Ньютонның үшінші заңы. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.2 А бөлім Динамика: деформация, күштер және Ньютонның қозғалыс заңдары

Мектеп: НЗМ Қызылорда қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ньютонның үшінші заңы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.5 - Ньютонның үшініші заңын тұжырымдау және оны есеп шығаруда қолдану

 Сабақ

 мақсаттары

Барлық оқушылар: Ньютонның үшінші заңының тұжырымдай алады және формуласын біледі,

Оқушылардың көбісі: Ньютон үшінші заңын қолдана алады;

Кейбір оқушылар: Ньютон үшінші заңына байланысты тәжірибелерді салыстырып талдай алады, қорытынды жасай алады.

 Бағалау

 критерийлері

Білу және түсіну

Қолдану

Анализ

Салыстыру

Ньютонның үшінші заңының тұжырымдамасын біледі,

Ньютонның үшінші заңының формуласын біледі,

Әртүрлі денелердің өзара әрекеттесуі бойынша тәжірибелердің нәтижелерін түсіндіре алады

Ньютон заңдары бойынша мысалдарды түсіндіріп, есептерді шығарады

Ньютон заңдарының әділеттілігін растайтын тәжірибелерді түсіндіре алады

 Тілдік

  мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Динамика

Динамика

Dynamics

Дене тыныштық күйде болады

Тело находится в покое

A body is at rest

Күш

Сила

Force

Масса

Масса

Mass

Тең әсерлі күш

Равнодействую-

щая сила

Resultant force

Өзара әсер

взаимодействие

interaction

Бағыт

направление

direction

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Не әсер етеді ……

Сіздің пікіріңізше, егер …..

…….не болатыны туралы болжамдаңыз…..

 Құндылықтарды

  дарыту

Оқушыларды өз пікіріне сын көзбен қарауға, топтық және жұптық жұмыстарды орындауда өзгелердің пікірімен санасу, құрметтеуге дағдыландыру.

 Пәнаралық

 байланыстар

Математика, ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі, физика тарихы.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Интернет желісінен өздеріне қажетті ақпараттың қажеттісін тауып, пайдалана білу.

Бастапқы білім

Оқушылар Гук заңын, 7 сыныпта өткен серпімді деформация тұжырымдамасын еркін түсу жағдайындағы затқа әсер ететін күштер сызбасын қолдануда және сондай-ақ түзудің теңдеуін математикалық тұрғыдан түсінуде тәжірибелері бар болуға тиіс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(W) Сыныппен жұмыс. Бейне көрсетілім.

і. Ұшақтың ұшуын және тоқтауын көрсететін видео:

http://www.youtube.com/watch?v=rqzyhFzim3w&safe=active

Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

- Осы бейне фильмде қандай денелер өзара әрекеттесіп тұр?

- Олардың өзара әрекетін қалай байқадыңыздар?

- Ол күштер өзара тең бе?

- Бағыттары туралы не айтуға болады?

іі. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарымен таныстыру

Ұшақтың ұшуын және тоқтауын көрсететін видео:

http://www.youtube.com/watch?v=rqzyhFzim3w&safe=active

(D) Демонстрация. Ньютонның үшінші заңы.

Мұғалім Ньютонның үшінші заңын көрсету үшін, қарапайым таразыдағы салмақ ыдыстарына серіппелі таразыны іле алады. Демек, ыдыс жоғарыға бағытталған күшті, ал серіппелі таразы төмен бағытталған тең және қарама -қарсы күшті тіркейді. Магниттер және соқтығысатын машиналар немесе екі оқушы скетбордта бір- бірін итеруі мүмкін т.с сияқты мысалдарды да келтірілуі мүмкін.

і. Осы суреттерде қандай денелер өзара әсерлеседі?

іі. Осы күштердің бағыттары қалай бағытталған?

ііі.Өзара әрекеттесетін күштердің қайсысы үлкен немесе кіші деп ойлайсыздар?

іv. Осы күштердің табиғаты қандай?

(W) Сыныппен жұмыс

Бейне көрсетілім.

https://www.youtube.com/watch?v=IQR4vWU8lrM

https://www.twig-bilim.kz/kz/film/newtons-laws-of-motion

https://www.youtube.com/watch?v=f0i9ok3ajW0

https://www.youtube.com/watch?v=i7hLHVWyq4M

(Т) Мұғалім түсіндірмесі

Ньютонның 2-ші заңын қарастырғанда, белгілі бір денеге басқа денелердің әрекетін қарастырғанда, сол белгілі бір дененің басқа бір денеге жасайтын әрекетін ескерген жоқпыз.күнделікті өмірдегі көп жағдайда кез келген әрекет қарсы әрекетпен қатар жүретініне назар аудара бермейміз. Мысалы, жұмсақ орындық үстіне ауыр сөмке қойсақ, онда орындықтың сөмке қойылған жері аздап иіледі. Сөмке салмағының орындыққа әрекет ететінін әркім-ақ байқайды. Алайда орындық тарапынан да сқмкеге күш әрекет ететінін ескере бермейміз. Өйткені орындық үстіне қойылған сөмке құламайды, демек орындық тарапынан оған жоғары қарай бағытталған күш әрекет етеді. Осы мысал және осыған ұқсас көптеген мысалдар денелер өзара әрекеттескенде, бір-біріне қарама-қарсы бағытталған екі күш-әрекет және қарсы әрекет күштері пайда болатынын көрсетеді.

Өзара әрекеттесі күштері модулі бойынша тең бе?

Әрекет және қарсы-әрекет күштердің теңдігі туралы Ньютонның 3-ші заңы былайша тұжырымдалады:

Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бер болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама-қарсы:

Әрекет және қарсы әрекет күштерінің ерекшелігі:

(G) Топтық жұмыс. Постер немесе көрініс

Оқушылар өздері тап болған бірнеше күштерді сынап, Ньютонның үшінші заңыңдағы күшке жұп болатын басқа бір күшті ұсына алады, мысалы, ұшаққа әсер ететін төртінші күшті.

Немесе бірнеше суреттердегі әсер мен қарсы әсер күштерінің бағытын салып көрсету.

і. 1-ші денеге 2-ші дене тарапынан әсер ететін күштің бағытын салыңыз

іі. 2-ші денеге 1-ші дене тарапынан әсер ететін күштің бағытын салыңыз

ііі. осы екі күштің бағыты туралы не айтасыз?

іv. осы екі күштің табиғаты туралы не айтасыз?

v. осы денеге әсер ететін күштер бір дене түсірілген бе, әлде әртүрлі денелерге түсірілген бе?

vі. осы денеге әсер ететін қорытқы күш неге тең және оның бағыты қандай?

(W) Сыныппен жұмыс

і. топтық жұмысты қорғау

іі. топтық жұмысты бағалау критерийлер бойынша

ііі. қатемен жұмыс, кері байланыс

(Р) Жұптық жұмыс

Жұмыс парақтары беріледі.

1-жұп:

1. Екі бала динамометрді екі жаққа қарай тартады. Балалардың әрқайсысы динамометрге 80 Н күш түсіреді.Динамометр нені көрсетеді?

2. Кеме қайықпен соқтығысқанда, қайықты өзіне еш зиян келтірмей оңай батырып тастайды. Өзара әсерлесетін күштердің теңдігі арқылы осы құбылысты қалай түсіндіруге болады?

2-жұп:

1. Жермен жүріп келе жатқан адам мен Жер өзара әсерлесу кезінде жердің алатын үдеуі туралы не айтуға болады? Жаубыңызды түсіндіріңіз.

2. Егер желкенді кемеде орналасқан қуатты желдеткішпен желкенді қайықтың желкендеріне жел үрлеу арқылы жүзуге бола ма? Егер желкендерінің жанынан үрлесе не болады?

(W) Сыныппен жұмыс

і. жұптық жұмысты өзара тексеру

іі. жұптық жұмысты критерийлер бойынша бағалау

ііі. қатемен жұмыс, кері байланыс

(Іf) Жеке жұмыс

Жұмыс парақтары беріледі.

1-нұсқа.

Суреттерде берілген өзара әсерлесетін денелердегі өзара әрекеттесу күштерді және олардың бағыттарын салып көрсетіңіз.

2-нұсқа.

(W) Сыныппен жұмыс

і. жеке жұмысты өзара тексеру

іі. жеке жұмысты критерийлер бойынша бағалау

ііі. қатемен жұмыс, кері байланыс

Ньютонның үшінші заңын демонстарциялау:

http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/action-and-reaction-newtons-third-law

немесе:

http://www.youtube.com/watch?NR=1&v=9k48c9Z1VjY&feature=endscreen

https://www.youtube.com/watch?v=IQR4vWU8lrM

https://www.twig-bilim.kz/kz/film/newtons-laws-of-motion

https://www.youtube.com/watch?v=f0i9ok3ajW0

https://www.youtube.com/watch?v=i7hLHVWyq4M

Сабақтың соңы

Кері байланыс

9.2.2.5 - Ньютонның үшініші заңын тұжырымдау және оны есеп шығаруда қолдану

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үйге тапсырма:

§13. 11 жаттығу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу