Сұйықтың беткі қабатының қасиеттері. жұғу, капиллярлық құбылыстар. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Cабақ/Lesson

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

Сұйық және қатты денелер

Мектеп: ХББ НЗМ Петропавл қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Сұйықтың беткі қабатының қасиеттері. жұғу, капиллярлық құбылыстар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):

10.3.4.2 Сұйықтардағы беттік керілу коэффициентін әртүрлі тәсілдер арқылы анықтау

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Сұйықтың беткі қабатының қасиеттерін атайды;
  • Капиллярлық құбылыстардың не екендігін түсінеді;
  • Беттік керілу бойынша тәжірибелер жүргізеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Студенттер:/Students can:

Сұйықтың беткі қабаты, капиллярлар, дымқылдау, беттік керілу коэффициенті.

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

  • Беттік керілу құбылысы деп...
  • Беттік керілу құбылысын ... бақылауға болады
  • Беттік керілу ... сипатталады

Құндылықтарды дарыту

 (жаһандық азаматтықтың маңызды белгілері) (АЖ)

 

Құндылықтарды дарыту арқылы оқушылардың бойында ұйымшылдық, ынтымақтастық, құрмет сезімдерін сіңіру. Мысалы топтық және жұптық жұмыстар барысында оқушылар арасында жауапкершілік және сыйластық тәрбиелері қалыптасады.

Нәтижелі қарым-қатынас дағдысын дамыту ,сыныптастарының көзқарастық пікірлеріне сыйластықпен қарау,функционалдық сауатылықты дамыту, өз біліміне деген жауапкершілік пен өзбетімен оқу дағдысын арттыру

АЖ білімі мен түсінігі: ұжымдық істеріне, әрекеттеріне жауапкершілік

АЖ бағалау: қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарас, ұжымдық іс-әрекетке жеке жауапкершілік

АЖ дағды:диалог құра білу,басқалардың пікіріне сыйластықпен қарау

Тақырыптың шешуші сәттерін жұптық және топтық талқылау кезіндегі құндылықтарды дарыту

 Пәнаралық байланыстар

Химия пәнімен байланыс

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация Power Point

Рандомдық доңғалақ:

https://castlots.org/razdelit-na-gruppy/ https://www.jamestease.co.uk/team-generator/

Бастапқы білім

Заттың ішкі құрылысы, сұйықтар.

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

  • сабақ

Сабақтың басы

7 мин

Мұғалім мен оқушылардың өзара сәлемдесуі (алдымен мұғалім кезекпен оқушылардың саусақтарына өзінің сәйкес саусақтарын тигізеді, бас бармақтан бастап:

  • әрқашан (басбармақты тигізіп);
  • және әр нәрседе (cұқ саусақ);
  • үлкен (ортаншы саусақ);
  • жетістік (аты жоқ саусақ );
  • тілеймін (кішкене саусақ);
  • Сәлеметсіздер ме! (толық алақанмен жанасу)

(G) Әрі қарай жұпта оқушылар дәл солай қайталайды.

Осылайша сыныпта бірлесе жұмыс істеу үшін жағымды орта туындайды.

Мұғалім сұрақ-жауап арқылы білімдерін актуалдауды ұсынады:

  • Заттың газ түрінен сұйық күйге ауысу процессі қалай аталады?
  • Кері процесс қалай аталады?
  • Сұйықтардың булану жылдамдығы қандай факторларға тәуелді?
  • Қаныққан бу дегеніміз не?
  • Қаныққан будың қысымы неліктен көлемге тәуелді емес?
  • Қанықпаған бу дегеніміз не?
  • Критикалық температура деп нені атайды?
  • Қайнау деп қандай процесті айтамыз?
  • Неліктен қайнау кезінде температура тұрақты болып қалады?
  • Қайнау температурасы сұйық бетіндегі ауа қысымына қалай тәуелді?

Мұғалім осылай оқушыларды жаңа тақырыпқа бағыттайды. Оқушылармен сабақ мақсаттары мен жетістік критерийлерін талдайды.

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың оқу мақсаты:

Сұйықтардағы беттік керілу коэффициентін әртүрлі тәсілдер арқылы анықтау

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  • Сұйықтың беткі қабатының қасиеттерін атайды;
  • Капиллярлық құбылыстардың не екендігін түсінеді;
  • Беттік керілу бойынша тәжірибелер жүргізеді.

Слайд 1

Слайд 2-11

Слайд 12-15

Сабақтың ортасы

30 мин

Мұғалім рандомдық доңғалақ арқылы 2 топқа бөлінуді ұсынады https://castlots.org/razdelit-na-gruppy/ (немесе келесі сілтемені қолдануға болады https://www.jamestease.co.uk/team-generator/ )

Содан кейін оқушылар топтарда отырып, мұғалім әр топқа тапсырма береді:

1 топ:

1. «Беттік керілу» мақаласымен танысу.

2. Сұрақтарға жауап беру:

  • Беттік керілу деп қандай құбылысты атайды?
  • Беттік керілу құбылысын қайда бақылауға болады?
  • Беттік керілу қандай шамалармен сипатталады?

3. Тәжірибе орындау:

«Өмірлік жағдайларда сұйықтар пішінін зерттеу».

Құрал-жабдықтар: алюминий, мыс, шыны, парафин пластинкалар; күнбағыс және зәйтүн майы; судағы спирт ерітіндісі, сым, шприц немесе шыны түтік.

2 топ:

1. «Капиллярлық құбылыстар» мақаласымен танысу.

2. Сұрақтарға жауап беру:

Капиллярлық құбылыстар дегеніміз не?

Капиллярлық құбылыстарды қайда бақылауға болады? Капиллярлық құбылыстар қандай шамалармен сипатталады?

3. Тәжірибе орындау: «Сұйықтың көтерілу биіктігінің капилляр диаметрі мен сұйық тегіне тәуелділігін зерттеу».

Құрал-жабдықтар: әртүрлі диаметрлі шыны түтіктер, су, сызғыш, тікбұрышты пішінді мөлдір ыдыс.

Тапсырмаларды орындаған соң, әр топ басқаларға орындалға жұсытары бойынш есеп береді. Екінші топ сұрақтар қояды және қажетті мәліметтерді дәптеріне жазады.

Слайд 16

1-топқа арналған карточкалар

2-топқа арналған карточкалар

Сабақтың соңы

3 мин

Өз бетімен жұмыс барысында не оқып- үйренгендері бойынша бірін-бірі толықтырады.

Рефлекия. Бағалау критерийлері (талдау)

Мұғалім сынпқа сұрақ қояды:

«Қандай қиындықтар болды? Әлі де нені қабылдау қиын?»

Қиындықтарға байланысты мұғалім үй жұмысын анықтайды.

Егер барлығы түсінікті болса, дәптер бойынша өткен тақырыпты қайталау жеткілікті.

Егер материалды түсінуде қиындықтар болса, қосымша ақпарат реітнде оқулыққа жүгінуді ұсынады.

Слайд 17

2 -сабақ

Сабақ басы

10 мин

Білімдерін өзектеу.

Мұғалім оқушыларға қайтадан мақсаттармен критерийлерді қарауды және қай критерийді орындаған жоқ, соны белгілеуді ұсынады.

Слайд 19-22

Сабақ ортасы

28 мин

Оқушыларға жұпта «Тамшыны үзу арқылы тәсілі арқылы судың беттік керілу коэффициентін анықтау» зертханалық жұмысы орындау ұсынылады.

Оқушылар жұпта мақсат мен жұмыстың орындалу тәртібімен танысады және орындайды.

Құралдар: штатив, суға толған краны бар жіңішке түтік. Түтіктің ұшының радиусы R= 0.7 мм, тамшылар ағуына арналған ыдыс, электронды таразы.

Жұмыс мақсаты: беттік керілу құбылысын зерттеу; тәжірибе түрінде судың беттік керілу коэффициентін тамшыны үзу тәсілі арқылы анықтау.

Жұмыс барысы:

  • Тамшыны жинауға арналаған бос ыдысты электронды таразы арқылы массасын өлшеңдер; алынған масса m0 мәнін 1-кестеге жазыңдар. (ыдыста су болмағандығына көз жеткізіңдер)
  • Кранды ашу арқылы, сұйықтың ағуы кезінде (басқа ыдысқа) жеке тамшылар үзілуініне қол жеткізіңдер.
  • Тамшына жинауға арналған ыдысты қойып, оған N тамшы тамызыңдар. Су тамшылар бір-бірімен бірігіп ақпауы қажет. Тамшылар саны кестеде берілген (өзгертуге болады).
  • Электронды таразыда массасы m суы ыдысты өлшеңдер. Мәнін кестеге жазыңдар.
  • Өлшеген соң, суды төгіп тастау, ыдысты құрғату қажет.
  • 2-5 пунктерін берілген N мәні үшін орындаңдар.

Содан соң, оқушылар кестені толтырады, соңында бақылау сұрақтарына жазбаша жауап береді.

Мұғалім нәтижелер мен жауаптарды әр жұптың ауызша оқуы арқылы тексеруді ұсынады.

Оқушылар өз жауаптарын сыныптастарыныкімен салыстырады.

ЗЖ 1

ІІ сабақтың соңы

2 мин

Үй жұмысы

Рефлексия. Бағалау критерийлері (оқу мақсаттарын талдау).

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:

«Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?Біз үшін әлі нені түсіну қиын?»

Қиындықтарды талдау.

Қиындықтарға байланысты мұғалім үй жұмысын анықтайды.

Егер барлығы түсінікті болса, дәптер бойынша өткен тақырыпты қайталау жеткілікті.

Егер материалды түсінуде қиындықтар болса, қосымша ақпарат реітнде оқулыққа жүгінуді ұсынады.

23 слайд

3-сабақ

Сабақ басы

8 мин

Білімдерін актуалдау.

Мұғалім оқушыларға қайтадан олар әлі қол жеткізбеген оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне назар аударуларын және оларды белгілеуді ұсынады. Содан соң, оқушылар онлайн тест орындайды

http://physik.ucoz.ru/board/10_klass/termodinamika/test_quot_poverkhnostnoe_natjazhenie_kapilljarnost_quot_10_klass_1/54-1-0-597

24-27 слайд

Сабақ ортасы

30 минут

Оқушыларға жұпта «Судың беттік керілу коэффициентін тұзақ үзілу тәсілі арқылы анықтау» зертханалық жұмысы орындау ұсынылады.

Оқушылар жұпта мақсат мен жұмыстың орындалу тәртібімен танысады және орындайды.

Зертханалық жұмыс № 2

ТҰЗАҚ ҮЗІЛУ АРҚЫЛЫ СУДЫҢ БЕТТІК КЕРІЛУ КОЭФФИЦИЕНТІН ӨЛШЕУ

 Жұмыс мақсаты: беттік керілу құбылысын зерттеу; тәжірибе түрінде судың беттік керілу коэффициентін тұзақ үзілу тәсілі арқылы анықтау.

Құрал-жабдықтар: ДПН типті динамометр; фронталды жұмыс үшін штатив; дистилденген су; миллиметрлік бөліктері бар 30 см өлшегіш сызғыш.

Мазмұны мен жұмысты орындау тәсілі

 Тепе-теңдік күйінде сұйықтың еркін беті минимумға ұмтылады.

1-сурет

 Жұқа L қабат пайда болу кезінде (1-сурет) сұйық беті шегі бойымен беттік керілу күші F әсер етеді

F=2 σ l

(1)

мұндағы σ- беттік керілу; 2 көбейткішінің болу себебі, қабаттың екі беті бар.

Осыдан

 (2)

 Беттік керілу күші модулі F ДПН типті сезгіш динамометрмен, ал сым тұзағы еніне тең қабат енін өлшегіш сызғышпен өлшейді. ДПН типті динамометр (2-сурет) ашық қысқышы бар түзу ұшты өлшегіш серіппе бар корпустан тұрады. Қысқыш тұзақты динамометрдің өлшегіш серіппесімен жалғау үшін қажет. Өлшегіш серіппе шкаласында мәндерді өлшеу үшін стрелка бар. Зерттелетін сұйық шыны ыдысқа құйылады.

