Мазмұнын айта аламын ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мазмұнын айта аламын. Төлебидің батасы.

Оқу

мақсаттары

2.2.1.2 мәтінді іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу

Сабақ мақсаттары

Мәтінді іштей түсініп оқиды. Мәтіндегі қажетті ақпараттарды белгілейді. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Мазмұнын айтады.

Бағалау критерийлері

  • Мәтінді іштей оқып, қажетті ақпаратты белгілейді;

 Тілдік мақсаттар

«Баяғы бір заманда..., одан кейін...., кенет..., сол кезде...», тұсаукесер, бесік жыры, шілдехана, байғазы, т.б. сөздер мен терминдерді қолданады.

 Құндылықтарды дарыту

 - қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

 - құрмет;

 - ынтымақтастық;

 Пәнаралық байланыстар

Дене шынықтыру, ғылымға кіріспе, дүниетану пәнімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Қаз,қаз басқан сәбиім! өлеңі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

3 минут

5 минут

І. Психологиялық ахуал.

Мақсаты: Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, жағымды көңіл-күй тудыру.Өмір бойы білім алуға бағыттау.

Оқушылар шеңберге тұрып, өлең жолдарын бірге қайталайды.

  • Біз бақытты баламыз,
  • Ойнап ,күліп аламыз.
  • Жетілсін деп санамыз,
  • Оқып білім аламыз.

(МК, Ұ) Аудиожазбаны тыңдау

Мақсаты:Сабақтың тақырыбын ашу арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.

-Балалар, сөздерге назар аударыңдар?

-Оларды бір сөзбен не деп айтамыз?

-Дұрыс айтасыңдар, ендеше бүгінгі сабағымыз да салт-дәстүрлермен байланысты болмақ.

(Т,Қ)Өткенді қайталау

Мақсаты:Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіріп, пысықтау.

Оқушыларға 4 дәстүр жазылған қима карточкаларды таңдау ұсынылады.Карточкада жазылған дәстүрді еске түсіріп, топта талқылап, айту тапсырылады.

1-топ:Байғазы

2-топ:Бесік той

3-топ:Тұсау кесу

4-топ:Тілашар.

Оқушылардың жауаптары толықтырылады.Оқушылар бір-бірін шапалақтау арқылы бағалайды.

-Барлық салт-дәстүрлермен байланысты тағы да бір дәстүр бар.Ол барлық тойларда, мерекелерде болатын дәстүр?

- Қандай деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Қалай ойлайсыңдар, қандай жетістіктерге жетеміз?

Оқушылардың жауаптарын критерийлер ретінде тақтаға жазамын.

Слайд

Аудиожазба

Үлестірмелі парақтар

5 мин

7 мин

5 минут

7 мин

5 минут

(МК,Ұ)Сөздік жұмыс

-Тақтадағы сөзге назар аударыңдар.

-Қалай ойлайсыңдар, «бата» дегеніміз не?

БАТА – ТІЛЕК

Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер билер болып келеді. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған.

-Қай әңгімеде біз тілек,бата айтқаны туралы оқыдық?

-Әжей кішкентай балаларға қандай тілек айтты?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау

(Ұ,Ө)Мәтінмен жұмыс. Әдебиеттік оқу, 46-бет

Мақсаты: Мәтінді түсініп оқу.Тақырыбы бойынша негізгі ойды анықтау.

Оқушыларға мәтінді тізбектеп оқыту.Оқу барысында қажетті сөздерді белгілеу.

(Т,Ұ,Қ) «Бізден сұрақ, сізден жауап» ойыны Мақсаты: Сұрақ-жауап арқылы мәтіннің мазмұнын талдап, оқушылардың түсініктерін анықтау. Тапсырма:Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырыңдар, қойған сұраққа жауап беріңдер.

Оқушылар бір-бірінің жауаптарын басбармақ арқылы бағалайды.

(Т,Қ)Карточкамен жұмыс

Мақсаты:Мәтіннен негізгі ақпаратты таба білу қабілеттерін дамыту.

Тапсырма:Мәтіннен ақпаратты тауып, кестені тотырыңдар.

Жетес деген кім?

Төлеби деген кім?

Жетестің жасы нешеде?

Төлебидің жасы нешеде?

Жетес не сұрады?

Төлеби не деп жауап берді?

Оқушылар жауаптарды тақтадағы нұсқадан тексереді.Өздерін бағалайды.

(Ө) Дәптермен жұмыс 21-бет 1-тапсырма

Мақсаты: Мағыналас сөздерді анықтай алу қабілеттерін бағалау.

Тапсырма:Мағыналас сөздерді тап.Оларды бір қатарға жаз.

Дескрипторлар:

-Бата сөзіне мағыналас сөздерді анықтады;

-Ақыл сөзіне мағыналас сөздерді анықтады;

-Білім сөзіне мағыналас сөздерді анықтады.

Жоғарғы балл-3 балл.

Оқушылар бір-бірін жұпта отырып, бағалайды.Дұрыс болса жасыл, дұрыс болмаса сары жолақтың суретін салады.

Слайд

Оқулық

Кестелер

Жұмыс дәптерлері

Соңы

3 мин

Рефлексиялық-бағалау кезеңіКері байланыс:Бағалау критерийлері бойынша кері байланыс жасау.

Өзін-өзі бағалау:

Стикерге өздерінің атын жазып, баспалдақтағы орнын анықтайды.

Сабақты «Қазағмның дәстүрлері-ай» әнімен аяқтаймыз.

Түрлі стикерлер арқылы өздерін бағалайды.

 

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар өз бетінше мазмұнын айта алады.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу