Азаматтық - Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының институты. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы

Мектеп: Шымкент қ. ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Азаматтық - Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының институты

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.1.1 - азаматтық ұғымын ашу;

11.2.1.2 - қазақстандық азаматтықты алу және азаматтықтан айырылудың негіздемелерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Осы тақырыпты игеру барысында оқушылар азаматтық ұғымын, қазақстандық азаматтықты алу және азаматтықтан айырылудың негіздемелерін біледі

 Кәсіби мақсат

Оқытуда инновациялық әдістерді қолдану арқылы білім алушылардың сыни ойлау дағдысын дамыту

 Бағалау критерийлері

 

 -азаматтық ұғымын біледі

 -қазақстандық азаматтықты алу және азаматтықтан айырылудың негіздемелерін нақты мысалдар арқылы түсінеді

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • терминдерді пайдалана алады
  • мәтіндік жағдаяттарды талдай алады
  • тақырыпқа сай тұжырым жасай алады

 Пәндік лексика, терминалогия

  • Азаматтық, азаматтықты алу, азаматтықты жоғалту

 Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, патриотизм, ҚР азаматтарына құрмет

 Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы

 АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5- минут

15- минут

Сабақтың ортасы

5- минут

5- минут

5-минут

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

Жағымды ахуал қалыптастыру

М «Ой қозғау» әдісімен суреттердің мәнін ашу

-Осы суреттерден нені пайымдауға болады?

- Олардың арасында не ортақ?

Осы суреттерді пайдалана оқушыларды 3- топқа топтастыру

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы түсінік беру

Азаматтық құқық — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.

Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы.

Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:

-Қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;

-Мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;

-Адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

Азаматтық құқықтың қағидаларына:

тараптардың теңдігі;

шарт еркіндігі және таңдау құқығы;

еркіндік;

тәуелсіздік;

меншікке қолсұқпаушылық;

біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;

азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;

бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтарын сот арқылы қорғау жатады.

III. Джигсо әдісін қолдана тапсырмалар беру

  • Топ тапсырмасы 1-бап. Азамат және мемлекет

Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен орнықты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.

Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасында азаматтық осы Заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.

Қазақстан Республикасының азаматын азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға болмайды, сондай-ақ Қазақстанның шегінен тыс жерге аластауға болмайды. Террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруға жол беріледі.

Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары арқылы Республика азаматтарының алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның аумақтық тұтастығын қорғауға, әдет-ғұрыпқа, дәстүрге, мемлекеттік тілге және оның аумағында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.

22-бап. Ата-анасының азаматтығы өзгерген жағдайда баланың азаматтығының өзгеруі

Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған, оны қалпына келтірген не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде тиісінше олардың 14 жасқа толмаған баласының азаматтығы өзгереді.Егер баланың ата-анасының біреуі белгілі болса, онда осы ата-ана Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған, оны қалпына келтірген не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде тиісінше 14 жасқа толмаған баланың азаматтығы да өзгереді.

  • Топ тапсырмасы

16-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары

Қазақстан Республикасының азаматтығына:

1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады.

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, әрекетке қабiлетсіз және Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдардан не Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тiзбе бойынша кәсiптерге ие және талаптарға сай келетiн адамдардан және олардың отбасы мүшелерiнен осы тармақшаның бiрiншi абзацында көзделген шарттардың болуы талап етiлмейдi;

2) Қазақстан Республикасы азаматтарының iшiнде жақын туыстарының бiрi - баласы (оның iшiнде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының бiреуi (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе әжесi бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзiмiне қарамастан, қабылданатын болады.

Әскери қызмет атқарып жүрген және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әскери қызметшiлердiң азаматтығы мәселелерi Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен белгiленедi.

  • Топ тапсырмасы

19-бап. Азаматтықты тоқтату негіздері

Қазақстан Республикасының азаматтығы:

1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;

2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту;

3) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру салдарынан тоқтатылады

20-бап. Азаматтықтан шығу

Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.

Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.

Егер шығу туралы өтінішхат берген адамға қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы жария етілсе не ол заңды күшіне енген соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе немесе адамның Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға жол берілмейді.

20-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру

Террористік қылмыстарды, сондай-ақ салдарынан Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтірген, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін соттың шешімімен ғана Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруға жол беріледі.

Жұмыс аяқталғаннан кейін өзара, ауызша бағалау жүргізіледі

Дескриптор:

  • ҚР азаматтыққа қабылдау туралыбіледі
  • жағдайды анықтайды
  • Қ Р азаматтығы туралы Заңының Азаматтықты алу, тоқтатуды талдайды

IV. Б Бүкіл сыныптық талқылау

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібі

Жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа қабылдау құқығы жоқ және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға ниет білдірген шетелдіктер тұрғылықты жері бойынша көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелеріне өтінішхат беруі тиіс. Өтінішхат Қазақстан Республикасы президентінің атына беріледі. Өтініште азаматтыққа қабылдау себептері көрсетілуі тиіс. Азаматтықты алу сәті

Адам қай сәттен Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын анықтау үшін Заңның 37 бабын пайдалану қажет, оған сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығын:

азаматтыққа қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шыққан күні;

кәмелетке толмағандардың туған немесе асырап алынған күні;

кәмелетке толмағандардың ата-анасын Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шыққан күні;

азаматтық мемлекетаралық шарттарында көзделгендей тәртiп бойынша тіркелген күні;

жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу тіркелген күні алады

Кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар атынан өтінішхат беру 18 жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарға қатысты азаматтыққа қабылдау туралы нотариалдық куәландырылған өтінішхат олардың заңды өкілдерімен беріледі. Өтінішке баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, әрекетке қабілетсіздігін растайтын құжат және әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат қоса тіркеледі. 14 пен 18 жас аралығындағы бала үшін оның өзінің қолы қойылған және нотариалды куәландырылған жеке келісім талап етіледі. Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларының 2 тараудың 11 тармағына сәйкес, жергілікті ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасы ІІМ-де және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының өтінішхатты (өтінішті) қарау мерзімі осы органдардың әрқайсысында бір айдан, ал жалпы алғанда – алты айдан аспауы тиіс.

Дескриптор: Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін талдайды

V. Сөйлемді аяқта «Тоғысқан пікір» әдісі бойынша әр оқушының жеке жазба жұмысын орындайды

1. Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеде тұрған адамдар...................

2.Ата-анасының азаматтығы әртүрлі, бала туған кезде..............

3.Баланың анасы азаматтығы жоқ адам, ал әкесі-Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады және әке болуды анықтаған жағдайда 14 жасқа толмаған бала........

4. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруға тек қана жол беріледі..............

5.Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының алдында жауапты. Ол ...............міндетті

Жұмыс аяқталғаннан кейін өзара бағалау жүргізіледі

VІ. Таратпа материалдар негізінде « Ақиқат, жалған» тапсырмаларын беру

  • Жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа қабылдау құқығы жоқ және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға ниет білдірген шетелдіктер тұрғылықты жері бойынша көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелеріне өтінішхат беруі тиіс
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Ақиқат

жалған

Дескриптор:

- бірінші жағдайды қажетті кесте ұяшығына жазады;

- екінші жағдайды қажетті кесте ұяшығына жазады;

- үшінші жағдайды қажетті кесте ұяшығына жазады;

Жұмыс аяқталғаннан кейін өзара бағалау жүргізіледі

ҚР Конституциясы,

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдедегі өзгерісімен, Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы

Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы № 1017-XII Заңы, тартпа материалдар

Сабақтың аяғы

5-минут

Кері байланыс

Үйге тапсырма

Б

Б

Б

«Мен Қазақстан Республикасының азаматымын» 100-150 сөз эссе жазу «Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды» жоспары бойынша жазу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру