Оркестрде ойнайық. Музыка, 3 сынып, дидактикалық материал. 4 - сабақ.


Дидактикалық материалдар.

1-қосымша.

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.

2-қосымша.

Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық әртісі, өнертану ғылымының докторы , профессор, академик. 1934 жылы  А. Қ. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. 

https://www.oner.kz/tulgalar-music/view/4305-ahmet-zhubanov

Оркестр–музыкалық шығарманы әр түрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар тобы. Оркестрдің бірнеше түрі бар. 1. Халық аспаптар оркестрі 2. Симфониялық оркестр 3. Эстрада оркестрі 4. Ішекті аспаптар оркестрі 5. Әскери оресктр 6. Джаз жанрындағы оркестр 

Дирижер (фр. dіrіger – бағыттау, басқару) – музыкалық шығармаларды орындаушылар тобын басқаратын жетекші.

3-қосымша.

Жетіген үні

Сөзін жазған: Е.Тілепбердиев,

Әнін жазған: Б. Аманжол

1.Мың түрлі әуені бар,

Салт-дәстүр дәнегі бар.

Асықтан тиегі бар,

Халқымның мәйегі бар.

Қайырмасы:

Жетіген аспабын-ай,

Сазының асқағын-ай.

Үні бар мөлдір, әсем,

Аспап жоқ басқа мұндай.

Ойна деп он саусақпен,

Тіземде жатқанын-ай.

2.Шектерін шерткен сайын,

Сазды әуен төккен дәйім.

Қосылып ән салғанда,

Бойыңнан кеткен уайым.

Қайырмасы:

Жетіген аспабын-ай,

Сазының асқағын-ай.

Үні бар мөлдір, әсем,

Аспап жоқ басқа мұндай.

Ойна деп он саусақпен,

Тіземде жатқанын-ай.

3.Мөп-мөлдір сезімдей бір,

Анамның сөзіндей нұр.

Жанымды жадыратқан,

Бабамның көзіндей бұл.

Қайырмасы:

Жетіген аспабын-ай,

Сазының асқағын-ай.

Үні бар мөлдір, әсем,

Аспап жоқ басқа мұндай.

Ойна деп он саусақпен,

Тіземде жатқанын-ай.

4-қосымша. Жастар биі күйінің нотасы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.