Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары. .


 Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері

Мектеп: Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сапарбаев Ж.Т., Айгараев Б.К

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.19

теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің анықтамасын білу;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешуді үйрену.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің анықтамасын біледі;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешеді;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шығаруда таңдалған тәсілді негіздейді;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешіміне түсінік береді;
  • теңдеулер жүйесін шешудің тиімді тәсілін таңдауын дәйектейді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • екі айнымалысы бар теңдеу;
  • теңдеулер жүйесі;
  • жүйенің шешімі;
  • алмастыру тәсілі;
  • мәндес жүйелер;
  • шексіз көп шешімі бар;
  • бос шешім;
  • теңдеулер жүйесінің шешімі;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу ...;
  • теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері...
  • екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесі ...;
  • бір теңдеуден ... өрнектеп аламыз;
  • жүйенің екінші теңдеуіне ... қоямыз;
  • екінші айнымалының сәйкес мәнін анықтаймыз;
  • «х - , у - ... болсын»;
  • айнымалылар мәндері екі теңдеуді де қанағаттандыратындықтан, ... құрамыз және шығарамыз;

жүйені шешіп, есептің жауабын келтіреміз.

 Құндылықтарды

  дарыту

Топтық тапсырмаларды орындағанда ынтымақтастық пен өзара құрмет құндылықтарын дарыту. Жеке тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру және қолдау, өзара құрмет, өзара жауапкершілік.

 Пәнаралық

  байланыстар

Бұл сабақта жаратылыстану-математика бағытындағы сабақтарда әртүрлі есептеулер үшін қажетті түсініктер қарастырылады.

 АКТ қолдану

 дағдылары

GeoGebra бағдарламасы арқылы екі айнымалысы бар теңдеулерді шешу жолын қарастыру.

Бастапқы білім

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу; бір айнымалыны екінші бір айнымалы арқылы өрнектей алу; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу дағдылары.

 Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 Сабақтың басы

 

 0 – 3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Біріккен оқу ортасын құру.

Үй тапсырмасын тексеру, көмек қажет ететін оқушыларға көмек ұйымдастыру.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру және қосу тәсілдері арқылы шешу алгоритмдерін қайталау.

Сабақтың басы

 3 – 38 мин

Оқушыларға құрамы ауысып тұратын топта жұмысын жалғастыруды ұсынады.

Әр топ орындайтын жұмыстарының тізімін алады.

Негізгі мақсат: «Топтың барлық мүшелері барлық тапсырмаларды шешіп білуі және олардың кез-келгенін көрсете білуі керек».

Сондықтан, әр оқушы өзіне тапсырма таңдайды. Ол тапсырманы толық шешімін, түсіндірмесін жазып орындайды, Егер оқушы таңдаған тапсырмасының шығару жолында қиындыққа кездессе немесе сенімсіз болса, онда осы тапсырманы орындауға жиналған басқа топтардан құралған жаңа топ мүшелерімен бірігеді. Шығару жолын жазады. Содан соң бастапқы топ мүшелері қайтадан бірігіп, өзара оқуды жүзеге асырады.

Тапсырма:

Топтама 1.

1) ; Жауабы: (-1; 1).

2) ; Жауабы: (4; -1).

3) ; Жауабы;()

Топтама 2.

1) ; Жауабы: (11; 6).

2) ; Жауабы: (3; 2).

3) ; Жауабы: (7; 5).

Топтама 3.

1) ; Жауабы: (5; 10).

2) ; Жауабы: (3; 1).

3) ; Жауабы: (7; 5).

Топтама 4. Теңдеулер жүйесін х пен у –ке қатысты шешіңіз.

1) ; Жауабы: ()

2) ;

Жауабы: (2a-3b; 3a-2b).

Топтама 5. Теңдеулер жүйесін х пен у –ке қатысты шешіңіз.

1) ; Жауабы:

2) ; Жауабы:

Топтама 6.

1) ; Жауабы:

2) ; Жауабы:

Жұмыс аяқталған соң мұғалім әр топтан есептің шешімін түсіндіруге бір оқушыдан шығуды ұсынады. Сонымен бірге олардың түсінік беретін есептерін басқа топ мүшелері таңдайды. Жұмыстың орындалуына қарай бағалау жүргізіледі. Дескрипторды ауыызша айту мүмкіндігін қолдану қажет.

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Слайд 4-9

Қосымша 1

Қосымша 2

Сборник задач по алгебре 6-7 классов, П.А.Ларичев, 1958 ж.

Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5

Қосымша 6

 Сабақтың соңы

 

 38 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • сабақ үрдісінде орындалған тапсырмалар туралы оқушы пікірі;
  • тапсырмалар ұнады ма, күрделілігі туралы не айтасыздар?

Үйге тапсырма.

«Рефлексиялық нысана»

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Слайд 10

 Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

 Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Математикалық дайындық деңгейіне сәйкес оқушылар топқа бөлінуі керек. Топтарға арналған тапсырмалар деңгей бойынша таңдалып, алынған.

Сондықтан оқушылар өзінің деңгейіне сәйкес тапсырманы таңдай алады.

Топтық жұмыста «бір тапсырманы» орындау кезеңін мұғалім қадағалайды және қажет болған жағдайда қолдау көрсетеді.

Топтық жұмыс аяқталғаннан соң оқушылардың жазбаша жұмысы тексеріледі (өзін-өзі бағалау және мұғалімнің бағалауы).

Құрамы ауыспалы топтарда жұмыс ережелерін сақтау, қосымша көңіл бөлу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.