Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат__Мазмұндама жазайық (пайымдау мәтіні)_Дидактикалық материалдар
1-тарау. Жанды табиғат.
Дидактикалық материалдар
Сабақ тақырыбы: Мазмұндама жазайық (пайымдау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері)
Қосымша №1
1-мәтін Кеше циркке бардым. Онда жолбарысты көрдім. Жолбарыстар тамаша өнер көрсетті. Олар артқы аяқтарымен тік тұрды. Содан кейін бір орындықтан екінші орындыққа секірді. Соңында лапылдаған оттары бар дөңгелектерден секірді. 2-мәтін
Кеше циркке бардым. Онда жолбарысты көрдім. Олар қандай әдемі, қандай күшті! Олардың терілері теңбіл-теңбіл. Көздері жап-жасыл, аяқтары жуан. Ырылдаған кезде аузындағы өткір тістері көрінеді. 3-мәтін
Кеше циркке бардым. Онда жолбарысты көрдім. Неліктен сондай күшті жануар адамды тыңдап, айтқанын істеп жүр? Н.Сламбекова. |
Қосымша №2
Семантикалық карта
|
Мәтінді мұқият оқы. Мәтіннен қаратпа және қыстырма сөздерді теріп жаз. Қаратпа сөз бен қыстырма сөздердің тыныс белгісін қой. Арқарға үлкен мүйіз неге керек? Қошан жер бауырлап келіп, құлжаны бақылауға кірісті. Құлжа маңғаз қалпы күнге жонын төсеп тұр. Тұрғанының өзі ерекше әдемі. Әлдене қыбырлағандай болды. Қошан солай қарай көз тікті. Жусап жатқан бір топ арқарды көрді. Бір кезде сақшыдай қалт етпей күзетте тұрған құлжа арғы жағына жалт қарағандай болды. Құлжа биіктігі арқан бойына жететіндей құлама жартастан төмен секірді. Сұрғылт дене екі аунап түсті. Қайтадан ұшып тұрып, зымырай жөнелді. - Ата мұнша биіктен секіргенде қалай өлмей қалды? - деді Қошан. - Байқамағансың-ау сірә балам. Арқар биіктен секірген кезде аяғымен емес, мүйізімен жерді сүзе құлайды да, кете барады. Арқардың мүйізінің үлкен болуының қасиеті де сонда,- деді атасы. К.Сегізбайұлы Қаратпа сөздер_____________________________________________________________ Қыстырма сөздер:___________________________________________________________ |
Қосымша №3
Қосымша №4
|
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру