Ядролық әрекеттесу. Ядролық куштер. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ядролық әрекеттесу. Ядролық куштер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.6.1.8 – ядролық күштердің қасиеттерін сипаттайды.

 Сабақ мақсаттары

ядро мен электрондар терминдері тұрғысынан атом құрылысын сипаттау;

протондар мен нейтрондар арқылы ядроның құрамын сипаттау;

Ядродағы нуклондардың әрекеттесу күшін білу

Ядролық күштердің қасиеттерін сипаттау

 Бағалау критерийлері

Ядродағы нуклондардың әрекеттесу күшін білу

Ядролық күштердің қасиеттерін сипаттау

Оқушылар біледі: Ядролық күштің

-тек ядордағы көрші нуклондар арасында ғана болатынын;

-Нуклон зарядына тәуелсіз екенін

Күшті күш екенін

Өте қысқа аралықта ғана әсер ететінін

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология

Оқушылар орындай алады:

изотоп

нуклид

атом ядросы, ядролар

атомдық нөмір

ядродағы нуклондардың саны

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті үнемі есте сақтау; Жұппен жұмыс істеу барысында бір біріне құрмет көрсетуді ұмытпау; Сыныпта жұмыс жасағанда ынтымақтастық атмосферасын қадағалау; Оқушылар өз пікірін білдіргенде ашықтықты ескеріп барлық оқушы пікірлерін тыңдау; Еңбек және шығармашылық нәтижесінде мақсатқа жететінімізді еске салу; мектептегі тақырыпқа сай іздену қажеттігін, өмір бойы білім алу керектігін білу. ).

 Пәнаралық байланыстар

Тұрақты электр тоғы тарауы бойынша зарядтар, оң және теріс зарядтар, иондар арқылы химия пәнімен байланысты.

Тілдік мақсаттарды жүзеге асыру үшін физикалық терминдерді , негізгі ұғымдарды ағылшын тілінде CLIL әдістерін қолдану

 АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарды пайдаланып қажет информацияны анықтай білу

Бастапқы білім

  • Атом құрылысы.
  • ядро құрылысы;
  • изотоптар ұғымы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин

2 мин

5 мин

І Сәлемдесу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

  • «Карт-сортинг» Сәйкестендіру тапсырмасын орындау.Төменде берілген терминдерді олардың анықтамаларымен сәйкестендіру. Қажет болған жағдайда деректерді дәптерге жазып алу

1.молекула

2.атом,

3.нуклон

4.элктрон,

5.протон,

6.нейтрон

7.элемент;

8.изотоп

9.массалық сан

Іс-әрекет: жұптық.

Бағалау. Өзара. (жауабымен салыстыру арқылы)

Қосымша1

2.Менделеев кесесімен жалпысыныптық ауызша жұмыс. Берілген элементтің реттік номері бойынша протон санын, электрон санын, нейтрон санын анықтау.

массалық сан және атомдық нөмірі ұғымдарына тапсырмалар орындау;

изотоп ядросының құрамыан анықтау;

  • Физикалық диктант алу.

Іс-әрекет: жеке

Бағалау. Өзара.

Қосымшы2

Қырқылған үлестірме

Кесте

Үлестірме

Сабақтың ортасы

10 мин

8 мин

5 мин

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.

Активити «Миға шабуыл»

Проблемалық ситуация туғызу арқылы оқушының тақырыпқа тереңірек үңілуіне жағдай жасау

Сұрақ 1.Аттас зарядтардың тебілетіндігін сіздер жақсы білесіздер.

Атом ядро құрамындағы протондар оң зарядталған. Сондықтар олар бір-бірінен тебіледі. Неге ядро осы тебіліс күшінің әсерінен ыдырап кетпейді?

Оқушыларға ойлануға 2 минут уақыт беріп, әр жұп өз ойларын ортаға салады. Идеялар бағаланады.Бірігіп талдап, ортақ шешімге келеді. Мұғалім оқушыларды қажет арнаға қарай бағыттап отырады.

Іс-әрекет: Жұптық

Бағалау. Өзара

Жалпысыныптық талдау ұйымдастыру.

Егер оқушылар гравитациялық күш туралы айтса, жұптарды 2 топқа біріктіріп, бір топқа екі нуклон арасындағы тартылыс күшін, екінші топқа 2 протон арасындағы Кулон күшін есептеуді ұсыну. Нәтижесін салыстыру. Проблемадан шығу жолын әрі қарай қарастыру. Оқушыларды ядро ішінде тартылыс және Кулон күшінен бөлек басқа да бір күштің бар екендігі жөніндегі идеяға бағыттау.

