Гравитациялық өріс Гравитациялық өрістің кернеулігі. Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
Өзіндік жұмыс: «Гравитациялық өріс. Бүкіләлемдік тартылыс заңы»
10 “__” сынып оқушысы _______________________________________
Оқу мақсаттары | Дағдылар | Жетістік критерийлері | Теория/Тест/Есеп | жетті | Қоры тынды | ||||
ОМ16: Жер серігінің қозғалысын сипаттау; ОМ17: Геостационар орбитаны және оның қолданылуын түсіну. | Білу | Геостационарлық орбитаның сипаттамаларын біледі Экваториалдық орбитаның ерекшелігін біледі | |||||||
Түсіну |
| ||||||||
Қолдану |
|
Теория
- Жер серіктің геосинхронды орбитадағы қозғалысын суреттеп көрсетініз(орналасуы, қашықтығы, бағыты)
- Жер серіктің геостационарлық орбитадағы қозғалысын суреттеп көрсетініз(орналасуы, қашықтығы, бағыты)
- Геостационарлық орбитада болу үшін Жер серігіне қойылатын 4 талапты атаңыздар
- Жер серіктерін орбитаға шығарғаннан кейін, олардың орбитада әрі қарай қозғалуы үшін ракета қозғалтқышының қажеті болмайды.Неге? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
- Бірінші ғарыштық жылдамдық не үшін қажет? Сан мәні. Траекториясы
- Екінші ғарыштық жылдамдық не үшін қажет? Сан мәні. Траекториясы. Екінші ғарыштық жоғары жылдамдықта дене қандай траектория бойымен қозғалады.
- Геосинхронды, геостационарлы, стационарлы орбиталарға сипаттама берініз (анықтама, маңызы, ерекшелігі).
Тесттер
1.Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім қалыптастырды?
А.Аристотель В. Галилей С.Ньютон Д.Архимед
2.Бүкіләлемдік тартылыс күші тура пропоционал
А.ара қашықтыққа В.ара қашықтықтың квадратына С.радиусқа Д.екі дене массасына
3.Бүкіләлемдік тартылыс заңы формуласын көрсет
А. В. F=μN С. Д. Fx = -kx
4.Өзара әрекеттесуші денелердің біреуінің массасы 5 есе артса, тартылыс күші қалай өзгереді?
А.25 есе артады В. 25 есе кемиді С. 5 есе артады Д. 5 есе кемиді
5.Өзара әрекеттесуші денелердің арақашықтығы 2 есе кемісе, тартылыс күші қалай өзгереді?
А.4 есе артады В. 4 есе кемиді С. 2 есе артады Д. 2 есе кемиді
6.Суретте көрсетілген екі дене арасындағы тартылыс күшін қай формула арқылы есептейді?
А.F=Gm2/b2 В.F=Gm2/4b2 С.F=Gm2/16b2
Д.дұрыс жауап жоқ
7.Өзара әрекеттесуші денелердің әрқайсысының массасын 3 есе арттырса, тартылыс күші қалай өзгереді?
А.9 есе артады В. 3 есе кемиді С. 3 есе артады Д. 9 есе кемиді
8.Гравитация өлшемі:
А.жылдамдық В. Күш С. Масса Д. Салмақ
9.Гравитациялық тұрақтының сан мәні:
А. G=6,7 10 -12 Н м2 /кг 2 В. G=7,3 10 -10 Н м2 /кг 2 С. G=7,67 10 -9 Н м2 /кг 2
Д. G=6,67 10 -11 Н м2 /кг 2
10. Гравитациялық тұрақтының сан мәнін анықтаған ғалым
А.Аристотель В. Галилей С.Ньютон Д.Кавендиш
Есептер
1. Ғарыш кемесінің массасы 8 т, орбитадағы ғарыш станциясының массасы 20т, олардың өзара тарту күші 1 мкН. Ғарыш кемесі станцияға қандай қашықтыққа жақындағанын есептеңіз.
2. Марс планетасының радиусы 0,53 Жер радиусындай, ал массасы 0,11 Жер массасындай. Жердің еркін түсу үдеуін пайдаланып Марстағы еркін түсу үдеуін табыңдар.
3. Жасанды Жер серігі Жер экваторының жазықтығында айнала отырып, Жер шарының үстіндегі бір нүктеден ауытқымайды (геостационарлық жасанды Жер серігі). Ол жер бетінен қандай қашықтықта тұр?
4. Жер бетінен Жер радиусының үштен біріндей биіктікте жасанды серік айналып жүр? Жасанды серік орбитасының радиусы неге тең? Периоды және айналу жылдамдығы неге тең? Бұрыштық жылдамдығын есепте?
5. Ғарыш зымыраны Айға ұшып келеді. Ай мен Жер массаларының центрлерін қосатын түзудің қай нүктесінде зымыран Ай мен Жерге бірдей күшпен тартылады?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру