3_Қазақ тілі_3 сынып_6-бөлім_Атақты тұлғалар_№90сабақ_Болымды және болымсыз етістік_Дидактикалық материал


6-бөлім. «Атақты тұлғалар»

№ 90 сабақ. Болымды және болымсыз етістік.

Қосымша №1

Морфологиялық ширату.

Жаз – жазба

Жүз – жүзбе

Күл - күлме

Бар - барма

Төк – төкпе

Тақ –тақпа

Қосымша №2

29- жаттығу.

Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.

Бол - болма

- «Бол» етістігі іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.

- «Болма» етістігі іс - әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.

Қосымша №3

«Жалғасын тап» ойыны

1-топ. «Не істеуге болмайды?» жазылған сұрақты топқа көрсетеді. Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.

- Үлкендердің алдынан.......(кесіп өтуге болмайды.)

- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)

- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)

- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)

- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)

- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)

2-топ. «Не істеу керек?» (жоғарыдағыдай жүргізіледі)

- Үлкен кісіні..........................(сыйлау керек.)

- Үлкеннің тілін.....................(алу керек.)

- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)

- Кішілерге.............................(қамқорлық жасау керек.)

- Оқу құралдарын..................(күтіп ұстау керек.)

- Ата-ананы (құрметтеу керек.)

3-топ. Екі топтың тапсырмаларындағы етістіктерді анықтап, құрамына қарай талдау жасайды. Етістіктің болымды және болымсыз түрлеріне қарай ажыратады.

Қосымша №4

Дұрысын тап та, сәйкестендір.

1.Адамға саусағыңды ішпе.

2.Адамды тұрма.

3.Тамақты асығысып шошайтпа.

4.Ас қайырмай дастархан басынан санама.

5.Ауруға болма.

6.Әдепсіз күлме

7.Бас киімді айналдырып сүйенбе.

8.Босағаға үзбе.

9.Бір қолмен нан киме.

Қосымша №5

Ребусты шешу.

Үлгі: Қазақ тілі оқулығы «Атамұра» баспасынан (зат есім) шығады. Бас киімді баспа (болымсыз етістік).

Қосымша №6

Өзін-өзі бағалау кестесі

Бағалау критерийі

Басқаларға түсіндіре аламын

Қолымнан келеді

Қиналамын, себебі

Болымды және болымсыз етістікті ажырата аламын

Жіберілген қателерді тауып, түзетемін



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.