3. Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен_Қаратпа сөз_Дидактикалық материалдар


2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы: Қаратпа сөз

Қосымша № 1

Үлестірме материал

Бұзауларға уақытында су мен шөп бер.

Құстардың ұясын бұзба.

Ағаштардың түбін қопсытып, су құй.

Күркетауықтарға жем шаш.

Көгершіндерге тимеңдер!

Таң атпай қайдан келесің?

Хайуанаттар бағына барып көрдің бе?

Жолдан өтерде абай бол!

Қосымша №2

https://www.google.kz/search?q=%D2%9B%D0%BE%D1%80%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%96%D0%BA+%D1%82%D1%96%D0%B7%D0%B1%D0%B5%D0%BA&source=lnms&tbm=isch&sa=X&sqi=2&ved=0ahUKEwjO95uA8PrcAhUpl4sKHd5BDtAQ_AUICigB&biw=1012&bih=553#imgrc=7ZZbzFj6zaQiBM:

Қосымша №3.1

 Думан Астанада тұрады. Ол биыл тоғыз жасқа толады.

 Сабағын оқып бола саласымен Думан көк сандыққа көп телміреді. Ондағы көретіні таусылып бітпейтін кинолар емес, жасыл орманмен көмкерілген көркем жайлаулар мен алып тау сілемдері. Мұндай көріністер хайуанаттар туралы берілетін бағдарламаларда көп болады. Бірақ Думанға оның да ұнамайтын жерлері бар. Жаңа туған киіктің лағын жолбарыстың не қасқырдың бас салатыны тым аянышты. Ал шөлден қаталап келіп, өзенге бас қойған бұғыны қолтырауынның су астымен келіп, кеңірдектен ала түсетіні тіпті қорқынышты...

«Балдырған» журналынан

Қосымша 3.2

- Думанның бос уақытын өткізу тәсілін қолдайсың ба?

- Теледидардан қатыгездік орын алатын эпизодтарды көрсетілуіне қалай қарайсың?

- Думанға қандай мінездеме берер едің?

- Егер қоректік тізбек болмаған жағдайда табиғат қандай болар еді?

Қосымша №4

- Мәтін неше абзацтан тұрады?

- Әр абзац не туралы? Жоспар құр, не байқадың?

- Мәтіннің қай бөлігі жетіспейді?

Мәтін құрылымының сызбасы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу