Қазақ тілі мен әдебиеті 2 сынып 2 бөлім Менің отбасым және достарым Бауырым. Дос ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқамерзімді жоспар

Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім. Менің отбасым және достарым

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құру, тірек сөздерді пайдаланып, мазмұндама жазу. Бауырым. Дос.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.3.4.1* Мұғалімнің қолдауымен оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құру және тірек сөздерді пайдалана отырып, мазмұндама жазу.

2.3.7.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып түзету және құраған сөйлемін толықтыру.

 Сабақ мақсаттары

Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздер бойынша негізгі ойды анықтау, жоспар құру, мазмұндама жазу.

Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып түзету.

 Бағалау критерийлері

Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздер бойынша негізгі ойды анықтайды, жоспар құрады, мазмұндама жазады.

Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып түзетеді және құраған сөйлемін толықтырады.

 Тілдік мақсаттар

 

Дос, достық, адал достық

 Құндылықтарды дарыту

 

Жалқау болмай, еңбек ету; өзгелерді құрметтеу; ұйымшыл болу; достық қарым-қатынас жасау.

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік/

 /интернационализм

Еңбек және шығармашылық

 Пәнаралық байланыстар

Өзін- өзі тану, еңбек пәндерімен байланыс

 АКТ қолдану дағдылары

Мақал- мәтелдер

Бастапқы білім

Отбасы, отбасындағы қамқорлық, мейірім туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.

Аспанда күн ыстық

Ал жерде кім ыстық

Әке мен шешеміз

Сүйікті тым ыстық

Жасасын туыстық!

Достық пен тыныштық.

Сабақтың ортасы

25 мин

Достық туралы мультфильм көру.

Мультфильм бойынша сұрақтар.

 Аяқталмаған ойын

  Ауылдың шетi. Қарлы төбешiкке су құйылып, сырғанақ жасалған.

 Бiрнеше бала сырғанақ теуiп жүр. Олардың iшiнде ағайынды Ахметовтер де бар. Ақан мен Асан екеуi бiр шанаға отырып, төбеден төмен зымырайды. Беттерi қызара бөртiп, сырғанап ойнаудан жалығар емес. Ақан мен Асан төбе басына шықты. Шананың алдына Асан отыратын. Ол абайсызда шанадан айырылып қалды. Бос шана төмен қарай сырғанай жөнелдi. Алысқа барып бiрақ, тоқтады.

 – Ақан, сен барып шананы алып кел, – дедi iнiсiне Асан.

 – Мен бармаймын. Шанаға ие бола алмаған өзiң, сен бар, – дедi Ақан.

 – Жоқ, сен барасың. Сен менен кiшiсiң, – дедi Асан.

 – Бармаймын. Үлкенмiн деп, жұмсай бересiң, шананы да үнемi мен сүйреймiн.

 Сөзi етпеген Асан ашуланып төменге түстi. Шананы жетектеген бойы төбеге емес, үйiне қарай бет алды. Ақан не iстерiн бiлмей, төбе басында аңырып тұр.

 Тiл табыса алмаған Ахметовтердiң ойыны осылай аяқталмай қалды.

(Ө, Т;Ү) Бейнематериалды тамашалау, сюжет бойынша заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді жазу, Жұпта сөз тіркестерін құрастыру. Топта сөз тіркестерін ортаға салып, сөйлемдер құрастыру, Мазмұны бойынша сөйлемдерді мағыналық байланысты орналастыру.

Әр топтың өз жұмысын таныстыруы.

(МК, Ж.Ө) Бейне материал мазмұнын кеңесіп жазу. Өз бетінше аяқтау.

Мазмұндаманы тексеру критерийлері:

  • жоспарға сәйкес;
  • тірек сөздер қолданылған;
  • сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі сақталған;
  • сөйлемдер өзара байланысты құрастырылған;
  • сөйлемнің жазылу емлесі сақталған;
  • каллиграфиялық талаптар сақталған;
  • орфографиялық қателер жіберілмеген.

Достық туралы мультфильм: https://www.youtube.com/watch?v=S-kHy-FjQvI

Сабақтың соңы

2 мин

Қорытынды.Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып түзету және құраған сөйлемін толықтыру.

Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» стикерді жабыстыру.

Сабақта екі ұнаған сәтті және бір ұсыныс жазады.

Дифференциация – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу