Қазақ тілі 3-сынып 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Кейіпкерлерді сипатаймыз ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ
Оның атын кім дейміз?
- Шалбар жатыр қуыста,
Жейде жатыр бұрышта,
Бас киім мен бәтеңке
Бірге тұрса дұрыс па?!
Оның атын кім дейміз?
- Салақ бала бұл дейміз.
- Олпы-солпы кигені,
Қадамақ боп түймені,
Саусағына байқамай
Шаншып алды инені.
Оның атын кім дейміз?
- Олақ бала бұл дейміз.
- Бірін түртіп жылатты,
Бірін шалып құлатты.
Аяқ-қолда тыным жоқ
Ала құйын сияқты.
Оның атын кім дейміз?
- Тентек бала бұл дейміз.
- Атқа қарғып мінбейді,
Суда жүзе білмейді.
Көше жарық болса да,
Жалғыз өзі жүрмейді.
Оның атын кім дейміз?
- Қорқақ бала бұл дейміз!
- Күнде ұйқысы қанбайды,
Жұмсағанға бармайды.
Теледидар алдында
...краннан көз алмайды
Оның атын кім дейміз?
- Жалқау бала бұл дейміз!
Ақылбек Қожаұлы
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру