Энергияның сақталу және айналу заңы. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3В Сақталу заңдары | Мектеп: Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Энергияның сақталу және айналу заңы. | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.3.1 - механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік жолмен анықтау; 9.2.3.2 - жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру, энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану; 9.2.3.9 - денелер жүйесінің әрекеттесуі кезінде кинетикалық энергияның өзгеруі мен импульстің сақталу заңын түсіну; | |
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: Дененің кинетикалық энергиясы, ауырлық күші мен серпімділік күші әрекет ететін потенциалдық энергия, тұйық жүйе ұғымдарын қолданады; Энергияның сақталу және айналу заңын біледі; Көптеген оқушылар: Энергия түрлерін ажырата біледі; Механикалық энергия, потенциалдық және кинетикалық энергия ұғымдарының физикалық мағынасын тұжырымдай алады; Кейбіреуі: Энергияның формуласына күрделі есептер шығара алады;Энергияның сақталу және айналу заңын сапалы және сандық есепте шығаруда қолдана алады; | |
Бағалау критерилері |
| |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар «Энергияның сақталу және айналу заңы» бойынша терминдерді қолдана алады Пәнге тән лексика мен терминология: Энергия, масса, жылдамдық,кинетикалық және потенциалдық энергия,тұйық жүйе; Диалог пен жазу үшін қажет сөз тіркестер: Энергия (гр. energeіa – әсер, әрекет)
| |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу; Оқушылар өз ойларын ашық айтуға үйрету; Оқушыларды ізденімпаздық қасиетке баулау; Топта бірігіп жұмыс жасай алуға үйрету; | |
Пәнаралық байланыстар | Математика | |
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаның қажетті мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы, интернет желісінен ақпараттар іздегенде тиімді жолдарды таңдауы. | |
Бастапқы білім
| Физика 7 сынып, 9 сынып бойынша Масса. Жылдамдық.Импульс. Энергия. Потенциалдық және кинетикалық энергия. | |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы | 1 сабақ 1.Ұйымдастыру кезеңі | Презентация | ||
Сабақтың ортасы ортасы | (W) Активити: Миға шабуыл 1.Импульс дегеніміз не? 2.Импульстің неше түрі бар және формулалары қандай? 3. СИ жүйесінде дене импульсінің өлшем бірлігі қандай? 4. Импульстің сақталу заңының формуласын атаңыз. Энергияның сақталу және айналу заңы. 2.Сабақ мақсатын анықтау. Жаңа сабақ (W) Видео көру: https://youtu.be/BgkSHjVF0tU (W) Сын тұрғысынан ойлауға арналған сұрақтар ? Видео арқылы тексеру https://youtu.be/KlgfAXD1mQI Оқушылардың жауаптарын тексеру Энергияның сақталу және айналу заңы Энергия ешқашан жоғалмайды және «жоқтан» пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге түрленеді және бір денеден екінші денеге беріледі.
Ағаш бұтақтарының потенциалдық энергиясы бар, өйткені олар жерге құлап кетуі мүмкін. Бұтақ неғұрлым ауыр және ол жерге неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның потенциалдық энергиясы көп болады. Сол сияқты жоғарғы бұтақта ілулі тұрған жемістің де потенциалдық энергиясы бар. Жеміс құлаған кезде оның потенциалдық энергиясы қозғалыс энергиясына (кинетикалық энергия) айналады. Ал жерге тиген кезде кинетикалық энергия жылу энергиясына айналады. Гидроэлектрлік бөгеттің артындағы су орасан зор потенциалдық энергияны сақтайды, өйткені ол бөгеттің екінші жағындағы суға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде. Мұндай бөгеттердің қақпалары ашылған кезде су төмендей бастайды және жинақталған потенциалдық энергия кинетикалық энергияға айналады, ол электр энергиясын өндіру үшін турбиналарды айналдырады Дескрипторлар:
(I, G) Есептер шығару 9.2.3.2 - жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру, энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану; А деңгей 1.Жалпы массасы 50 т реактивті ұшақты ұшқыш Жермен салыстырғанда 300 м/с жылдамдықпен басқарып келеді. Ұшақтың кинетикалық энергиясы қандай? 2. Массасы 2 т тікұшақ 20 м биіктікке көтерілді. Оның потенциалдық энергиясы қандай биіктікте 600кДж-ға тең болады? 3. Дене жерден 5 м биіктіктен жерге еркін түсе бастайды. Дененің жермен жанасу сәтіндегі жылдамдығын анықтаңыз.
9.2.3.9 - денелер жүйесінің әрекеттесуі кезінде кинетикалық энергияның өзгеруі мен импульстің сақталу заңын түсіну; В деңгей 4.Кинетикалық энергиясы Ek=16 Дж және импульсі P=8кг*м/с болатын дененің жылдамдығы мен массасы неге тең? 5.Массасы 100 т ұшақ Жерден 1 км биіктікке көтерілгенде жылдамдығы 200 м/с болады. Оның Жермен салыстырғандағы энергиясы қандай? 6.Зат d биіктіктен еркін құлады. d/2 және d/4 биіктіктерінен дененің потенциалдық энергияларын салыстырыңыз.
9.2.3.1 - механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік жолмен анықтау; С деңгей 7.Массасы 2 кг дене жерге 30 м биіктіктен түседі. Дененің 15 м биіктікте болған кездегі және жерге келіп түскен кездегі кинетикалық энергиясын табыңыздар. 8. Массасы 9 г оқ қалыңдығы 5 см тақтайға 600 м/с жылдамдықпен соғылып, 200 м/с жылдамдықпен тесіп өтеді. Оның кинетикалық энергиясын, істеген жұмысын және тақтайдың кедергі күшін анықтаңдар. (Кедергі күші өзгермейді). 9.Суретте жүктің потенциалдық энергиясының оның жер бетінен көтерілу биіктігіне тәуелділігі көрсетілген. Бұл жүктің массасы қандай?
Рефлексия: «Алма ағашы» әдісі арқылы әр оқушы берілген сөйлемдерді стикерге аяқтап жазып,ағашқа іледі. (W) Қиындық тудырған тапсырмаларды талдау | Презентация https://youtu.be/BgkSHjVF0tU https://youtu.be/KlgfAXD1mQI | ||
соңы | Рефлексия Үй жұмысы Энергия. Кинетикалық энергия. Потенциалдық энергия.Энергияның сақталу және айналу заңы. | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.