Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№16 сабақ_ Түбір сөз және туынды сөз _Әдістемелік нсұқаулық


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

Пән: Қазақ тілі

Бөлімі: Сәулет

Сабақ тақырыбы: №16 сабақ. Түбір және туынды сөз

Оқу мақсаты:

3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Ресустар: үлестірме қағаздар, өздік жұмыс

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау: оқушылардың сынып ішінде қозғалысын дұрыс ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Оқушылардың оқу әрекеті түрлерін алмастырып отыру, шаршамауын қадағалау. Сергіту сәті ұйымдастыру.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Сабаққа қатысты ескертпелер

Үй тапсырмасын тексеру. Білімді бекіту. Оқушыларға кесте арқылы тапсырма беріледі. Кестеде берілген сөздердің түбірін, жұрнағын, жалғауын табады.

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу.

Оқушылар мәтінді түсініп оқиды. Түбір сөздерді табады.

Шіл – үй кептерінен сәл үлкендеу сұр түсті құс. Үсті – басында қара, қоңыр, қызғылт, ақшыл дақтар мен жолақтары көп. Құйрығы қысқа әрі дөңгелене біткен. Төбесінде қозғалып тұратын қауырсын айдары бар.

Оқушылар сөздерді оқиды. Олардың қайсысы түбір сөз, қайсысы туынды сөз екінін айтады.

Жазушы, өнер, ек, ертең, жарыс, сарғыш, іскер, ертеңгі, көңілді, іс, егін, жаз, балапан.

Сөйлемдерді көшіріп жазады. Тапсырма жұппен жұмыс жасауға арналады.

1. Өнерпаз болсаң, арқалан. 2. Шәмші Қалдаяқов – сазгер. 3. Дәріханада дәрі көп.

  •  Қарамен жазылған туынлы сөздерді түбір күйіндегі қалпымен салыстырады. Мағыналарын түсіндіреді.
  •  Туынды түбір сөз бен негізгі түбір сөздің айырмасы қандай? деген сұраққа жауап береді.

Оқушылар мәтінді оқиды. Тапсырма әрбір оқушы өздігінен орындайды. Туынды сөздерді табады.

Ерлан жасынан тіл алғыш. Үлкендерге еліктегіш. Киімдері мен оқулықтарына ұқыпты. Үстіне кір жуытпайды. Әрқашан кітапханадан шықпайды.

(Ө) Өлеңді мәнерлеп оқы.

Бақыт деген не?

Құрылысшы:

- Халыққа жылы үй салу!

Отыншы:

- Үйлердің отын жағу!

Дәрігер:

- Жұрт денсаулығын сақтау!

Аспаз:

- Дәмді етіп тамақ баптау!

Ұстаз:

- Балаға тәлім беру!

Шәкірт:

- Білімнің дәнін теру!

  • Туынды сөздерді тауып, сөз құрамына талдайды. Бұл сөздерді түбір күйіндегі қалпымен салыстырады. Мағыналарын түсіндіреді.

Қорытынды. Рефлексия. Бәрін жақсы түсіндім деген оқушы №1, әлі де сұрақтарым бар деген оқушы №2, ешнәрсе түсінбедім деген оқушы №3 суретті көтеру арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.

Үйге тапсырма беріледі.

Мақалды оқып, жатқа жаз.

Білімдіден ақыл шығар,

Ақылды қарттан нақыл шығар.

Туынды сөздерді тауып, оларды сөз құрамына талдау тапсырмасы ұсынылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу