Электр тізбектері. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


«Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау» тақырыбына арналған есептер

Есептер

дескрипторлар

1

2

3

Кедергілері 2, 3 және 5 Ом үш тізбектей жалғанған резисторлардың жалпы кедергісі қандай? Сызбаны салыңыз.

Кедергілері 2 және 4 Ом екі параллель жалғанған резисторлардың жалпы кедергісі қандай?

Әрқайсысының кедергілері 2 Ом болатын 100 бірдей резисторлар параллель жалғанған. Олардың жалпы кедергісі нешеге тең?

  • Өткізгіштердің тізбектей жалғануы кезіндегі жалпы кедергіні анықтайды.
  • Өткізгіштердің параллель жалғануы кезіндегі жалпы кедергіні анықтайды.

4

5

Бір резистордың кедергісі 2 Ом, ал екіншісінікі 3 Ом. Олардың жалпы кедергісі 2 Ом-нан кем. Резисторлар қалай жалғанған – тізбектей ме әлде параллель ма?

Бір резистордың кедергісі 4 Ом, ал екіншісінікі 3 Ом. Олардың жалпы кедергісі 5 Ом-нан көп. Резисторлар қалай жалғанған – тізбектей ме әлде параллель ма?

  • Өткізгіштердің тізбектей жалғануы кезіндегі жалпы кедергіні анықтайды.
  • Өткізгіштердің параллель жалғануы кезіндегі жалпы кедергіні анықтайды.
  • Қорытынды жасайды.

6

7

Кедергілері 3 және 6 Ом резисторлар тізбектей жалғанып, кернеуі 4,5 В батарейкаға қосылған. Тізбектің ток күшін анықтаңыз.

Кедергілері 20 және 35 Ом екі резистор батарейкаға параллель қосылған. Бірінші резистордағы ток күші 0,2 А. Екінші резистордан қандай ток өтеді. Не себепті екі резистордағы ток күші әртүрлі?

Берілгенін жазады;

  • Өткізгіштердің жалпы кедергілерін анықтайды;
  • Тізбек бөлігі үшін Ом заңын жазады;
  • Тізбектегі ток күшін анықтайды;
  • Алынған білімдерге негізделіп қорытынды жасайды..

8

9

Ток көзінің кернеуі 3,6 В. Резисторлардың кедергілері сәйкесінше 2 және 4 Ом. Тізбектей және параллель жалғану кезіндегі тізбектің жалпы кедергісі мен әр резистордың ток күшін табыңыз. Электр тізбектерінің сызбаларын салыңыз.

Суретте көрсетілген сызба бойынша амперметрдің көрсеткіші мен электр тізбегінің жалпы кедергісін табыңыз, егер R1=10 Ом, R2=6 Ом.

  • Берілгенін жазады;
  • Өткізгіштердің жалпы кедергілерін анықтайды;
  • Тізбек бөлігі үшін Ом заңын жазады;
  • Тізбектегі ток күшін анықтайды;
  • Алынған білімдерге негізделіп қорытынды жасайды

10

Төменде көрсетілген тізбек бөлігінің кернеуі 54 В тең. Әрбір резисторлардағы ток күшін табыңыз 𝑅_1=6 Ом, 𝑅_2=36 Ом, 𝑅_3=18 Ом.

  • Берілгенін жазады;
  • Өткізгіштердің жалпы кедергілерін анықтайды;
  • Тізбек бөлігі үшін Ом заңын жазады;
  • Тізбектегі ток күшін анықтайды;
  • Алынған білімдерге негізделіп қорытынды жасайды


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.