Көлік дайындаушылар! Музыка, 2 сынып. Дидактикалық материал.


5С-бөлім: Саяхат

Тақырып: Көлік дайындаушылар!

Оқу мақсаты:

2.2.3.1

қарапайым әдістер арқылы материалдар мен компоненттерді біріктіру, қосу, жинақтау, формасын келтіру, белгілеу, қию, өлшеу

2.2.3.2

бұйым немесе форманың сыртқы түрін жақсартуға арналған жабдықтар мен қарапайым өңдеу тәсілдерін танып білу және пайдалану

2.2.4.1

қауіпсіздік техникасын сақтап және оның маңыздылығын түсіне бастап, материалдар мен құралдарды пайдалану

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

-оқушы өзінің көлігіне арнап осьпен дөңгелек жасай алады және оны көлігіне орната алады;

-бұйым немесе форманың сыртқы түрін жақсартуға арналған жабдықтар мен қарапайым өңдеу тәсілдерін танып білу және пайдалану;

- қауіпсіздік техникасын сақтап және оның маңыздылығын түсіне бастап, материалдар мен құралдарды пайдалану;

Тапсырма. Сабаққа қажетті материалдар;

  • Түрлі-түсті қағаз.
  • Қайшы, желім, жай қарындаш, сызғыш, өшіргіш.
  • Әр-түрлі материалдар (пластик бөтелке, қақпақтар, дөңгелектер т.б.).

Оқушылармен өткен сабақтағы видеоны қарап еске түсіреміз осьті және оған қалай дөңгелекті бекітетінімізді тағыда осьпен дөңгелекті көліктің қаңқасына қалай орнататынды

(Ө, Ж, Т, қ) Оқушыларға (жеке, жұптарда немесе шағын топтарда) белгілі мақсат үшін көлікті қалай жасау керектігін ойлай отырып, дайындау үдерісін бастау ұсынылады.

Мынадай сұрақтарды қоюға болады:

Сізге көлік жасау үшін не қажет?

Қандай материалдар көлік жасауға сәйкес келеді?

Сізге қанша материалдар қажет?

Сіз тағы нені пайдаланатын боласыз?

Сіз қандай аспаптарды пайдаланасыз ?

Сіз көлігіңіздің сыртқы түрін/формасын қалай жасайсыз? Оның өлшемі қандай болады?

Сіз дөңгелек пен осьті корпусына қалай бекітесіз?

Сізге материалдар мен құралдармен жұмыс жасау кезінде қандай қауіпсіздік ережесін есте сақтау қажет?

Дескриптор:

Білім алушы

-оқушы өзінің көлігіне арнап осьпен дөңгелек жасай алады және оны көлігіне орната алады;

-бұйым немесе форманың сыртқы түрін жақсартуға арналған жабдықтар мен қарапайым өңдеу тәсілдерін танып білу және пайдалану;

- қауіпсіздік техникасын сақтап және оның маңыздылығын түсіне бастап, материалдар мен құралдарды пайдалану;



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу