Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 2 бөлім Менің мектебім Мектеп туралы әңгімелер оқу Ы дыбысы және әрпі ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР


Дидактикалық материалдар:

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз.

Менің мектебім!

Менің атым-Ерали. Мен бірінші сыныпта оқимын. Біздің мектебімізге 5 жыл. Жуырда біздің мектептің туған күні. Біздің мектеп үш қабатты, іші үлкен, жарық. Менің сыныбым бірінші қабатта, іші кең, жылы және жарық. Менің мұғалімім өте жақсы адам, бізге көп жақсы нәрсеге үйретеді. Мектепте көп жаңа дос таптым. Маған мектебім ұнайды. Мен мектебіме өркендеуін тілеймін.

Менің мектебім!

Мен жаңадан ашылған Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқимын. Маған мектепте ұнайды. Мектепте көптеген үйірмелер бар. Солардың біріне мен қатысамын. Ол джиу - джитсу. Мектептің жанында әдемі гүлдер, ағаштар, шыршалар өсіп тұр. Мектептің артқы жағында балаларға арналған алаң бар.

Мектеп туралы өлең оқу.

Мектебім - айтар әнім,

Сан рет қайталадым,

Сан рет қайталадым.

Өзіңнен алғанымды,

Өзіңе қайтарамын.

Мектебім, қия алмаймын,

Көп нәрсе қиялдаймын.

Мәңгілік оқушың боп,

Қалуға ұялмаймын.

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені.

Жұмбақ

Кесе,шыны, пияла

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз,

Бәрінің атын не дейміз? (ыдыс)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.