Музыкалық сарай. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 1-сабақ.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Сәулет өнері» бөлімінің бірінші тақырыбы «Музыкалық сарай» деп аталады. Сабақты Астананың көрікті ғимараттарының суретін оқушыларға көрсетуден бастаңыз. Дидактикалық материалдар.1-қосымша.
Сұрақтарды талқылаңыз,сәулет өнері не екенін айтыңыз. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырыңыз.
1-тапсырмада алдыңғы сабақта үйренген Е.Тілепбердиевтің сөзіне жазылған,
Х. Сетековтың«Әуендер сарайы» әнін тыңдап, еске түсіруді және
А.Естеновтың сөзіне жазлыған А. Танидің «Ай келбетті Астана» әнін тыңдауды ұсыныңыз.
2-тапсырмада әндерді тыңдаған соң сұрақтарды талқылап, музыкалық форма дегенге түсінік беріңіз және олардың түрлерімен таныстырыңыз. Оқушыларға музыкалық сөздік дәптерлеріне жазып алуды тапсырыңыз. Ән- шумақтық және шумақыты-қайырмалы болып келетінін айтып, тыңдаған әндерінің формасын анықтауды тапсырыңыз.
- «Әуендер сарайы» -3 шумақтан және қайырмадан тұрады. Шумақты-қайырмалық форма.
- «Ай келбетті Астана» -3 шумақтан тұрады. Шумақты форма.
3-тапсырмада оқушыларға А.Естеновтың сөзіне жазлыған А. Танидің «Ай келбетті Астана» әнін қайта тыңдауды ұсыныңыз.Әннің сөзін таратып беріңіз. 2-қосымша.
Әнді ережеге сай үйретіңіз. Әнге дирижерлық қимылды қосып орындауды көрсетіңіз. Әннің көркем бейнесін аша жұппен және топпен орындауды тапсырыңыз.
Орындауды критерий бойынша бағалайтыныңызды ескертіңіз.
Орындауды бағалау критерийі
- әннің сөзін ұғынықты айтады;
- әннің ырғағын сақтайды;
- әннің көркемдік мазмұнын жеткізеді:
- әнді дирижерлық қимылды қосып орындайды.
Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:
- сәулет өнері туралы біледі;
- музыкалық форма және оның түрлерін біледі және атай алады;
- әннің формасын анықтай алады;
- әнді көркем бейнесін жеткізе отырып орындайды;
- әнге дирижерлық қимылды қосып орындайды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру