Сұйықтың беткі қабатының қасиеттері. жұғу, капиллярлық құбылыстар. Физика, 10 сынып, қосымша материал 2.


Аты-жөні_____________________________________ сыныбы_______ Күні______

Зертханалық жұмыс № 2

ТҰЗАҚ ҮЗІЛУ АРҚЫЛЫ СУДЫҢ БЕТТІК КЕРІЛУ КОЭФФИЦИЕНТІН ӨЛШЕУ

 Жұмыс мақсаты: беттік керілу құбылысын зерттеу; тәжірибе түрінде судың беттік керілу коэффициентін тұзақ үзілу тәсілі арқылы анықтау.

Құрал-жабдықтар: ДПН типті динамометр; фронталды жұмыс үшін штатив; дистилденген су; миллиметрлік бөліктері бар 30 см өлшегіш сызғыш.

Мазмұны мен жұмысты орындау тәсілі

 Тепе-теңдік күйінде сұйықтың еркін беті минимумға ұмтылады.

1-сурет

 Жұқа L қабат пайда болу кезінде (1-сурет) сұйық беті шегі бойымен беттік керілу күші F әсер етеді

F=2 σ l

(1)

мұндағы σ- беттік керілу; 2 көбейткішінің болу себебі, қабаттың екі беті бар.

Осыдан

 (2)

 Беттік керілу күші модулі F ДПН типті сезгіш динамометрмен, ал сым тұзағы еніне тең қабат енін өлшегіш сызғышпен өлшейді. ДПН типті динамометр (2-сурет) ашық қысқышы бар түзу ұшты өлшегіш серіппе бар корпустан тұрады. Қысқыш тұзақты динамометрдің өлшегіш серіппесімен жалғау үшін қажет. Өлшегіш серіппе шкаласында мәндерді өлшеу үшін стрелка бар. Зерттелетін сұйық шыны ыдысқа құйылады.

2-сурет

 Беттік керілуді өлшеу үшін сым тұзақты сұйыққа толықтай батырады, содан соң, баяу сұйықтан шығарады. Сол кезде тұзақта қабат пайда болады. Динамометр серіппесінің серпімділік күші модулі бойынша беттік керілу F күшіне теңескен кезде, қабат жарылады.

Жұмыс орындау тәртібі

  •  ДПН динамометрі құрылысын зерттеңдер.
  •  Өлшеу жүргізуге құралды дайындаңдар. Ол үшін ашық ашық қысқышқа тұзақты іліңдер (2-суретті). Орнатқыш винтті ұстап тұрып, жапқыш винтті бұрыңдар. Стақанды бұрып және винттің басын басып, динамометр стрелкасын шкаланың нөлдік бөлігіне қойыңдар. Тоқтақыш винтті бұрыңдар.
  •  Ыдысқа дистилденген су құйыңдар және оны тіреуішке орнатыңдар. Ұстағыш винтін бұрып, тұзақ суға толық бататындай етіп, ыдысты көтеріңдер.
  •  Суы бар ыдысты баяу түсіріңдер. Ол үшін ұстағыш винтін тұзақтан созылған сұйық үзілгенше дейін бұраңдар. Динамометр шкаласы арқылы қабаттың үзілу күшін байқаңдар.
  •  Беттік керілуді формула (2) арқылы есептеңдер.
  •  Өлшеулерді үш рет қайталаңдар. Беттік керілудің орташа мәнін есептеңдер.

Тәжірибе реті

F/ Н

l /м

/ Н/м

орт/ Н/м

1

2

3

Бақылау сұрақтары

  •  Сұйықтың беттік керілуі дегеніміз не?
  •  Неліктен (2) формулада 2 көбейткіші бар?
  •  Судың беттік керілу күші модулін өлшеу неліктен түзусызықты бөлікпен емес, П-типті пішінге ие тұзақ арқылы өткізілді?
  •  Сұйықтың беттік керілуі температураға қалай тәуелді?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.