Зертханалық жұмыс № 1. Трансформатор орамаларындағы орамдардың санын анықтау. Физика, 11 сынып, дидактикалық материал.
Зертханалық жұмыс: Трансформатор орамындағы орам санын анықтау
Мақсаты: Айнымалы ток тізбегіне қосылған трансформатордың өзегіндегі орам сандарын анықтау.
Құрал жабдықтар: Трансформатор, айнымалы ток көзі, айнымалы кернеуге арналған волтьметр, өткізгіш сымдар, жекеленген ұзын сым.
Теориясы: Трансформатор – кернеулі айнымалы токты жиілігін өзгертпей басқа кернеулі айнымалы токқа түрлендіретін статикалық электрмагниттік құрылғы. Трансформатордың бос жүріс кезіндегі жұмыс тәртібінде кернеулердің қатынасы оның орам сандарының қатынасына тең болады. кернеулерді вольтметрдің көмегімен өлшеуге болады, ал бірінші орамадағы саны белгілі болса, орам саны белгісіз. Оларды анықтау үшін трансформатордың зая жүрісі ескере отырып, бірінші және екінші реттік орамалардағы кернеулердің қатынасы олардағы орамдар санының қатынасына тең болатынын қолданамыз.
Трансформатордың жұмыс істеу принципі электро-магниттік индукция құбылысына негізделген. Трансформатордың барлық орамалары бір-бірімен индуктивті түрде, ортақ магнит өрісімен байланысқан.
Бір катушка айнымалы ток тізбегіне қосылады, оны бірінші реттік орама (катушка) дейді. Екінші катушкаға тұтынушы, яғни электр қондырғыларын қосады. Оны екінші реттік орама (катушка) деп атайды. Бірінші реттік орамалардағы айнымалы ток магнитөткізгіште айнымалы магнит ағынын, ал екінші реттік орамалардағы өзараиндукция электр қозғаушы күш (ЭҚК) тудырады.
Сонымен, трансформатордың зая жүрісі ескере отырып,
аламыз, мұндағы — трансформация коэффициенті, яғни екінші және бірінші реттік катушкалардың орам сандарының қатынасына тең шама. Трансформатордың зая жүрісінде .
Егер болса, трансформатор төмендеткіш,
ал болса, , бұл трансформатор жоғарылатқыш деп аталады. Жоғарылатқыш трансформатордың бірінші реттік катушкасының орам саны екінші реттік катушканың орам санынан аз, ал төмендеткіш трансформаторда керісінше.
Жұмыс барысы.
- Суретте көрсетілген тізбекті берілген құрал –жабдықтар көмегімен құрамыз.
- Вольтметрдің көмегімен барлық орамадағы кернеулерді кезекпен өлшеп аламыз.
- Бірінші орамындығы орам санын анықтап аламыз.
- орам сандарын төмендегідей формуламен есептейміз: .
- Өлшеу мен есептеу нәтижелерін кестеге жазамыз.
- Абсолют ж/е салыстырмалы қателіктерді анықтаймыз:
Қорытынды:
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.