Қоғам мен отбасында бала қандай құқықтарға ие. Құқық негіздері, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3D Отбасын қорғау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қоғам мен отбасында бала қандай құқықтарға ие?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

құқықтық актілерге сүйене отырып, қоғам мен отбасындағы балалар құқығын талдау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылардың өз құқықтарын қорғай білуге,алған білімдерін өмірмен байланыстыра білуге үйрету.

 Жетістік критерийлері

Балалар Конвенциясының тараулары:

а) Конвенцияны білудің қажеттілігі

б) Конвенцияның қай тараулары (тұстары) өз өмірлеріңде нақты көөрініс табады

в) Конвенцияның қай тұстары маңызды

Мемлекетте отбасындағы балалар құқығын қорғауда қарастырылмаған жайттар мен тұстары

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

•Кейс стади технологиясы негізінде топта проблемалық жағдаяттарды шешеді (айтылым дағдысы)

•«Мен бақытты баламын» эссе жазу (жазылым дағдысы)

Диалогқа және жазылымға қажетті сөйлем құрамалары:

Балалар құқығы туралы Конвенциясында (...) көрсетілген.

Конвенцияның бұл тарауы маңызды, себебі (...)

Балалар құқығын отбасында және қоғамда сақтау маңызды, себебі (...)

 Құндылықтарды дарыту

 

 

«Мәңгілік ел» ҚҰНДЫЛЫҒЫ:

ТАРИХ, МӘДЕНИЕТ ПЕН ТІЛДІҢ ОРТАҚТЫҒЫ

Зияткерлік мектептердің құндылығы:

ҚҰРМЕТ, ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебиеті пәні - эссе жазу дағдыларын пайдаланады

Өзін-өзі тану пәні –адамгершілік тұрғыда жағдаяттарды шешеді

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар ғаламтормен жұмыс жасай отырып, жағдаяттық тапсырмаларды дайындайды

Бастапқы білім

Отбасы құқығы туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Б Оқушыларды сабақтың тақырыбымен таныстырып, миға шабуыл жасауға болады.

Мұғалім сабақтың бастапқы білімді жандандыру кезеңінде, сыныптың бала құқықтары туралы білімін анықтайды. Слайдтағы суреттер бойынша сұрақ аясында талқылау ұйымдастыру.

Мына суреттен кімдерді көріп тұрсыздар?

Олар неге көңілсіз?

Балаларды қалай қорғау қажет?

Суреттер мен қима қағаздар

Сабақтың ортасы

Т Бала құқығы туралы конвенцияны және ҚР «Бала құқығын қорғау туралы» заңын негізге ала отырып, зерттеу жүргізуге тапсырма беру.

I топ – отбасындағы бала құқықтары

II топ – мектептегі бала құқықтары

IIIтоп – жетімдер мен асырап алынған балалардың құқықтары мен міндеттері

Т Өзінің оқитын мектебінің жарғысын бала құқығы туралы конвенцияға және ҚР «Бала құқығын қорғау туралы» заңының сәйкестігін талдаңыз. Конвенцияға сәйкес пе? Толықтырулар мен жақсарту жолдарын енгізу қажет пе?

Б Сыныппен талқылау жүргіземін

Конвенцияның қандай тараулары сіздер үшін:

а) ең маңызды;

б) оңай жүзеге асатын;

в) біздің жағдайларда жүзеге аса алмайтын.

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/

Отбасы құқықтары

adilet.zan.kz/kaz/docs/Z980000321_‎

Неке (ерлі-зайыптылардың) және отбасы туралы. Қазақстан Республикасының Кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2013.

Сабақтың соңы

Б/Т Ж «Менің бақытты бала болып өсуіме құқық өз кезегінде қандай қолдаушылық көрсетеді» тақырыбына эссе жазуға тапсырма беруге болады.

Әр топ мүшелері баланың толыққанды бақытты болуына қандай құқықтары қажет екендігін өздері зерттеген бала құқықтары бойынша негізгі тұжырымдарды жасап, стикерге жазып суретке жабыстыруы қажет. Сабақтың рефлексия бөілімінде оқушылардан сабақ басталғанда қандай білімдері болғанын және сабақ соңында қандай жаңа білім алғанын, сабақтың тиімділігі туралы сұраңыз.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылардың эссе жұмысын өте жақсы орындайтындығына сенемін. Келесі оқушылардың жағдаяттық тапсырмалар орындау арқылы сабаққа деген қызығушылығы артатындығына сенемін. Осыған сәйкес сабақ барысында саралау жұмыстары жүргізілетін болады. Топтық саралау. Жасырын саралау-жағдаяттық тапсырмалар. Эссе жазу-айқын саралау.

Ауызша бағалау және топтық бағалау. Мұғалімнің жетондар арқылы және ауызша бағалауы жүзеге асады

Көзге арналған жаттығулар ұйымдастыру, топтастыруға байланысты қолданылатын белсенді қозғалыс

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.