Механизмді суреттер. Музыка, 2 сынып. Қосымша материал.


Бөлімше: 1.6 Дереккөздер және зерттеулер

Оқу мақсаты:

2.1.6.1

өзіндік және жинақталған тәжірибелер

негізінде қабылданған шешімдерді қолдау үшін ақпаратты жинақтай отырып, шығармашылық идеяларын шығару және дамыту

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • өзіндік және жинақталған тәжірибелер

негізінде қабылданған шешімдерді қолдау үшін ақпаратты жинақтай отырып, шығармашылық жұмыс барысында қолдану.

Тапсырма

Оқушылар берілген механизімді суретері бар ашықхаттарды жұптарында, содан соң шағын топтарында талқылап, сыныптастарына түсіндіреді. Алған ақпараттарын шығармашылық жұмыс орындау барысында қолдану.

Дескриптор:

Білім алушы

  • жұпта өз ойын айтады;
  • жұмыстың қалай орындалғанына пкір қосады;
  • топтық талқылауға араласады;
  • өз ойын нақты айтып, ынтықмақтаса жұмыс жасайды.

Бөлімше: 1.7 Жоспарлау

Оқу мақсаты:

2.1.7.1

бастапқы білімдері негізінде жоспарлауды және модельдеуді бастау

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Алған білімдері негізінде жұмысты орындайды.

Тапсырма

Оқушылар соңғы қоңыраудың суретін бейнелеп, кітаптың соңғы парағын жасайды.

1-кезең: А4 пішінді қатырма қағазды дәл ортасынан бүктеп, ашықхаттың мұқабасын дайындау.

2-кезең: Екінші А4 пішінін алып, суреттегідей 4 бөлікке бүктеу.

3-кезең: Дайын болған жолақтың бір жағына тарату материалдарында ұсынылған суреттердің біреуін тағдап, желммен жабыстырыңыз.

4-кезең: Жабыстырған бейнені түрлі-түсті қарындаштармен немесе фломастерлермен бояңыз. Жұмысты әр түрлі суреттермен дейнелеңіз(мысалы, шарлар, гүлдер, ленталар және т.б.)

Дескриптор:

Білім алушы

  • жұмысты орындау үшін бірнші тапсырмадан алған білімдерін қолданады;
  • жұмыстың орындалу кезеңін сақтайды;
  • суреттерді көркем бояйды;
  • жұмысты ұқыпты орындайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу