Электрсыйымдылық. Конденсаторлар. Конденсаторлардың түрлері мен құрылысы. Конденсаторларды қолдану және оның қарапайым электр тізбегіндегі ролі. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
Пән: Физика | Сынып10 | |||||||
Оқушының аты-жөні: | ||||||||
Бөлім: Электр өрісі. Электростатика. | ||||||||
Сабақтыңтақырыбы:Электрсыйымдылық. Конденсаторлар. Конденсаторлардың түрлері мен құрылысы. Конденсаторларды қолдану және оның қарапайым электр тізбегіндегі ролі | ||||||||
Оқыту мақсаттары: Электр сыйымдылығының физикалық мағынасын анықтау және есеп шығаруда электрсыйымдылықтың формуласын қолдану | ||||||||
Бағалау крийтериі |
| |||||||
| ||||||||
Орташа деңней (1 есепті шығар)
- Сыйымдылықтары 6 пФ және 9 пФ болатын шарлардың потенциалдары сәйкесінше 200 В және 800 В. Шарларды жалғағаннан кейінгі қосынды зарядты табыңдар.
- Ауада тұрған екі пластинанаың арасындағы потенциалдар айырымы Δφ = 600 В. Пластиналар арасына қалыңдығы олардың ара қашықтығына тең слюда пластинаны орналастырса, потенциалдар айырымы қандай болады?
Жоғары деңгей (2 есеп шығар)
- Әрқайсысының ауданы S = 200 см2 болатын екі пластинадан тұратын, арасында қалыңдығы 0,1 см слюда парағы бар конденсатордың сыйымдылығын анықтаңдар.
- Жеке тұрған өткізгішке q = 1 · 10-9 Кл заряд беріп, оны φ = 100 В потенциалға дейін зарядтаған. Өткізгіштің фарадпен, микрофарадпен және пикофарадпен өлшенген сыйымдылығын анықтаңдар.
- Кернеуі U = 120 В болатын ток көзінен q = 6 · 10-5 Кл заряд алатын конденсатордың сыйымдылығы қандай?
Өте жағары деңгей ( 1есеп шығар)
- Сыйымдылығы C = 250 пФ конденсатор жасау үшін қалыңдығы d = 0,05 мм болатын парафинделген қағазға екі жағынан дөңгелек станиолдар (қалайыдан жасалған жұқа қаңылтыр) желімдейді. Станиолдардың диаметрі қандай болуы тиіс.
- Жазық ауа конденсаторы (ε1= 1) потенциалдар айырымы Δφ = 600 В-қа дейін зарядталып, содан кейін ток көзінен ажыратылады. Астарлардың ара қашықтығын алғашқыда d1 = 0,2 мм, кейін d2 = 0,7 мм-ге дейін ұзартса және ол аралықты слюдамен (ε2= 6) толтырса, астарлар арасындағы потенциалдар айырымы неге тең болады?
- Судың үлкен шар тәрізді тамшысы бірдей кішкене 125 шар тәрізді су тамшыларының жиналуынан пайда болған. Үлкен тамшының потенциалы φ = 2,5 В. Әрбір кішкене тамшылардың әрқайсысының потенциалы қандай?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.