2-сурет

 Беттік керілуді өлшеу үшін сым тұзақты сұйыққа толықтай батырады, содан соң, баяу сұйықтан шығарады. Сол кезде тұзақта қабат пайда болады. Динамометр серіппесінің серпімділік күші модулі бойынша беттік керілу F күшіне теңескен кезде, қабат жарылады.

Жұмыс орындау тәртібі

  •  ДПН динамометрі құрылысын зерттеңдер.
  •  Өлшеу жүргізуге құралды дайындаңдар. Ол үшін ашық ашық қысқышқа тұзақты іліңдер (2-суретті). Орнатқыш винтті ұстап тұрып, жапқыш винтті бұрыңдар. Стақанды бұрып және винттің басын басып, динамометр стрелкасын шкаланың нөлдік бөлігіне қойыңдар. Тоқтақыш винтті бұрыңдар.
  •  Ыдысқа дистилденген су құйыңдар және оны тіреуішке орнатыңдар. Ұстағыш винтін бұрып, тұзақ суға толық бататындай етіп, ыдысты көтеріңдер.
  •  Суы бар ыдысты баяу түсіріңдер. Ол үшін ұстағыш винтін тұзақтан созылған сұйық үзілгенше дейін бұраңдар. Динамометр шкаласы арқылы қабаттың үзілу күшін байқаңдар.
  •  Беттік керілуді формула (2) арқылы есептеңдер.
  •  Өлшеулерді үш рет қайталаңдар. Беттік керілудің орташа мәнін есептеңдер.

Тәжірибе реті

F/ Н

l /м

/ Н/м

орт/ Н/м

1

2

3

Бақылау сұрақтары

  •  Сұйықтың беттік керілуі дегеніміз не?
  •  Неліктен (2) формулада 2 көбейткіші бар?
  •  Судың беттік керілу күші модулін өлшеу неліктен түзусызықты бөлікпен емес, П-типті пішінге ие тұзақ арқылы өткізілді?
  •  Сұйықтың беттік керілуі температураға қалай тәуелді?

Мұғалім нәтижелер мен жауаптарды әр жұптың ауызша оқуы арқылы тексеруді ұсынады.

Оқушылар өз жауаптарын сыныптастарыныкімен салыстырады.

ЗЖ 2

Сабақ соңы

2 минут

Үй жұмысы

Рефлексия. Бағалау критерийлері (оқу мақсаттарын талдау).

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:

«Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?Біз үшін әлі нені түсіну қиын?»

Қиындықтарды талдау.

Қиындықтарға байланысты мұғалім үй жұмысын анықтайды.

Егер барлығы түсінікті болса, дәптер бойынша өткен тақырыпты қайталау жеткілікті.

Егер материалды түсінуде қиындықтар болса, қосымша ақпарат реітнде оқулыққа жүгінуді ұсынады.

28-29 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Барлық оқушылар:

Көпшілік оқушылар:

Кейбір оқушылар:

-сұрақ-жауап арқылы бағалау;

-екі жұлдыз – бір тілек арқылы топтық жұмысты бағалау;

-өзара бағалау.

Мектептегі қауіпсіздік техника ережелерінің түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

Сабақбойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақжоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қойылған мақсаттар шынайы, оқушылар бұл тақырыпты 7 және 8-ысыптарда апалық түрде оқыған, сондықтан оларда тақырыпты меңгеру ойынша қиындықтар туындаған жоқ, нәтижесіде ОМ –на жетті.

Дифференциация дұрыс жүрді, әр оқушыға жекеше назар аударылды (қажет еткен оқушыға )

Сабақтың мерзімдік бөлімдері ұсталған, жоспардан ауытқулар болған жоқ. Жоспраланған барлық әрекеттер іске асырылды.

Жалпыбаға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

W = толық сыныппен жұмыс

G = топтық жұмыс

I = өздік жұмыс

E =оқушы тәжірибесі

D = мұғалімнің көрсетілімі

f = формативтік бағалау

= қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.