Жобаның нәтижесін таныстыру. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 10 сабақ.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Берілген сабақта алдыңғы өткен тақырыптардың жиынтығы болып табылады. Яғни, оқушылар 3 бөлімде алған шығармашылық, орындаушылық дағдыларын қолданады. Ұсынылған сабақты ұйымдастыру кезеңінен яғни, сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстырудан бастаңыз. Қорытынды сабақ болғандықтан, шығармашылық жоба дайындығын ұсыныңыз.

- Бұл бөлімде қандай тақырыптарды талдадық?

- Қандай музыканттармен таныстыңыздар?

- Қандай музыкалық шығармалар тыңдадыңыз?

- Өнердің қандай түрін есіңізге сақтадыңыз? Неге?

Алдыңғы сабақта бастаған шығармашылық жобаны дайындау үшін белгілі бір уақыт беріңіз.

Тапсырма. Топта жұмыс жасау.

1-ші топ - «Музыка және поэзия» тақырыбына – 4 шумақ өлең жолдарын құрастырыңыз, әйгілі жазушылар туралы ақпарат іздеңіз.

2-ші топ - «Музыка және кескіндеме» - Наурыз, 8-наурыз арналған сурет жазу.

3 топ - «Музыка және театр» тақырыбына - (ертегі, ықшам қойылым) кішігірім қойылым ойластырыңыз.

4-ші топ - «Музыка және кино» - компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып музыкалық композицияға жөндеу жасаңыз.

Топтарда шығармашылық жоба дайындаңыз. Жоба құрастыруда музыкалық аспаптар, компьютер бағдарламаларын, әндер аудиожазбаларын, т.б. қолданыңыз.

Презентация тапсырмасында әр топ сынып алдында өз жобасын таныстырады.

Сұрақтарға жауап беруді сұраңыз:

  • Сіздің тақырыбыңыз қандай?
  • Топта рөлдерді қалай бөлдіңіз?
  • Қандай әндер таңдадыңыз?
  • Шығармашылық жоба дайындауда не үйрендіңіз?
  • Жобаның қай бөлімі сәтті орындалды?алдыңғы сабақта қолданған жоба жоспарымен таныстыруды сұраңыз:

Сыныбы:

Тобы:

Аты-жөні

Рөлі

Қажетті ресурстар

Қойылымға арналған музыка

Қосымша

Орындалу уақыты

Бағалау тапсырмасын орындау үшін бағалау критерийлерін ұсыныңыз:

Топтық жұмыс;

Орындау барысындағы ансамбльдік шешім;

Сюжет пен музыканың сәйкестігі;

Шығармашылық шешім.

Әр топ орындалған шығармашылық жоба жұмыстарына баға береді.

*Берілген критерийлерді толықтыруға болады.

Сабақ соңында шағын рефлексия жүргізіңіз:

Жоба барысында:

  • Сізге қай топтың жұмысы ұнады? Неге?
  • Не сәтті орындалды?
  • Қандай қиындықтар болды?
  • Не қызықты болды?

 Сабақты оқушылардың жыл бойына жасаған жұмыстарына кері байланыс беру арқылы аяқтаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу