Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал, 1 - сабақ


ҚР Конституциясының ІІ бөлімінен «Адам және азамат» http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_

  • Өмір сүру құқығы (15бап) «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің адам өмірін қиюға хақысы жоқ».
  • Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар (13бап). Жеке адамның заң қорғайтын құқықтары мен бостандықтарына, мүдделеріне қол сұғылған жағдайда сот арқылы қорғалады. 
  • Адамның қадір-қасиетін қорғау құқығы (17бап). Мемлекетте ешбір азаматты азаптауға, оған қарсы қатыгездік, зорлық-зомбылық жасауға тыйым салынады.
  • Сөз бостандығы құқығы. Әркім заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқылы (20бап).
  • Азаматтар мемлекеттік органдарын сайлауға және сайлануға, референдумға қатысуға, мемлекеттік қызметке кіруге құқығы бар (33бап).
  • Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар (16 бап). Қазақстан Республикасында соттың санкциясынсыз ешкімді қамауға алуға немесе тұтқындауға жол берілмейді.
  • Жеке меншікке ие болу құқығы (26 бап). Конституция бойынша жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде қорғалады (6 бап).
  • Қазақстан Республикасының азаматы еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар (24 бап)
  • Демалуға (24 бап), денсаулығын сақтауға (29 бап),
  • Азаматтардың білім алу құқығы (30 бап). Мемлекеттік оқу орынындарында тегін білім алу
  • Ана тілі мен төл мәдениетін пайдалану құқығы (19 бап).
  • Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғалуында болуы (27 бап) құқықтары. 
  • Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті (36 бап).
  • Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
  • Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті (34бап).
  • Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқығы бар (32бап).

Тапсырма. ҚР азаматтарының құқықтары мен бостандытарын конституцияның баптармен орналастырыңыз:

ҚР азаматтарының құқықтары

ҚР азаматтарының міндеттері



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру