіркесін құру
-Балалар, қандай сөз тіркесі шықты? -Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ойындарға нұсқаулық жазу. -Сабағымыздың мақсатын:Осы тақырыпқа жай сөйлемдер құрастырып жазу. -Сонда қандай жетістік критерйлерін құруға болады? / оқушылардың жауаптарын тыңдау, жетістік критерийлерін тақтаға жазу/ (Ұ)Көркем жазу а/Бүгінгі күнді жазғызу ә/Оо ойын сөздерін жазу, фонетикалық талдау жасау. -Кеше қандай ұлттық ойын ойнап едік? -«Арқан тартыс» ойыны сендерге ұнады ма? -Бұл ойынның қандай пайдасы бар? -Ойынның нұсқаулығын есімізге түсіріп, ойын туралы мультфильмді тамашалап көрейік. (МК)Оқушыларға ойын туралы видео көрсетіп, нұсқаулықты еске түсіру. (Ұ) «Бірлесіп жазу» әдісі арқылы Арқан тартыс ойынының нұсқаулығын жазу үлгісін көрсету. Оқшылардың іс-әрекеттері:Оқушылар мұғалімге ойынның әр қадамын айтып отырады, мұғалім оқушылардың айтқанын тақтаға жазып отырады. Нұсқаулық жазу 1.Ойынға ұзындығы 8-10 метр арқан дайындалады. 2.Арқанның дәл ортасына қызыл жіп байланады. 3.Ойыншылар екі топқа тең бөлінеді 4.Екі топтың ортасына сызық сызылады 5.Белгі берілгенде әр топ арқанды өзіне қарай тартады. 6.Қарсыласын өзіне қарай тартып алған топ-жеңген болады. (Т)«Адасқан әріптер» ойынын жалғастыру 1. қ, а, с, ы. (асық) 2. а, н, и, қ, а, с./сақина/ 3. з, т, ұ, қ, ы, ғ,о, м, а, қ,а, л. (тоғызқұмалақ) 4. л, а, қ, н, т, а, ы, б, а. (алтыбақан) 5. к, п, ө, р, к, а. (көкпар) 6. қ, у, д, а, п, с, а, ы, р, а. /аударыспақ/ 7.с, ы, и, л, қ, ы, р т, қ, а, я. /сиқырлы таяқ/ -Балалар, қандай сөздер шықты? -Олардың қандай ортақ қасиеті бар? -Қандай айырмашылықтары бар? -Балалар, соңғы қандай сөз шықты? -Қазір мен сендерді «Сиқырлы таяқ» ойынымен танысуға шақырамын. (Ұ) «Сиқырлы таяқ» ойынының нұсқаулығымен танысу Сиқырлы таяқ Ойыншылар қол ұстасып дөңгелене шеңбердің бойында тұрады.Ойын жүргізуші қолында таяғы бар,шеңбердің ортасына шығып,ойынға қатысушыларды 1-10-ға дейін нөмірлеп шығады.Таяқты тігінен жерге қойып ұстап тұрады да, қоя беріп, кез келген бір нөмірді шақырады. Шақырған нөмірдегі ойыншы таяқты жерге құлатпай қағып алса,өз орнына барып тұрады.Ал таяқты ұстай алмай қалса, өз өнерін көрсетеді. Барлық ойыншы бір-бір реттен ойнауы керек. (Ұ) «Сиқырлы таяқ» ойынын ойнау (Ө)Карточкамен жұмыс Оқушылар «Сиқырлы таяқ» ойыны туралы сурет бойынша сөйлемдер құрастырып, жазады. | Интерактивті тақтада жазылған сөздер Қима әріптер Арқан тартыс ойыны туралы видео http://yandex.kz/video/search?filmId Жұмыс дәптерлері, тірек сөздер Қима сөздер жазылған А4 парақтары Ойынның суреті мен нұсқаулық жазылған парақтары карточкалар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия: -Сабақтан не үйрендің? -Не білдің? -Не қызықты болды? -Не қиын болды? Оқушылар өз ойларымен бөліседі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылар нұсқаулықты өз бетімен жазады. | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыТоптық жұмыс барысында | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру