Қазақстан Респбликасының құқық қорғау органдары. Құқық негіздері, 10 сынып, қосымша материал 3


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл ұлттық бюросы(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ереже

2. Ұлттық бюроның міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

      13. Ұлттық бюроның міндеттері:

      1) жеке және заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

      2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      3) сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу.

      14. Ұлттық бюроның функциялары:

      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы стратегияларды және бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      2) Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындауға қатысу;

      3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша жоспарлы іс-шаралардың орындалуын бағалау және өткізілген мониторинг туралы жиынтық ақпарат құрастыруға қатысу;

      4) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу және қарау;

      5) алдын ала тергеу, анықтау нысанында және хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу;

      6) қылмыстық процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      7) жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      8) жария емес тергеу әрекеттерін, жалпы және арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында арнайы және басқа техникалық құралдарды қолдану;

      9) Ұлттық бюроға осы мақсаттарға бөлінген бюджет қаражаты шегінде жедел-іздестіру қызметін қаржылық және материалдық-техникалық жабдықтау;

      10) тергеуден, анықтаудан немесе соттан жасырынып жүрген іздеудегі адамдардың тұратын жерін анықтау және ұстау;

      11) сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша жедел-іздестіру, әкімшілік, тергеу қызметі тәжірибесіне талдау жүргізу;

      12) Ұлттық бюроның аумақтық органдарының қызметін бақылау, үйлестіру және бағалау;

      13) ведомстволық статистиканы қалыптастыру;

      14) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексімен белгіленген тәртіпте қылмыстық-процестік қазметті қамтамасыз етумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру;

      15) сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша тәркіленген мүлікті және әдетте, қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған мүлікті мемлекеттің кірісіне айналдыру туралы ақпаратты кейін жариялаумен іске асыруға арналған мониторингті жүзеге асыру;

      16) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау тұрғысынан әлеуметтік-экономикалық саладағы криминогендік жағдайды талдау;

      17) басқа құқық қорғау және арнаулы органдардан, оның ішінде шет мемлекеттердің құзырлы органдарынан келіп түскен өтініштерді және сұрау салуларды орындау;

      18) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өз құзыреті шегінде өзара іс-қимыл жасау;

      19) ақпараттық қауіпсіздік саясатын іске асыру, Ұлттық бюроның техникалық және ақпараттық қызметін қамтамасыз ету және жетілдіру;

      20) Ұлттық бюроға тергеу-жедел қызмет мәселелері бойынша жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді әзірлеу, құру, сатып алу, пайдалану және жаңарту;

      21) Ұлттық бюроның әкімшілік ғимараттарын күзету режимін және өткізу режимін қамтамасыз ету;

      22) Ұлттық бюроның қаруландыруында тұрған қарулардың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың сақталуын есепке алу және бақылау;

      23) арнайы мемлекеттік мұрағатта мұрағат құжаттарын жинау (сатып алу), тұрақты сақтау және пайдалануды жүзеге асыру;

      24) бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кездегі жұмылдыру даярлығы, Ұлттық бюро жұмысының тұрақтылығын арттыру;

      25) мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету және құпиялылық режимнің сақталуын ведомстволық бақылау;

      26) Ұлттық бюроның бірыңғай кадр саясатын әзірлеу және іске асыру;

      27) Ұлттық бюроның жеке құрамының арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу;

      28) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру