Қазақ тілі және әдебиеті 2 сынып 4 бөлім Айналамыздағы дүние Әлем жайлы әңгіме оқу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім. Айналамыздағы дүние | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: 2 - тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | |||||
Сынып: 2 | Қатысқаны: Қатыспағаны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Әлем жайлы әңгіме оқу | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | О1 Ақпаратты түсіну 2.2.1.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебі мен кейіпкерлердің өзгеруін түсіндіреді. О4 Сұрақтар қоя білу және бағалау 2.2.4.1 Өз тәжірибесімен байланыстыра отырып, оқиғалар, кейіпкерлер туралы сұрақ қоя біледі және пікір айта бастайды. | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың мәнерлеп оқуына ықпал ету; Сұрақтарға толық жауап беруге дағдылану. | |||||
Жетістік критерийлері | Оқиғалар, кейіпкерлер мен идеялар туралы сұрақ қойып, пікір айта алады; | |||||
Сөздік қор
| Мәтіндер оқу, сұрақтар қою, топпен жұмыс барысында оқушылардың жыл мезгілдеріне байланысты сөздік қорлары молаяды. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Табиғатқа деген сүйіспеншіліктері артады, әдептілікке, ұқыптылыққа бейімделеді. Топпен және жұппен жұмыс барысында оқушылар ұйымшылдыққа, бірін-бірі тыңдауға, өз пікірін білдіруге үйренеді. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Сергіту жаттығуларын жасау кезінде дене шынықтыру және музыкамен байланыс болады. Дүниетану пәнімен байланыс көрініс табады. | |||||
АКТ | АКТ-да жыл мезгілері туралы суреттер көрсетіледі. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен шағын мәтін құрастырып жазды. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) Оқушылар көңілді шеңберге жиналып, біріне-бірі «Айналамыздағы дүние» тақырыбында сұрақтар қояды. |
| ||||
Сабақ ортасы 25 минут | (МК) Сыныпқа «Жыл мезгілдері» жайында әңгіме оқып беру. Ең алдымен, әңгіменің тақырыбы дауыстап оқылады. Оқушылардан тақырыпқа қарап, әңгіменің не жайында болатынын, қандай ақпарат беретінін сұрау. Әңгімені толығымен дауыстап оқып беру. Оқушының сұрағына қарай жаңа сөздерді қолайлы әдісті қолданып үйрету. Мысалы: мәнмәтін, дыбысталу немесе синтаксис. Оқушылар сюжетпен танысып, оқиға болған жер мен оқиға кейіпкерлерін жақсылап танулары үшін әңгімені бірнеше рет тізбектеп оқып шығады. (Ө,Қ) Сұрақтарға жауап іздейді.
(Ұ) Ойын «Орнын тап» Шарты: Жыл мезгілдері мен ай аттары әуен ырғағымен адасып ойнап жүреді. Әуен тоқтаған кезде қыс, көктем, жаз, күз адасқан ай аттарын орындарына қойып шығады. Есте сақтау үшін ай аттарын қайталайды. (Т) Топқа бөлінген оқушыларға тапсырмалар ұсынылады. 1 топ. Қыс. Сурет бойынша әңгіме айту. 2 топ. Көктем. Сөзжұмбақ шешу. 3 топ. Жаз. Ребус шешу. 4 топ. Күз. Сахналау. Әр топ берілген тапсырманы ортаға шығып қорғайды. (Ұ) Сергіту сәті. (Ө) Дәптерге ай аттарын жазып шығу. | Суреттер | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия
|
| ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Әр оқушының жауабы мадақталады. Қабілеті жоғары оқушыларға ертегіні сахналау ұсынылады. | Оқушылардың сұраққа жауап беруі, топта өз пікірін айту дағдылары бағаланады. | Сергіту сәті өткізіледі. Топпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері айтылады. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру