Қазақ тілі және әдебиеті_2 сынып_7-бөлім Қоршаған орта_Қоршаған ортаны танып білемін_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім: Қоршаған орта

Мектеп: Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Көкшетау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қоршаған ортаны танып білемін

Осы сабақта қол жеткізілетін оқумақсаттары (оқубағдарламасы

на сілтемеу)

2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.2.1.1 мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу

Сабақ мақсаттары

Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Бағалау критерилері

  • Мәтін бойынша сұрақ қояды
  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды
  • Мәтінге тақырып қояды

 Тілдік мақсаттар

Менің ойымша, себебі

Құндылықтарды

дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, жаратылыстану, математика

Алдыңғы меңгерілген білім

Төрт түлік туралы өлеңдер оқимын

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

Мақсаты: оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, қызығушылықтарын ояту.

Шеңберге тұрып, бүгінгі сабақтан нені күтетіні туралы айтып шығады. Бір-біріне сәттілік тілеп, сабаққа көңіл бөледі.

(Ұ) мақсаты.

Сыни ойлауға, бір-бірімен ақпарат алмасуға, сөз таптары, сөйлем туралы білімдерін толықтыруға баулиды.

Тапсырма: оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім оқушыларға әріптер таңдап алуын сұрайды.

Соған сәйкес жануар немес құстың атауын сұрайды.

Таңдаған жануарды бір сөзбен сипаттауын сұрайды.

Түлкі қандай-қу

«Қайда өмір сүреді?» сұрағына жауап беру

Түлкі орманда өмір сүреді.

-балалар біз не туралы әңгімелестік?

Оқушы жауабын негізге ала отырып, сабақтың тақырыбын анықтайды.

Мақсатымен таныстырады.

Бағалау критерийлерімен таныстыру.

презентация

Сабақтың ортасы

7 мин

3 мин

3 мин

5 мин

5 мин

7 мин

2 мин

(Ұ,Т) Оқулықпен жұмыс.

Мақсаты: мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.

Оқулықпен жұмыс.(94 бет)

Суретке назар аударыңыз.

Ертегіні тізбектей оқыңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  • - Ертегі не туралы?
  • - ертегі кейіпкерлерін атаңыз.
  • - сіз қай кеіпкерді таңдар едіңіз? Неліктен?

(Ұ)Мазмұны бойынша жоспар құр.

Мақсаты: әрбір оқушының ойын тыңдай отырып, ортақ шешімге келе білуге дағдылану.

/оқушылар ұжыммен ортақ жоспар құрады/.

(Ө) Кестемен жұмыс.

Мақсаты: өз ойын тиянақты түрде кестеге түсіре білу, мәтін бойынша алған білімін қорыту, анықтау.

Оқушыларға кесте таратылып беріледі. Оқушылар өздік жұмыс ретінде кестені толтырады.

Мәтін бойынша сұрақ құрыңыз

Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз

Мәтінге тақырып қойыңыз

(Ж, Ұ) Оқушылар толтырылған кестелерін жанында отырған жұбымен ауыстырады, жауаптарының дұрыс не бұрыстығы қарастырылады, ұсыныстар айтылады, талқыланады.

(Т) мақсаты: сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын дамыту.

Қарлығаш, піл, Әлем сөздерін қатыстырып сөйлем құрау.

Сөйлем мүшесіне талдау.

Бағалау критерийі:

Оқушы өзін өзі бағалайды.

  • Әрбір дұрыс жауапқа 1 баллдан беріледі.
  • Шығарған өлең жолдарын оқиды. Бірін-бірі бағалайды.

Оқулық

кесте

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия:

-Сабақ ұнады ма?

-Не қызықты болды?

-Не қиын болды?

-Өздеріңнің түсініктеріңді басбармақ арқылы көрсетіңдер. Сабақтағы іс-әрекеттеріңді смайлик таңдау арқылы көрсетіңдер.

Әртүрлі іс-әрекеттегі смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

 Топтық жұмыс барысында

Қалыптастырушы бағалау арқылы

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Денсаулық сақтау технологиялары.Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Жұптық жұмыста нақты, мағыналы сұрақ қояды. Жұптасының сұрақтарына толық жауап береді.

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу