Қазақ тілі және әдебиет 2 сынып 7 бөлім Табиғат пен қоршаған орта Жануарлар туралы әңгімелер оқу ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ №2
Дидактикалық материал
2 – сынып 4 – тоқсан
7 – бөлім Табиғат пен қоршаған орта
Cабақтың тақырыбы: «Жануарлар туралы әңгімелер оқу»
- Мәтіннің тыныс белгісін қойып көшіріп жаз.
Қазақтар аққуды киелі құс деп санаған аққу құсы әдемі, әрі ақ түсті болып келеді қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген олар жұп болып өмір сүреді егер жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі қайғырып өлуге барған.
1) Әдемі, қайғыру сөздерінің синонимдік қатарын жазып шығыңдар.
2) Мәтіндегі келесі сөздердің антонимдерін тауып жазыңдар.
Ақ –
Сұлу-
Өмір сүреді-
3) Ақ түсті тіркесіндегі түс сөзінің басқа мағынада қолдануына мысал келтір.
2. Мәтінді оқы.
Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі.Ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік етеді. Денесі тығыз, тұмсығы қысқа. Көгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған.
1) Халық, бейбітшілік сөздерінің синонимдік қатарын жазып шығыңдар.
2) Мәтіндегі келесі сөздердің антонимдерін тауып жазыңдар.
Қысқа –
Тыныштық-
Көп-
3) Жер бетіне тіркесіндегі бет сөзінің басқа мағынада қолдануына(омоним) мысал келтір.
3.Қарлығаш — адамның досы, жанашыры, қай кезде де қамқор боп жүретін адал құс. Қарлығаш әдеміліктің де символы. Қарлығаш қораға қонса, қой егіз туады, ақ мол болады. Ал егер үйге қонса, үй – жан басы көбейеді. Қарлығаштың ұясын бұзған баланың көзін дәуіт шұқып тастайды. Себебі, дәуіт пен қарлығаш ағайынды.
1) Дос, ағайынды сөздерінің синонимдік қатарын жазып шығыңдар.
2) Мәтіндегі келесі сөздердің антонимдерін тауып жазыңдар.
Дос-
Қон-
Бұз-
3) Қой сөзінің басқа мағынада қолдануына (омоним) мысал келтір.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру