Конденсаторлар. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ тақырыбы:

Конденсаторлар

Мектеп:

ХББ НЗМ Алматы

Мерзімі:

Мұғалімнің аты:

Балажигитова Н.К

Сынып:

Оқушылар саны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.10 – конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттау

Сабақ мақсаты

  • өткізгіштіӊ электр сыйымдылығыныӊ формуласы мен өлшем бірлігін білу және қолдану;
  • жазық конденсатордыӊ сыйымдылығын анықтайтын формуланы білу және қолдану;

Бағалау критерийлері

- өткізгіштіӊ электр сыйымдылығыныӊ формуласын және өлшем бірлігін біледі және қолданады;

- жазық конденсатордыӊ сыйымдылығын анықтайтын формуласын біледі және қолданады;

Тілдік

мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электр өрісі - Electric field

Электр өрісініӊ кернеулігі-Tension of electric-field

Электр өрісініӊ күш сызықтары-Lines of tension of electric-field

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

 Конденсаторларэлектр зарядын және электр өрісініӊ энергиясын жинақтайтын аспаптар.

 Конденсатор - диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіш пластинадан құралады.

 Пластиналарының пішініне қарай конденсаторлар жазық, цилиндрлік және сфералық болып бөлінеді.

 Электр сыйымдылық – конденсатордың заряд сақтау қасиетін сипаттайды.

 Электр сыйымдылығы – тек қана өткізгіштің (конденсатордың) пішініне және өлшемдеріне тәуелді.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында өзара бағалау және талдау жасай алу дағдысы қалыптасады.

Пән аралық байланыстар

Математика пәнімен байланыс есептер және формулалар қорытып шығару және графикті талдау .

Бастапқы білім

 

Оқушыларда электр өрісі, біртекті электр өрісі, электр өрісініӊ күш сызықтары және потенциал, потенциалдар айырымы туралы түсініктері қалыптасқан.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

5-7 мин

1. Теориялық материалды еске түсіру мақсатында оқушыларға қойылатын сұрақтар:

А) Өткізгіштер дегеніміз не?

Ә) Диэлектриктер дегеніміз не?

Б) Диполь деп нені айтамыз?

В) Электр сыйымдылығы дегеніміз қандай шама?

Г) Электр сыйымдылығының өлшем бірлігі?

Мұғалім оқушылардың жауаптарына кері байланыс жасай отырып, олар қателескен жағдайда түзетулер енгізеді.Мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақтың мақсатына қарай бағыттайды.

2. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге талқыланады.

  • өткізгіштіӊ электр сыйымдылығыныӊ формуласы мен өлшем бірлігін білу және қолдану;
  • жазық конденсатордыӊ сыйымдылығын анықтайтын формуланы білу және қолдану;

Сабақтың басы

7-30мин

30-35 мин

3. Оқушылардың қолдану дағдысын дамыту үшін берілетін тапсырмалар:

1. Конденсатор , бір-бірінен 4 мм қашықтықта орналасқан қырлары 10 см болатын шаршы пішінді парафинделген,диэлектрлік өтімділігі 2 тең, параллель пластиналардан тұрады. Конденсатордың электросыйымдылығын есептеңіз.

2. Ток көзіне қосылған конденсатордың сыйымдылығын 2 есе арттырғанда, пластиналар арасындағы кернеу қалай өзгереді?

3. Конденсаторды U кернеуге дейін зарядтағанда, ол q заряд алады. Егер пластиналардағы q зарядты 2 есе арттырғанда конденсатор сыйымдылығы қалай өзгереді?

4. А) Өткізгіштің электрсыйымдылығы дегеніміз не?

__[1]

В) ХБЖ электрсыйымдылығының өлшем бірлігі

[1]

С) Конденсатор бір-бірінен оқшауланған екі металл пластиналардан тұрады (суретте көрсетілгендей).

D) Зарядталған конденсатор энергиясының қайда жинақталатындығын түсіндіріңіз.

[2]

5. Конденсатордың электрсыйымдылығы төмендегі шамаларға қалай тәуелді болады?

(а) астарларындағы зарядқа

[1]

(b) геометриялық өлшеміне

[1]

(с) астарлары арасындағы ортаның диэлектрлік өтімділігіне

[1]

6. 9.0 В ток көзіне 30 мкФ конденсатор жалғанған.

  • Конденсатордағы зарядты есептеңдер.

[2]

  • Конденсатордың теріс зарядталған платасында қанша артық электрон бар?

7. Бірінші конденсатордың сыйымдылығы 0,5мкФ, ал екіншісі 5000пФсыйымдылыққа ие.

(i) Бірдей зарядтарды осы конденсаторларға жинақтау үшін қажетті кернеулерді салыстырыңыз

[2]

  • Бірдей тұрақты ток көзі полюсіне қосылғандағы конденсаторлардағы зарядтарды салыстыңыз.

[2]

8. Жазық конденсатор екі пластинадан тұрады, әр пластина ауданы S=200cм2тең және олар d=2мм арақашықтықта орналасқан, олардың арасында слюда орналастырылған. Егер, пластиналар арасындағы кернеу U=3кВ болса. (Слюданың диэлектриктік өтімділігі ɛ=6,ɛ0=8,85*10-12Кл/Н*м2))

(а) Конденсатордың электросыйымдылығын анықтаңдар

(в) Конденсаторға беруге болатын максималды зарядты анықтаңдар

Оқушылар дайын жауаптар арқылы өздік бағалау жүргізеді.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Конденсатордың электр сыйымдылығыныӊ формуласы мен өлшем бірлігін біледі және қолданады

  • электр сыйымдылығыныӊ формуласын біледі;
  • электр сыйымдылығын анықтайды;
  • сыйымдылық пен кернеу арасындағы тәуелділікті біледі;
  • сыйымдылық пен заряд арасындағы тәуелділікті біледі;
  • өткізгіштің электрсыйымдылығының физикалық мағынасын біледі;
  • сыйымдылықтың өлшем бірлігін біледі;
  • конденсатордың электрсыйымдылығының зарыдқа тәуелділігін біледі;
  • конденсатордың электрсыйымдылығының

геометриялық өлшеміне тәуелділігін біледі;

- конденсатордың электрсыйымдылығының

диэлектрлік өтімділігіне тәуелділігін біледі;

- конденсатордағы зарядты және электрон санын есептейді;

-кернеулерді салыстырады;

-зарядтарды салыстырады;

- конденсатордың сыйымдылығын және зарядын есептейді.

Сабақтың соңы

35-40 мин

4. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

5. Үй тапсырмасы: Физика және астрономия. 8-сынып.

§ 34. оқу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың топтық талқылауы және ауызша сұрақтарға жауап беру дағдысы бақыланады.

Оқушылар тест тапсырмалары мен есептерді орындай отырып өздік бағалау жасайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.