«Тұрақты ток» тақырыбын қорытындылау. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3ВТұрақты тоқ

Мектеп: ФМБ НЗМ Орал қ.

Мұғалімнің аты-жөні: Конурова А. М.

Күні:

Сынып: 10

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар

саны:

Сабақтың тақырыбы

«Тұрақты ток» тақырыбын қорытындылау.

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.3.2.1 – ЭҚК және ішкі кедергі терминін түсіндіру;

10.3.2.2 – ЭҚК мен сыртқы тізбектегі кернеудің айырмашылығын түсіндіру (энергияға қатысты);

10.3.2.3 – толық тізбек үшін Ом заңын қолдану және қысқа тұйықталу нәтижесін түсіну;

10.3.2.4 - Тұрмыстық құралдардың жұмысы мен қуатын есептеуге практикалық есептеулер жүргізу;

Сабақтың мақсаты

- ЭКҚ және толық тізбек үшін Ом заңы жөніндегі білімдерін қорытындылау;

- есептеу тапсырмалары, лабораториялық және демонстрациялық тәжірибелер кезінде өз бетімен білімін және практикалық білімін қолдануын тексеру.

Бағалау критерийлері

Білу: ток күші, кернеу, потенциалдар айырымы, ток көзінің ЭКҚ, ток жұмысы, ток қуаты, электр энергиясының құны туралы білу.

Түсіну: тоқ көзінің ЭКҚ, электр тогының жұмысы және қуатының физикалық мағынасын түсіну.

Қолдану: ток күшін, кернеудің азайуын, жұмысты, ток қуатын және электр энергиясының құнын есептеу үшін формулаларды қолдану.

Талдау: есептің шарты мен есептеу нәтижелерін талдау.

Жинақтау: аралас есептерді шешу.

Бағалау: өзінің іс әрекетін бағалау.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар жасай алады тізбектегі өзгерісті түсіндіріп, тізбектегі токтың қуаты мен жұмысын түсіндіре алады.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

- өткізгіштегі ток күші;

- өткізгіштің соңындағы кернеудің азаюы;

- өткізгіштің кедергісі;

- Ом заңы; - ток жұмысы; - ток қуаты.

Сөйлесу/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

- ток жұмысын есептеу үшін…;

- тізбектегі ток күші тура пропорционал…

- өткізгіш соңындағы кернеудің азаюы……;

- қолданған электроэнергиясының құнын есептеу үшін…..

Құндылықтар

Оқушылардың ойлау қабілетін, физиканы оқудағы қызығушылықтарын дамыту.

Еңбекке оң көзқарас тәрбиелеу.

Өмір бойы оқу.

Пәнаралық байланыстар

Оқушылардың калькуляторды қолдану дағдалары математика пәнінен алынған.

Бастапқы білім

Толық тізбек үшін Ом заңы; тізбек үшін Ом заңы; электр тізбектерінің элементтері және олардың белгіленуі; өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау. Жұмыс, қуат

Жоспар

Уақытша жоспарлау

Жоспарланған іс-шаралар

Ресуртар

Басы

1 мин.

2 мин

7 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі
  • « Сабақтың тақырыбын қалыптастыру. Сабақтың мақсатын қою»

Мұғалім іс-әрекеті: Мұғалім сабақтың тақырыбын айтады. «Тұрақты ток» тақырыбы бойынша материалдарды синтездеу».

Оқу мақсатын және сабақтың мақсатын айтады.

  • « Негізгі білімдерді тексеру және жаңарту »

Мақсаты: Оқушылардың «Тұрақты тоқ» тақырыбын өткен кездегі алған білімдерін жүйелеу. Есептер шығаруға және тәжірибелер жасауға жүйелеу.

Сипаттама: Оқушыларға тұрақты тоқ формулаларын, олардың өлшем бірліктерін және негізгі заңдарды еске түсіру ұсынылады.

Сұрақтар және ауызша тапсырмалар слайдта жазылған. Қорапшаның ішіне барлық балалардың фамилиясы жазылған стикерлер салынады. Бірінші сұраққа мұғалім қорапшадан алған карточкадағы фамилиясы жазылған оқушы жауап береді. Сұраққа жауап бере отырып, сол оқушы корапшадан басқа оқушының фамилиясы жазылған үйлесірмелерді суырады. Сұрақтар таусылғанша, дәл осылай жалғаса береді.

Мұғалімнің іс-әрекеті: жұмыстың орындалуын қадағалайды, деңгейі төмен оқушыларға көмек көрсетеді, қажет болған жағдайда жауаптарды түсіндіреді.

Оқушының іс-әрекеті: қойылған сұрақтарға ауызша жауап беру, қажет болған жағдайда тақтаға шығып формулаларды жазу. Бағалау: Өзін-өзі бағалау, оқушы пікірі.

Слайд 1- 4

Қосымша 1

Слайд 5 - 7

Ортасы

15 мин

7 мин

  • « Есептер шығару »

Мақсаты оқушыларға «тұрақты ток» тақырыбын еске түсіруге көмектесу және осы тақырып бойынша білім тереңдігін тексеру.

Сипаттама Оқушылар өз бетімен есеп шығарады. Бірінші есептеп болған оқушы тапсырманы орындай алмай отырған оқушыға көмектесе алады. Барлық сынып жұмысты аяқтаған соң, бір партада отырған оқушылар жұмыстарын алмастырады және мұғалім слайдтан көрсеткен дайын жауап бойынша көршісінің жұмысын тексереді.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Тапсырманы үйлестіреді, жұмыстың орындалуын қадағалайды. Есептің дұрыстығын тексереді. Оқушының іс-әрекеті: Оқушы жұмысты жеке орындайды және жұмысты тез орындауға тырысады.

Бағалау: Тез орындау және дұрыс шешілген есептеу нәтижесі бағаланады.

  • Тізбек кедергісін анықта

Мақсаты Оқушылардың тізбектің жалпы кедергісін таба білу дағдысын тексеру.

Сипаттама Мұғалім тапсырманы әр түрлі таратады. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Бірдей нұсқаны орындаған оқушылар тапсырманы аяқтаған соң командаға жиналып, өздерінің есептеулерін және жауаптарын талдайды.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Тапсырманы үйлестіреді, жұмыстың орындалуын қадағалайды. Есептің дұрыстығын тексереді.

Оқушының іс-әрекеті: Оқушы жұмысты жеке орындайды, дәптеріне жазып алады. Есептеу аяқталған соң өз шешімін ұсынады.

Бағалау: Тез орындау және дұрыс шешілген есептеу нәтижесі бағаланады. Оқушылар бір-бірін оқытады.

  • «Өзіңе сен» практикалық жұмысы.

Мақсаты: Оқушылардың тізбекті жинау, өлшеуіш құралдарды қолдана білу, есептеулер жүргізі және қорытындылай алу дағдыларын тексеру.

Сипаттама: Сынып 5 командаға бөлінеді. Оқушылар командамен жұмыстанады. Әрбір команда жұмысты орындау жөнінде нұсқау алады. Оқушылар жұмысты тез және дұрыс орындау үшін командада рөлдерін бөледі. Әрбір оқушы тізбекті жинауын, өлшеу құралдармен жұмыс жасай алуын, есептеу жүргізе білуін және қорытынды жасай алуын көрсете білу керек.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру. Оқушылардың жасаған жұмыстарын қадағалайды. Тәжірибе жасай алуын бағалайды. Оқушыларды практикалық жұмысты орындаудың бағалау критерийларымен таныстырады.

Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар материалды түсінгенін көрсетеді. Тәжірибені өздігінен орындайды.

Бағалау: мұғалім тұрғысынан кері байланыс. Тапсырманы орындауды тексеру.

Қосымша 2

Слайд 8-13

Қосымша 3

Слайд 14 - 19

Соңы

1 мин

1мин

  • «Рефлексия»

Мақсаты: материалдың игерілуін тексеру

Сипаттама: әңгімелесу – жаңадан не білдіңіз? – оқығаныңыз қайда қолданылады? – қолданған электр энергиясының құнын есептей білу сізге не береді?

Бағалау: кері байланыс

  • Үй жұмысы § 9.5 - 9.8, 20 (4,5,6) жаттығу. Б. Кронгарт, В.Кем, Физика, оқулық 10сынып, - Алматы «Мектеп», 2010ж.

Слайд 11

Қосымша ақпарат

Дифференциация – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыға сіз қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың материалды игеруін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар

Жаңа сабақты түсіндіру барысында материалды жеткізуді саралау қиын. Физиканы өздігінен оқитын және бағдарламаны басып озып келе жатқан оқушыларға бағалау критериясымен қосымша тапсырмалар дайындау тиіс.

Бірінші тапсырманы орындауда өздігінен бағалау және кері байланыс және мұғалім жағынан көмек.

Есептер шығаруда дайын жауаппен және командада тексеру кезінде өзара тексеру.

Өзара тексеру, қзін тексеру, кері байланыс және практикалық жұмысты орындау кезінде мұғалім жағынан көмек.

Техника қауіпсіздік ережесі:

Абайлаңыз! Электр тоғы! Өткізгіштер изоляциясы бар екендігіне көз жеткізіңіз. құралдарды құлауға жол бермеңіз. Өлшеуіш құралдарды шекті жүктемеге әкелмеңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.