Гюйгенс принципі. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.
| Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 11 |
| ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Гюйгенс принципі. | ||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | - Гюйгенс принципі арқылы жарықтың сынуын түсіндіру | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Гюйгенс принципі арқылы жарықтың сынуын түсіндіру. | ||||||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсінулері және қолдана алулары керек: нормаль, түскен сәуле, сынған сәуле, түсу бұрышы, сыну бұрышы және оларды диаграммаларда белгілей алу. Олар жарық сәулесінің әртүрлі мөлдір ортаға өткенде қалай сынатынын ауызша және жазбаша түсіндіре алулары керек. Арнайы пәндік лексика және терминология: нормаль (сызық), түскен сәуле, сынған сәуле, түсу бұрышы, сыну бұрышы, бөліну шекарасы, орта/орта Сөздік
Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері: Бір ортадан екінші ортаға өткенде жарық сәулесінің жылдамдығы өзгереді. Оның нәтижесінде жарық сәулесінің бағыты өзгереді. Жарық екі орта шекарасына перпендикуляр бағытта түссе ол өзініӊ бағытын өзгертпейді, яғни сынбайды. Гюйгенс принципі бойынша толқындық беттің әрбір нүктесі екінші толқын көзі болып табылады. | ||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
| ||||||||||||||||||||||||||||
Пән аралық байланыстар | Геометрия | ||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ-ның көмегімен көріп есте сақтау дағдылары дамыйды | ||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Жарықтың сыну заңы | ||||||||||||||||||||||||||||
САБАҚ БАРЫСЫ | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-8 мин 8-12 мин 12-20 мин 20-28 мин 28- 33 мин 33-38 мин | Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау. Алдыңғы білімдерін жаңғырту Сыныпқа фронтальды сұрақтар қою арқылы 8 сыныпты қарастырылған заңдарды еске түсіру:
Жарықтың сыну заңын тұжырымдаңыз Ой қозғау Оқушыларға жарықтың сынуына демонстрация көрсетіледі. Прблемалық сұрақ: Нені байқап тұрсыздар? Стақанға тұрғызылған сызғыш ауа-су шекарасында сынған сияқты көрінеді. Себебі неде деп ойлайсыздар? Оқушылардың жауаптарын негіздей отырып сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын жариялау. Теориялық білім Оқушылар қатарға тұрып, бір-бірлерінің қолдарын ұстап едендегі сызық бойынша қозғалады. Әр оқушы сызыққа жеткен кезде артқа жарты қадам жасау керек. Қалған оқушылар өзгерісті байқап, болжам нәтижемен салыстырады. Қорытынды тұжырым арқылы Гюйгенс принципіне келу:
Топпен жұмыс. Оқушылар қатар бойынша екі топқа бірігеді. 1 топ тапсырмасы: Гюйгенс принципі негізінде жарықтың шағылу заңын талдап, екінші топқа түсіндіру. 2 топ тапсырмасы: Гюйгенс принципі негізінде жарықтың сыну заңын талдап, бірінші топқа түсіндіру Өзара түсіндіру. Топтар бір-біріне түсіндіреді. Талқылайды. Сұрақтар қояды. Қорытындылайды. Бекіту тапсырмасы. Оқушылар тапсырманы жұппен орындайды: 1.Explain what is meant by Huygen’s principle. Use the principle to show that a plane wave incident obliquely on a plane mirror is reflected:
2.*A beam of light is refracted at the boundary of two media. Using Huygen’s principle show how the ratio of the sine of the angle of incidence to the sine of the angle of refraction is related to the speeds of light in the two media. Орындап болған оқушыларға дұрыс жауаптары беріледі. Оқушылар өздерін өздері бағалайды. Мұғалім оқу мақсаты бойынша, оқушыларға кері байланыс береді Оқушылар ҚБ тапсырмасын орындайды Кері байланыс беру | Суы бар стақандағы қарындаш; Бос ыдысқа салынған монета. Презентация (1-3 слайд) (4 слайд) Үлестімелі қағаз 1 А3, фломастер, сызғыш, транспортир, ноутбук Үлестімелі қағаз 2 Үлестімелі қағаз 3 | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | Сабақ соңында оқушылар «Синквейн» рефлексиясын жүргізеді: 5 жол өлең: 1 зат есім 2 сын есім 3 етістік 4 сөйлем 5 синоним Үй тапсырмасы: Оқулық бойынша тақырыпты оқу | ||||||||||||||||||||||||||||
Саралау Барлық оқушылар:
Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың сынуын түсіндіреді. Көпшілігі: барлық тапсырмаларды орындауда Гюйгенс принципін қолданады; Кейбір оқушылар: Өз ойын еркін, тұжырымды жеткізеді. | Бағалау – қалыптастырушы бағалау, зертханалық жұмыс істеу барысында өз ара бағалау
| Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы Физика кабинетінде қауыпсіздік техника ережесін сақтау керек. | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттарыдұрысқойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.