Қазақ тілі_1cынып 6-бөлім Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті НҰСҚАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті | Физика-Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні :Кудайбергенова С.Р | |
Сынып: 1 В | Қатысқандар:20 Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Нұсқаулық туралы | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы на сілтемеу) | О3 Оқылған мәтіндегі сөздердің лексикалық және синтаксистік мағыналыр түсіну Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқиды және мағынасын түсінеді. | |
Сабақ мақсаттары | Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқиды және мағынасын түсінеді. | |
Жетістік критерилері
| Жетістік критерийлері Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді.Сөйлемдерді дауыс ырғағына келтіріп оқи алса. | |
Сөздік қор | Ұлттық ойын ,ереже,қиял-ғажайып,шыншыл,кейіпкер,сараң,жомарт | |
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық арқылы дамыту | |
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе | |
Алдыңғы меңгерілген білім | 6-бөлім алдыңғы бөлімдерде қамтылған дағдыларға сүйенеді. Оқушылар сөздерді дұрыс айтып, сөйлем құрастыра алады. | |
Сабақ барысы | ||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың көңіл күйлерін сұрау. Миға шабуыл. Дөңгеленіп тұрайық шеңберді біз құрайық Қол ұстасып бәріміз Ақ тілекті жолдайық Әлемде нұр тыныштық Әрбір бейбіт күн ыстық Қайырлы таң мектебім Қайырлы күн достарым Достарымды көргенде Қуана қарсы аламын Сәлем! Сәлем! Сәлем! Балалар, ертегілер еліне саяхат жасауға дайынсыздар ма?! (Оқушылар: иә!) -«Қане жауап ізделік» ойыны (өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар) - Фольклор мен ауыз әдебиеті бір ұғым ба? - Ауыз әдебиетінің қандай белгілері бар? - Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар? - Мақал – мәтелдерді неге ауыз әдебиетіне жатқызамыз? - Мақал мен мәтелдің айырмасын айт? - Жұмбақ ауыз әдебиетінің қандай түрі? - Қалай ойлайсыңдар, ертегілерде мақал - мәтелдер, жұмбақтар кездесе ме Ауыз әдебиеті ↓ Мақал – мәтелдер Жұмбақтар Батырлар жыры Тұрмыс салт - жырлары Аңыз әңгімелер Төрт - түлік туралы жырла Бейнеклип көргізу. Бейнеклипте көргендері туралы ойларын ортаға салу Жаңа тақырыпты ашу Мұғалімнің сөзі. Мына бейнеклип не туралы? Қалай ойлайсыңдар? - ертегілер дегеніміз не? Оны қалай түсініп келдіңдер? - Қандай ертегілерді білесіңдер? - Ертегілер қалай басталады? Немен аяқталады Бүгін біз ертегілер еліне саяхат жасаймыз Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады. Кейде өлең түрінде де кездеседі. Ертегілердің әдетте басталулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің....... болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөрте де» деп те басталады. Ертегі соңы олар «сөйтіп мұратына жетіпті» үнемі жақсылықпен аяқталады. Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді: 1. Қиял - ғажайып; 2. Хайуанаттар туралы; 3. Шыншыл ертегі; 4. Тұрмыс - салт ертегілер Қиял - ғажайып ертегілерде ер жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан - алуан ерлік оқиғалар баяндалады. Олар жеті басты жыланмен, жалғыз көзді дәумен, жалмауыз кемпір, мыстан кемпір, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді. Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол қиын - қыстау оқиғаларда ақыл, айла - тәсілін асырып, жеңіп шығады. Бұл ертегілерді оқи отырып жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тырысады. Оқулықпен жұмыс Алдардың әнін айтуға үйренеміз. Мен Алдармын ,Алдармын, Сақалымды талдармын. Сақал түгіл мұртта жоқ, Шайтанды да алдадым. Сусыз жерде өсемін, Сондықтан да көсемін. Дәптермен жұмыс Сөйлемдерді толықтырып жаз. Оттан шыққан жаңа күлше байдың кеудесін күйдіріп кетеді. Торсықтан айран төгіліп,байдың мазасын кетіреді. Сөздік жұмыс Қамшы,торсық,қулық,мырза,айлакер. Өздері таңдап алған екі сөзбен сөйлем құрастырады. Құрған сөйлемдерін оқиды. | |
Сабақтың соңы | Сабақтан не үйрендің? Оқушылар өз үйренгендерін айтады | |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандайтапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз | Сабақта не түсініксіз болды? Қандай қиындықтар кездесті? Келесі сабақта қандай кейіпкер жайында білгілерің келеді? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру