Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары. | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты: | |||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Оқушылар саны | |||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.5.1.2 – эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтау; 8.5.1.3 – айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру; | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар білуі тиіс: - жарық сәулесі және екі орта шекарасы ұғымын; - диффузиялық және айналық шашырауды; - шашыратқыш бетке түсірілген нормаль ұғымын; - түсу бұрышы мен шағылу бұрышын сипаттау; - жарықтың шағылу заңын қолдану. | |||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | -жарық сәулесі және екі орта шекарасы ұғымын түсінеді; - диффузиялық және айналық шашырауды біледі; - шашыратқыш бетке түсірілген нормаль ұғымын түғымын түсінеді; - түсу бұрышы мен шағылу бұрышын сипаттайды; - жарықтың шағылу заңын қолданады. | |||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар физикалық процессті, заңдарды, теорияны, формуланы, алынған модельдерді, тұжырымдарды, тәжірибені сипаттау үшін пәндік лексиканы пайдаланады. Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Жарық бұл адамның көру қабiлетiн пайда ететiн электромагниттiк толқын. Жарық екi орта шекарасына түскен кезiнде жарықтың шағылу және сыну құбылыстары жүзеге келедi. Бетке түскен параллель сәулелер шағылған кейiн параллель болып қалса, онда айналық шағылу деп аталады. Бетке түскен параллель сәулелер шағылған кейiн параллель болмаса, онда диффузиялық шағылу деп аталады. Жарықтың шағылу заңы: түскен сәуле, шағылған сәуле және екi орта шекарасына тұрғызылған перпедикуляр бiр жазықтықта жатады. Түсу бұрышы шағылу бұрышына тең.
| |||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақ академиялық адалдық, жауапкершілік, өзара ынтымақтастық және өмір бойы білім алу құндылығын дамытуға бағытталған. | |||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Шағылу бұрышын есептегенде математика пәнімен байланыс. | |||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Жарықтың түзу сызықты таралу заңын біледі. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-3 мин | 1.Ой қозғау. Бізді қоршаған денелер жарық көзі болмаса да неліктен біз оларды көреміз? Оқушылар жұпта талқылайды, ой тұжырымдарын айтады, ал мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақтың мақсатына қарай бағыттайды. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3-5 мин 5-25 мин 25-35 мин | 2.Түсіндіру. Жазық айнамен оқушыларға Күн сәулесiнiң шағылуын демонстрациялаймыз. Бiз қандай құбылысты бақыладық? Бұл сұраққа оқушылар жауап береді. Сынып оқушыларына тапсырма: 1) Қайсы жағдайда жарық сәулесiнiң жазық айнадан шағылу бұрышы үлкен? Жұмыс парағы 1 Бұл сұраққа жауап беру үшiн бiз түскен сәуле, шағылған сәуле, түсу бұрышы және сыну бұрышы ұғымдарын анықтауымыз керек. Оқушылардың зерттеушілік дағдысын дамыту үшін практикалық жұмыс беріледі. Құрал жабдықтар: жазық айна, жарық көзi, бұрыш сызылған арнайы жабдық. Оқушылар жазық айнаға жарық сәулесiн түсiредi. Шағылған сәуле, түскен сәуле, түсу бұрышы және шағылу бұрышын анықтайды. Мұғалiм: оқушылардың жұмысын бақылайды және бағалайды. Қажет болған жағдайда көмек көрсетедi. Оқушылар: түсу бұрышы мен шағылу бұрышын салыстырады. Бұрыштарды өзгертiп тәжiрибенi қайталайды. Тәжiрибе нәтижесi бойынша қорытынды жасайды. Мұғалiм оқушылардың қорытындыларын тыңдайды. Соңынан жалпы қорытынды жасайды. Жарықтың шағылу заңы: Түскен сәуле, шағылған сәуле және сәуленің түсу нүктесінен тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Түсу бұрышы (i) шағылу бұрышына (r) тең. 3. Сабақты бекіту Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылайды және бағалайды.
| http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba07e-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_3.swf Жұмыс парағы Құрал-жабдықтар Үлестiрме материал Таратпа материал | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 мин | 4.Рефлексия. Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін. 5. Үй жұмысы: Физика және астрономия 8-сынып. § 61, § 64 оқу үшiн. | |||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Орташа қабілетті оқушыларға өздік жұмыс барысында бағыттаушы сұрақтар қойып, көмек көрсету. | Тәжірибе жасау барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтау | |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.