Қазақ тілі мен әдебиеті 2 сынып 4 бөлім Менің туған өлкем Тірек сөздерді, суреттерді пайдаланып постер құрастыру. Менің Қазақстаным ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқа мерзімді жоспар
| Мектеп: Талдықорған қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні : Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Тірек сөздерді, суреттерді пайдаланып постер құрастыру. Менің Қазақстаным | |||||||||||
Оқу мақсаттары | 2.3.6.1* мұғалімнің қолдауымен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер /хабарлама/калиграмма құрастыру | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Мұғалімнің қолдауымен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер құрастыруды үйренеді | |||||||||||
Бағалау критерийлері | тақырыпқа сәйкес постер жасайды; сөздер мен суреттерді орынды қолданады; шығармашылық жұмысын қорғайды. | |||||||||||
Сөздік қор | Постер , тірек сөздер | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Әдебиет пәнімен байланыс | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Түрлі ақпараттармен жұмыс жасап, ой қорытуды біледі. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Қызығушылықты ұйымдастыру 2 минут | Психологиялық дайындық «Менің Қазақстаным» бейнежазбасын көрсету. Сабақ тақырыбын, мақсатын болжам жасату. | Минусовка https://itube.kaztrk.kz/videos | ||||||||||
Сабақ басы 5 мин | (Ө, Қ) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасау білігін бағалау (Т) Қима қағаздарға жазылған сөздерді топтастыру арқылы топқа бөліну. «Әсем қалалар» тобы «Табиғат кереметтері» тобы Берілетін сөздер: Астана, Талдықорған,көл, дала, Семей, Қарағанды, өзен,орман,қырат, Тараз,Орал, Ақтөбе,Шымкент,тау,шөл,бөктер,Атырау,үстірт,шатқал. Табиғат көрінісін бейнелеуге қажетті сөздер және сөз тіркестерін,сюжетті суреттерді оқушыларға таңдату. Оларға постер құруға уақыт беру. Тірек сөздер: кең дала, биік таулар, өзен-көлдер, зәулім үйлер, жануарлар әлемі, өсімдіктер, әсем қалалар т.б.
(Т) Синквейн әдісімен Қазақстан тақырыбында өлең құрастырту Бұл сөзді, суретті, заттың көлемін, түсін неліктен және қалай таңдағандарын түсіндіріп беруді сұрайды. Қалыптастырушы бағалау |
Бағалау критерий | ||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | (МК) Кері байланыс. Жұмысты орындауда не қиын, не жеңіл болды? Неліктен? + Мен ................ үйрендім. -Маған .............. қиын. Өз-өзін бағалау Оқушылар өз жетістіктерін «Жетістік ағашына» стикерді таңдап, жапсыру арқылы бағалайды. | Жетістік ағашы, түрлі-түсті стикерлер | ||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар ережелерді, сұрақтарды өз бетінше құра алады. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру