Тура және кері пропорционалдық тәуелділік. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1А Қатынастар және пропорциялар | Мектеп: Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш. | ||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Тура және кері пропорционалдық тәуелділік | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.5.1.1 шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді ажырату және шығару;
| ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - қандай шамалар тура және кері пропорционалды болатынын түсіну; - тура және кері пропорционалдық тәуелділіктің анықтамасын білу; - тура және кері пропорционалдық тәуелділікке мысал келтіре алу; - тура және кері пропорционалдық тәуелділікті ажырата алу. | ||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы - қандай шамалар тура және кері пропорционалды болатынын түсінеді; - тура және кері пропорционалдық тәуелділіктің анықтамасын біледі; - тура және кері пропорционалдық тәуелділікке мысал келтіре алады; - тура және кері пропорционалдық тәуелділікті ажырата алады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - берілген бөлімнің терминдерін қолдана алады; - берілген қатынаста бөлуге, тура және кері пропорционалдық тәуелділікке, пайызға және масштабқа қатысты есептердің шешіміне түсінік береді; - пропорцияның белгісіз мүшелерін табу ережелерін тұжырымдайды; - шамалар арасындағы тәуелділіктің түрлері туралы ой тұжырымдайды; Бөлім бойынша лексика және терминология - пропорция; - пропорцияның негізгі қасиеті; - пропорцияның шеткі мүшелері; - пропорцияның ортаңғы мүшелері; - пропорцияның белгісіз мүшесі; тура пропорционалдық тәуелділік; кері пропорционалдық тәуелділік; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - а : b = с: d өрнегін «a-ның b-ға қатынасы c-ның d-ға қатынасындай» деп оқимыз; - а : b = c : d өрнегін «аb-ның қандай бөлігін құраса,онда c да d-ның сондай бөлігін құрайды» деп оқимыз; - пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін табу үшін ... керек; - пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін табу үшін ... керек; - берілген шамалар тура/кері пропорционал, себебі ...; | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Өмірмен байланысты есептер | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0 - 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Үй тапсырмасын тексеру. Ой қозғау: С-1: Қандай шамалар тура пропорциноал шамалар деп аталады? С-2: Тура пропоционалға мысал келтіріңдер. С-3: Қандай шамалар кері пропорциноал шамалар деп аталады? С-4: Кері пропоционалға мысал келтіріңдер. | Презентация | |||||
6 – 13 мин | Графикалық диктант -Егер екі шаманың біреуі 3 есе артқанда, екіншісі 3 есе кемитін болса, онда екі шама тура пропорционал болады - Жылдамдық тұрақты болғанда, уақыт пен арақашықтық арасындағы тәуелділік тура пропорционал болады. - Шаршының периметрі мен қабырғасының ұзындығы арасындағы тәуелділік кері пропорционал болады. - Машинаның жүк көтергіші мен олардың санының арасындағы тәуелділік кері пропорционал болады. - Егер екі шама кемігенде біреуі 2 есе, ал екіншісі 4 есе өссе, онда екі шама кері пропорционал болады. - Адамның жасы мен оның аяқ киімінің размері кері пропорционал болады. - Уақыт тұрақты болғанда жылдамдық пен арақашықтық арасындағы тәуелділік кері пропорционал болады. - Трактордың жұмыс жасаған күні мен оның шапқан жерінің аудуны тура пропорционал болады. - Бірдей дәптер сатып алады. Дәптердің саны мен оның сатып алған құны тура пропорционал болады. Дұрыс жауаптары: — + — + — — — + + | http://gigabaza.ru/doc/24958.html Қосымша 1 | |||||
14 – 23 мин | Өз беттік жұмыс. Тест жұмысы жүргізіледі. Жауаптарын дайын жауаппен өздері тексереді. | Математика 6 кл.Тесты. Журавлев С.Г и др. 2015 13-14 бет Қосымша 2 | |||||
24 – 25 мин | Сергіту сәті. «Көңілді күн» | ||||||
26 – 37 мин | Жеке жұмыс 1- тапсырма Тұрақты жылдамдықпен қозғалатын велосипедші белгілі бір жолдың бөлігін 6 сағатта жүріп өтті. a) Егер жүрілген жолдың ұзындығы 1,5 есеге артық болса, уақыт қанша есе өзгереді? b) Егер қозғалысқа кеткен уақыт 1 сағатқа кемитін болса, жүрілген жол қанша есе қысқарады? Дескриптор: Білім алушы
2-тапсырма Агрофирмада егістік алқабын 12 комбайн 8 күнде орып бітіреді деп жоспарлаған. a) Жұмыс уақытын 2 күнге кеміту үшін дәл сондай қанша комбайн қосу керек? b) Берілген алқапты 8 комбайн межелеген уақыттан қанша күнге кеш орып бітіреді? Дескриптор: Білім алушы
кері пропорционалдық шарты бойынша уақыттың айырмасын есептейді. 3-тапсырма Қазаншұңқырдан суды 24 сорғымен 30 күнде тартып шығаратыны белгілі. Егер 6 сорғы істен шығып қалса, берілген жұмыс неше күнге кешігіп бітеді? Дескриптор: Білім алушы
| Қосымша 3 | |||||
Сабақтың соңы 38 - 40 мин | Үйге тапсырма: Пропорция. Пропорцияның негізігі қасиеті. №147. Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. (3 минут) «Сөйлемді жалғастыр» (дәптерге жазады).
| Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011. | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Оқушылар сабақта жалпы сыныппен графикалық диктантты бірлесе отырып талдайды, түсінбеген есептерін бір-біріне түсіндіреді. Өз беттік жұмыстарды шығара отырып өз білімдерін шыңдайды. | Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту. Жалпы сыныптық, өз беттік жұмыста тапсырманы орындауда өзара бағалау жүзеге асады. | Сергіту сәті |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру