Үйкеліс күшін зерттеу. Физика, 7 сынып, дидактикалық материал.
ОАЖ____________________________________________________________________ сынып______ күні
Зертханалық жұмыс
«Үйкеліс күшін зерттеу»
Мақсат: Сырғанау үйкелісі дене салмағына, жанасатын беттер тегіне, беттер ауданына тәуелділікті зерттеу, үйкеліс күшін өлшеу білу.
Құралдар: ағаш тақтайша, ағаш бiлеуше, 50 грамдық жүктер жинағы, динамометр.
Жұмыс барысы:
А. Сырғанау үйкеліс күшінің дене салмағына тәуелділігін зерттеу
- Динамометрдi пайдаланып бiр, екi және үш жүгi бар бiлеушенiң Р салмағын анықтаңдар.
- Горизонталь орналастырылған тақтайшаға бiлеуше қойыңдар.
- Бiлеушеге динамометрдi бекiтiңдер де мүмкiндiгiнше оны тақтайша бойымен бiр қалыпты тартыңдар. Бiрқалыпты қозғалыс кезiнде бiлеушеге әрекет ететiн динамометрдiң серпiмдiлiк күшi керi әрекет ететiн сырғанау үйкелiс күшiне теңдеседi. Осы (Fүйк) күштi өлшеңдер.
- Бiлеушеге екi, содан кейiн үш жүктi тиеп тәжiрибенi қайталаңдар.
- Алынған нәтижелердi кестеге жазыңдар:
№ | Салмақ, Р, Н | Сырғанау үйкеліс күші, Fүйк, Н | |
1 | Білеуше | ||
2 | 1 жүгі бар білеуше | ||
3 | 2 жүгі бар білеуше | ||
4 | 3 жүгі бар білеуше |
B. Сырғанау үйкеліс күшінің бет материалына тәуелділігін зерттеу.
1. Білеушені ағаш жағымен ағаш тақтайға орналастырындар.
2. Білеушені бірқалыпты тақтай бойымен жылжытындар. Динамометр көрсеткішін дәптерге жазындар.
3. Білеушені резеңке жағымен орналастырып, тәжірибені қайталандар.
№ | Бет материалдары | Сырғанау үйкеліс күші, Fүйк, Н |
1 | ағаш | |
2 | резеңке |
С. Сырғанау үйкеліс күшінің жанасатын беттердің ауданына тәуелділігін зерттеу
1. Білеушені қолға алып, қай қырымен ағаш тақтайға қойып, динамометрмен жылжытуға ынғайлы болатынын қарастырындар. Қандай қыры ең кішкентай ауданға ие екенің анықтандар? Қандай қыры ең үлкен ауданға ие екенің анықтандар?
2. қырлардың аудандарының есептендер:
3. Білеушені үлкен қырымен қойындар. Білеушені бірқалыпты қозғалтындар. Динамометрдің көрсеткішін кестеге толтырындар.
4. Кішкентай қыр үшін тәжірибені қайталандар.
№ | Білеуше қырлары | Қыры ауданы, S, см2 | Сырғанау үйкеліс күші, Fүйк, Н |
1 | Үлкен қыры | ||
2 | Кіші қыры |
Сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасандар:
а) Сырғанау үйкелісі дене салмағына тәуелді ме? Қандай шамалар бірқалыпты болды, ал қайсы өзгерді?
ә) сырғанау үйкеліс күші жанасатын беттер қасиеттеріне тәуелді ма ? Қандай шамалар бірқалыпты болды, ал қайсы өзгерді?
б) сырғанау үйкеліс күші жанасатын беттер ауданына тәуелді ма? Қандай шамалар бірқалыпты болды, ал қайсы өзгерді?
Қорытынды жасандар:
*Қосымша тапсырма: А пунктіне график салындар (үйкеліс күшінің дене салмағына тәуелділігін зерттеу).
График бойынша нені анықтауға болады? Осы шаманы анықтандар
Бағалау критерийлері:
1 | Білеуше салмағын дұрыс анықтады | Өзіңді-өзің бағала | Мұғалімнің бағалауы |
2 | Үйкеліс күшін дұрыс анықтады | ||
3 | Үйкеліс күшінің дене салмағына тәуелділігін біледі | ||
4 | Сырғанау үйкеліс күші жанасатын беттер қасиеттеріне тәуелділігін біледі | ||
5 | Сырғанау үйкеліс күші жанасатын беттер ауданына тәуелділігін біледі | ||
6 | Қандай шамалар бірқалыпты болатынын, ал қайсы өзгеретінін біледі | ||
7 | Қорытындыны дұрыс жазады |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру