Магнит өрісі. Тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі. Ампер тәжірибелері. Магнит индукция векторы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4A бөлім: Магнит өрісі

Мектеп: Павлодар ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні: Каримова Н.Б.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Магнит өрісі. Тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі. Ампер тәжірибелері

Магнит индукция векторы.

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

- магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері (магнит тірегіндегі поезд және т.б.) мен есептер шығару арқылы түсіндіру;

 Сабақ мақсаттары

- тогы бар екі параллель өткізгіштердің өзара әрекетін түсіндіру және күштің бағытын анықтау.

- магнит өрісінде тогы бар өткізгішке күш әсер ететінін түсіну;

- сол қол ережесін және F=BILsinα формуласын білу және қолдану;

- магнит индукция мен оның өлшем бірлігінің физикалық мағынасын түсіну;

- магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері мен есептер шығару арқылы түсіндіру.

Бағалау критерийлері

Магнит өрісінің күштік сипаттамасын біледі және бағытын көрсете алады.

Магнит индукция векторының өлшем бірлігін ХБЖ-де сипаттай алады.

Сол қол ережесін қолданылуын түсінеді, сипаттай алады.

Ампер күшінің, ток күшінің, магнит индукция векторының бағытын анықтау үшін сол қол ережесін қолдана алады.

Ресурстарды талдай отырып, тәуелді шамаларды нақты анықтайды

Тәуелділікті анықтау үшін әдіс-тәсілді тиімді қолданады.

Қарапайым тізбек құрастыра алады

Математикалық білімін тиімді қолданып, F=BILsinα формуласын түрлендіре алады.

Параллель токтардың өзара әсерлесуін болжап, салыстыра алады.

Параллель токтардың арасындағы күштің бағытын сызба арқылы көрсетіп, қолданысын бағалайалады

 Тілдікмақсаттар

 

Сол қол ережесі…..

магнит өрісінің бағыты….

тогы бар өткізгіш…..

Сөз тіркестері:

Бас бармақ … білдіреді

Сұқ саусақ … білдіреді

Ортаңғы саусақ … білдіреді

Магниттік күш … перпендикулярлы

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті үнемі есте сақтау; Жұппен жұмыс істеу барысында бір біріне құрмет көрсетуді ұмытпау; Сыныпта жұмыс жасағанда ынтымақтастық атмосферасын қадағалау; Оқушылар өз пікірін білдіргенде ашықтықты ескеріп барлық оқушы пікірлерін тыңдау; Еңбек және шығармашылық нәтижесінде мақсатқа жететінімізді еске салу; мектептегі тақырыпқа сай іздену қажеттігін, өмір бойы білім алу керектігін білу.

Пәнаралықбайланыстар

Математика: синустар мен косинустар.

Өлшеулер барысында өлшем бірліктермен жұмыс жасауда, қателіктерді есептеуде математикалық амалдар қолданылады.

 АКТ қолдану дағдылары

ВАС эталондарын көрсету үшін интерактивті тақта қолданылады. Bilimland.kzсайтынпайдалану.

Бастапқы білім

8 сынып: магнит өрісі

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру:

Сәлемдесу. Сабақ барысымен таныстыру, сабақтағы бағалау жүйесімен таныстыру.

Мен тілеймін (бас бармақтарымен түйістіру);

Сәттілік (сұқ саусақпен түйістіру – балан үйрек);

Жақсы нәтиже (ортаңғы саусақты түйістіру- ортан терек)

Жақсы көңіл-күй (шылдыр шүмек);

Барлық кезде (кішкентай бөбек );

Салем (алақанмен түйістіру)

Сабақтың ортасы

5 мин

20 мин

15 мин

10 мин

10 мин

10 мин

Оқушыларыдың алдынғы білімін жаңғырту мақсатында жалған – ақиқат кестесі, сәйкестікті табу.

Мағынаны тану: Зерттеу жұмысы "Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін оқып үирену".

Түзу токтың айналасындағы кеңістікте магнит өрісінің бағыты мен тогы бар катушканың байланысын орнату.

Дескрипторлар:

  • Тәуелділікті сипаттап, түсіндіре алады.
  • Ресурстарды талдай отырып, тәуелді шамаларды нақты анықтайды
  • Тәуелділікті анықтау үшін әдіс-тәсілді тиімді қолданады.
  • тәжірибе жүргізуге әсер ететін фокторларды анықтау,
  • тәжірибені жақсарту жолдарын ұсыну

Құрал-жабдықтар: Жалғағыш модуль, Кілт, Катушка, 400 орам

Қысқыш "крокодил", Жалғағыш штекерлер ,U-тәрізді өзекше

Жалғағыш сым ,Жолақ магнит, Батарейка,Ток көзі, Мыс сым.

D) Күшті магнит полюстері арасындағы ұзын өткізгіш сымдарын пайдалана отырып тогы бар өткізгішке күштің әсерін («тебілу әсерін») көрсету. Сымда тұрақты ток ағыны қосылған кезде магниттік өріс пен токтың екі сызығына да 90 градустық бұрыш бағытында «секірулер» басталады. Бұл бағытты сол қол ережесінің көмегімен анықтауға болады.

Демонстрация

(E) Жіңішке оқшауланған сымның кесіндісін батырмалы ажыратқыштың көмегімен тізбекке жалғап, қарапайым тәжірибені жүргізу немесе видео көрсету. Егер де өткізгіш сым тұрақты магниттердің полюстері арасымен өтетін болса, ажыратқыш тұйықталған кезде ол секіретін болады. Егер де ажыратқыш тез арада сөндірілмесе, ол қызатындығын және ток көзі элементтері де қызатындығын есте сақтаңыз!

-ферромагниттік заттарды тарту үшін тұрақты магниттер мен электромагниттерді пайдалану және электромагниттің күші ол арқылы өтетін токқа тәуелді екендігін көрсету.

Магнит өрісін көрсету және Жердің магниттік өрісін оқып үйрену үшін компастардың қалай қолданыла алатындығын көрсету.

Соңында тогы бар өткізгіштің өз айналасындағы кеңістікте магнит өрісін тудыратынын (Эрстед тәжірибесі) көрсету

Оқушыларды топқа сөздерді жинақтау арқылы біріктіру

І топқа Магнит өрісі білім ленд сайтынан магнит өрісі http://bilimland.kz/kk/home#lesson=11035

ІІ топқа Ампер заңы білім ленд сайтынан өткізгіштер туғызатын э/м өріс http://bilimland.kz/kk/home#lesson=11102

ІІІ топқа Магнит өрісінің күш сызықтары білім ленд сайтынан өткізгіштер туғызатын э/м өріс 3/13 http://bilimland.kz/kk/home#lesson=11102

ІV топқа Эрстед тәжирісі білім ленд сайтынан өткізгіштер туғызатын э/м өріс 6/13 http://bilimland.kz/kk/home#lesson=11102

V топқа Оқушыларға заманауи техниканың жетістіктері (магнит тірегіндегі поезд және т.б.)

Оқушылар ортаға салып қорғайды

(f) Алған білімдерін бекіту мақсатында топпен F = BILsinα теңдеуінің көмегімен күшті табуға сандық есептер шығару

Өлшем бірлікті көрсету үшін формуланы пайдалану. Қорытындылау , 1 Н / A бұл 1 Tл (тесла).

Жаңа материалды бекіту (формативті бағалау)

І топ

Актив бөлігінің ұзындығы 5 см болатын өткзгішке 50 мН күшпен әсер ететін магнит өрісінің индукциясы қандай? Өткізгіштегі ток күші 25 А. Өткізгіш магнит өрісінің индукциясына перпендикуляр орналасқан.

ІІ топ

Біртекті магнит өрісінде индукция сызықтарына 300 бұрыш жасай орналасқан ұзындығы бойымен 3 А ток өтіп жатқан өткізгішке 9 Н күш әсер еткендегі магнит өрісі индукциясы

ІІІ топ

Индукциясы 0,4 Тл біртекті магнит өрісіне перпендикуляр орналасқан актив ұзындығы 0,5м өткізгішке 2Н күш әсер еткенде, ондағы ток күші?

ІV топ

Индукциясы 7,5 Тл біртекті магнит өрісіндегі түзу өткізгіш арқылы 4 А ток өткен кезде ұзындығына 3 Н күш әсер ететін болса, оның магнит күш сызықтарымен жасайтын бұрышы?

Бағалау критерий

  • Тапсырманы толық орындады – 3 ұпай
  • Қателіктері болды – 2 ұпай
  • Берілгенін жазады, бірақ мүлдем орындай алмады – 1 ұпай

Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау, шешімін табу.

Тест тапсырмасын орындау, түсіну дәрежесін презентация арқылы тексеру

Ампер күшінің, магнит өрісінің бағытын, мәнін анықтайтың ағылшын тілінде деңгейлік есептер шығару

Кеспе қағаз

Жалғағыш модуль, Кілт, Катушка, 400 орам

Қысқыш "крокодил", Жалғағыш штекерлер ,U-тәрізді өзекше

Жалғағыш сым ,Жолақ магнит, Батарейка,Ток көзі, Мыс сым.

http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/ocr_gateway_pre_2011/living_future/5_magnetic_field1.shtml

http://www.youtube.com/watch?v=U9RezsWnPYs

http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10870

https://www.youtube.com/watch?v=T8QqfytAjJo

http://www.youtube.com/watch?v=9Wby4aHyXJQ

http://www.youtube.com/watch?v=Ue6S8L4On-Y&feature=related

Кеспе қағаз

Кеспе қағаз

Кеспе қағаз

Сабақтыңсоңы

5 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

«сабақтан алған әсерім»;

«сабақтың ұнамаған тұстары».

Үй тапсырмасын беру: §10.1, 10.2 оқу қайталау

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: Магнит өрісінің қасиеттерін. Ампер кұшінің мағынасын. Параллель токтардың өзара әсерлесуін болжап, салыстыра алады.

Көпшілік оқушылар Математикалық білімін тиімді қолданып, F=BILsinα формуласын түрлендіре алады.

Параллель токтардың арасындағы күштің бағытын сызбада көрсетіп, қолданыады

Кейбір оқушылар: Күрделі есептерді шығара алады

Фронталды талдау;

сыныппен бағалау;

зертханалық жұмыс

Физика кабинетіндегі ҚТ. Электр құрылғылармен жұмыс істеу ҚТ. Оқушыларға тоқ көзіне қосылған құралменен жұмыс жасағауда сақ болуды ескерту

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.