Іс-әрекет. Топтық.

ІV.Сабақ тақырыбымен таныстырып, сабақ мақсатын ашу.

Бағалау критерилерін тағайындау.

Ядролық күштің

  • -тек ядордағы көрші нуклондар арасында ғана болатынын;
  • нуклон зарядына тәуелсіз екенін
  • күшті күш екенін
  • өте қысқа аралықта ғана әсер ететінін

Әр критерий бойынша талдау жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Ядролық күш ұғымын беру.

V. Жаңа сабақты пысықтау.

Тапсырма1: Ядролық күш деп қандай күшті айтамыз?

Оқушылар дәптерлеріне ядролық күштің анықтамасын өз беттерінше жазуы тиіс.Бірнеше оқушы өз анықтамасын оқиды.( Ядродағы нуклондарды ыдырап кетуден сақтап, оның берік байланысын қамтамасыз ететін күштер ядролық күштер деп атайды.)

Бағалау. Мұғалім коментариі

Тапсырма2. Ядролық күштің қасиеттерін жаз:

( - Күшті әрекеттесу күштері болып табылады.

-Тартылыс күштері болып табылады.

-Нуклондардың электр зарядының бар-жоғына тәуелсіз әрекет етеді.

-Ядролық күштер барлық нуклондармен емес, тек өзіне жақын көршілерімен ғана әрекеттеседі.

-Ядролық күштер центрлік күштер қатарына жатпайды.)

Бағалау. Мұғалім коментариі

VІ. Қорытындылау. Активити: «шын-жалған»

Оқушылардың жеткен жетістіктеріне талдау жасалып, оқушылардың тақырыпты қаншалықты ұққандығы бағаланады..

Іс-әрекет. Жеке

Бағалау. Өзара

Қосымша3

Протон және нейтрон масссы, ара қашықтығы туралы мәлімет

презентация

үлестірме

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

оқушылар сабақ барысында жұпта, топта жұмыс жасады. Жалпысыныптық талдау да жүргізілді. Оқушы көбіне өзін-өзі бағалады.

Оқушыларыдың өз ойын нақты жаза білуіне көңіл бөлінді. үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Оқушылардың сабақта белсенділігіне көңіл бөлу.

Желдеткішті ашып, сынып бөлмесінің ауасының таза болуын қадағалау,

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ барысында қойылған мақсат :Ядролық күштің не екенін білу,Оның қасиеттерін нақты біліп,талдап бере алу .Осы мақсатқа барлық оқушының жету мүмкіндігі жоғары. Себебі қарастырылатын мәселелер өте жинақы, нақты.

Оқушының мақсатқа жеткен-жетпегендігін соңы бекіту тапсырмасы арқылы бағалауға болады.

Сабақ кезінде тақырыптан ауытқу болған жоқ. Атом құрылысы туралы оқушылардың білімі толыққанды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша1

  • молекула
  • атом
  • нуклон
  • изотоп
  • протон,
  • нейтрон

Жай немесе күрделі заттың негізгі химиялық қасиеттерін сақтайтын және өздігінен өмір сүретін ең кіші бөлшек

Химиялық элементтерді құрайтын, олардың өзіне тән ерекшеліктерін сақтайтын ең кішкене бөлшек.

Барлық атом ядроларын құрайтын протондар мен нейтрондардың жалпы атауы

Протондар саны бірдей, нейтрондар саны әр түрлі атомдар

Ядро құрамындағы оң зарядталған бөлшек

Ядро құрамындағы зарядталмаған бөлшек

  • элктрон,

Ядро құрамындағы теріс зарядталған бөлшек

Қосымша2.

Сөйлемді толықтыр:

Атом ядросындағы _________________ саны химиялық элементті анықтайды, өйткені ____________ саны өзгере алады. Ядродағы ________________ саны әр түрлі бірдей элементтер элементтің изотоптары деп аталады. Бір элемент изотоптары бірдей ________________ қасиетке ие, бірақ кейбір ________________ қасиеттері басқаша болуы мүмкін, себебі олардың тығыздығы бірінен сәл өзгешеленеді. __________________ нуклонның екі түрінен тұрады. Олар: электр заряды ______________ нейтрондар мен ______ зарядталған протондар. Ядродағы нуклондар саны атомның _________________ , ал протондар саны _______________ деп аталады. Ядродағы _________________ саны атомды ерекшелейді.

Қосымша3

Ядролық күш туралы айтылған дұрыс тұжырымға «+», қате тұжырымғы «-» белгісін қойыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу