Идеал газдың ішкі энергиясы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары | ||||||||||||
Күні: | Мектеп: ХББ НЗМ, Кызылорда қ. | |||||||||||
Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | ||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Идеал газдың ішкі энергиясы | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.3.1 - біратомды және екіатомды идеал газдың формуласын есептер шығару кезінде қолдану | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | - біратомды және екіатомды идеал газдың формуласын есептер шығару кезінде қолдану; | |||||||||||
Жетістік критерийлері | біратомды және екіатомды идеал газдың формулаларын біледі және есептер шығару кезінде қолдана алады; | |||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алады: ЖЭС жұмысының қарапайым жылу қозғалтқышы ретінде қалай берілетінін ауызша түсіндіру үшін плакатты (энергия ағынының диаграммасы) пайдалану (тыңдау және айту дағдылары) Пәндік лексика және терминология: жылу қозғалтқышы жылу электр станциясы ішкі энергия жылу жұмыс ПӘК тиімді, тиімді емес термодинамиканың бірінші заңы термодинамиканың екінші заңы Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері Энергия... нәтижесінде ауыстырылады Жылу қозғалтқышы тиімсіз, өтйкені … | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Қоғамдық қатынасКомандалық жұмысты ұйымдастыру және командалық жұмыстарды жоспарлау қажеттілігі оқушылардың достық қарым-қатынастарын және олардың бірлескен оқу ортасында жұмыс істеу үшін коммуникативтік қасиеттерін қамтамасыз етеді: бірлескен жұмыста басқа студенттермен әлеуметтік, мәдени, этикалық және интерактивті дағдыларды дамыту. Студенттерге өз бетінше, жұппен және топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту; жолдастардың пікірін құрметтеу; білім көздерін өз бетімен іздестіру қабілеті.«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясыБалалардың академиялық білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, өмір бойы Отанымыздың игілігі үшін оқыту. Сабақтың элементтері өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі тануға, студенттер арасында сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағытталған.Сабақтың моральдық әсері мыналарды қамтиды: оқуға деген жауапкершілікті сезіну; басқаларға құрметпен қарау; білім беру және танымдық қызметті ойдағыдай жүзеге асыру үшін түрлі көздерден ақпаратты қабылдау және пайдалану дағдыларын және қабілеттерін дамыту; оқушыларға мектептің меншігіне мұқият қарауға мүмкіндік беру; өз іс-әрекетін жоспарлау дағдылары мен дағдыларын қалыптастыруға және өз іс-әрекеттерін басқаруға қабілетті болу керек. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Химия, биология пәндерінің терминдермен тығыз байланысты. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ-да мәліметтер алу, деректермен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, графикалық бағдарламалармен жұмыс жасау | |||||||||||
Бастапқы білім | Осы бөлім 10-сыныпта температура шкалалары, газ заңдары және молекула-кинетикалық теория бойынша жасалған жұмысқа негізделеді. Ол сонымен қатар энергияның сақталу заңы және пайдалы әрекет коэфициентін анықтау тәрізді маңызды түсініктерді қайта қарайды. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 2 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. (T)Ішкі энергия (U), жүйе жұмысы (W) және жүйеге келетін жылу (Q) терминдерін енгізу. 2.1. Оқушылардың назарын ішкі энергияның осы жүйені құрайтын барлық молекулалардың кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы түрінде анықталатынына аудару. Идеал газ үшін бөлшектер потенциалдық энергияға ие емес (өйткені бөлшектердің өзара әрекеттесу күші өте аз). Сонымен қатар оқушылардың КЭ контейнердің өзінің қозғалысы есебінен қандай да болмасын қосымша жүйелік КЭ емес, өзінің контейнеріне қатысты бөлшектердің кездейсоқ жылу энергиясы U болып табылатынын түсінулеріне көз жеткізіңіз. 2.2. Физика курсының 8 сыныбында оқытылған мәліметтерді қайталау: а) Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері. (D) Суы бар пробирканы қыздырған кезде немесе пробиркаға ауаны енгізгенде тығынның ұшып шығу тәжірибесін жасаңыз. (І) Оқушылардан бөлшектер қозғалысы және ішкі энергия артады деген сөздерді пайдалана отырып, тығыннның неге ұшып шыққанын түсіндіріп берулерін сұраңыздар. b) Жылу берілудің үш түрі. D) (E) Әртүрлі металл таяқшалардың бойымен жылу ағынынын қозғалысын демонстрациялау. Балауыз еріген кезде шегелердің құлау уақытына назар аудартыңыз. Айырмашылықтың себебін талқылаңыз. Молекула-кинетикалық теориясының көмегімен бұл процесті түсіндіріңдер. (E) Оқушылар сұйықтардың көмегімен конвекция құбылысына байланысты тәжірибені жасай алады. (D) Оқушылармен бірге сәулелену құбылысын талдаңыз: бір жағы жылтыр, екінші жағы қара жылуқабылдағышты, сұйықтық манометр, резеңке түтікше, электр плиткасын пайдаланып, дене бетінен шағылған және жұтылған сәулеленуді түсіндіріңіз. с) Жылу мөлшері. Аланған немесе берілген жылу мөлшерін есептеу формулалары: Q = cm(t2-t1 ,Q=qm , Q=λm , Q=Lm. 2.3. Меншікті жылу сыйымдылық пен молярлық жылу сыйымдылық арасындағы байланыс формуласын шығару. | Презентация. http://www.youtube.com/watch?v=MnpvQvCTj90 http://www.bilimmedia.kz/ru/#lesson=10773 https://www.youtube.com/watch?v=kr8kkIszQbM&nohtml5=False Мыс, алюминий таяқшалары, бір жағында балауыз қатқан шегелер. Альтернативті демонстрациялар: http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/convection-currents-beaker-liquid
| ||||||||||
Сабақтың ортасы | 2.4. Термодинамикадағы жұмыс. a) A=F*S*cos. формуласымен анықталатын физикалық шама ретінде жұмыс ұғымын енгізу. b) Тұрақты қысымдағы газдың ұлғаюы. A=FΔl=pSΔl=pΔV формуласы жалпылама және элементар жұмысты кез-келген процесте есептеу үшін қолданылады. c) Тұрақты қысымда поршень астындағы газдың ұлғаюы кезінде сығылған ауа массасының артуы (мысалы компрессор көмегімен). d) Изотермиялық ұлғаюдағы жұмысты графикалық тәсілмен есептеу. е) Изохоралық процестегі жұмыс. f) Дөңгелек процестегі жұмыс. 3. Идеал біратомды газдың ішкі энергиясы үшін формуласын шығару. 4. Талқылау сұрақтары. | Презентация | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия. - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | Таратпа ресурстар | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.