Аралас сандарды қосу және азайту. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: 5.1.2. Сандарға амалдар қолдану

Мектеп: Алматы қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Джургабаев С.Е.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Аралас сандарды қосу және азайту.

Сабақтың түрі:

Жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақ мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.1 натурал сандар жиыны ұғымын меңгеру;

5.1.1.11 аралас сан анықтамасын білу;

5.1.2.13 бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру;

5.1.2.20 аралас сандарды қосу және азайтуды орындау;

 Сабақ мақсаттары

Аралас сандарды ажырата алады;

Аралас санды бұрыс бөлшекке және керісінше, бұрыс бөлшекті аралас санға келтіреді;

Аралас сандарды қосуды және азайтуды біледі.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдырады;

Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырады;

Аралас сандарды қосудың және азайтудың ережелерін қолданады;

Натурал санға аралас санды қосуды біледі;

Натурал саннан аралас санды азайтуды біледі.

 Тілдік мақсаттар

Оқушы: екендігін түсінеді.

Аралас сандарды қосып, азайту үшін бөлшек бөліктерінің ең кіші ортақ бөлімге келтіру керектігін түсінеді.

Аралас сандардың бөлшек бөліктерінің ең кіші ортақ бөлімін табуды біледі.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бөлшек – дробь - fraction

Жай бөлшек – обыкновенная дробь – common fraction

Алымы – числитель - numerator

Бөлімі – знаменатель – denominator

Бұрыс бөлшек – неправильная дробь – improper fraction

Дұрыс бөлшек – правильная дробь - proper fraction

Бөлшектің бүтін бөлігі – целая часть дроби - the integer part of the fraction

Аралас сан – смешанное число - mixed number

Ортақ бөлім – общий знаменатель - common denominator

Қосу – сложение - addition

Азайту – вычитание - subtraction

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Аралас сан дегеніміз - ...

Бұл есептегі .... аралас сан, себебі, ...

... аралас санды қосу үшін, ... деп ойлаймын

... аралас санды азайту үшін, .... деп ойлаймын

... ең кіші ортақ бөлімге келтіреміз және ...

Бұл аралас санның бүтін бөлігін ...

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Бір-бірінің ойларын бағалау, жауапкершілікті сезіну, өзара сыйластық, командада жұмыс. Құндылықтарды дарыту жұптық жіне топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

 Пәнаралық байланыстар

Орыс тілі, ағылшын тілі (тілдік қатынастар бойынша)

Физика, география (мәтіндік есептер шығаруда)

Өзін-өзі тану (сергіту сәтін қолдануда)

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолдану

Бастапқы білім

Натурал сан ұғымы, аралас санның анықтамасы, жай бөлшектерді қосу және азайту, аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

«Миға шабуыл» стратегиясы

5 минут

Топпен жұмыс

15 минут

Сергіту сәті

«Күннің шуағы» стратегиясы

1 минут

Жұппен жұмыс

10 мин

Жеке жұмыс

Қалыптастырушы бағалау жұмысы

13 мин

Сабақтың соңы

«Аяқталмаған сөйлемдер» стратегиясы

1 минут

Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Бүгінгі сабақ мақсатын жариялау. Күтілетін нәтижемен таныстыру.

Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы байланысы арқылы шолу сұрақтары қойылады:

  • Жай бөлшек дегеніміз не?
  • Бөлшектің алымы дегеніміз не?
  • Бөлшектің бөлімі дегеніміз не?
  • Жай бөлшектерді қалай азайтамыз?
  • Жай бөлшектерді қалай қосамыз?
  • Ең кіші ортақ бөлім дегеніміз не?
  • Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
  • Дұрыс бөлшек дегеніміз не?

Үйге берілген тапсырма тексеріледі: мұғалім интербелсенді тақтада есептердің шығарылу жолдары мен жауаптарын көрсетеді, ал оқушылар өз есептерін сол жауаптармен сәйкестендіреді.

Жаңа білім.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бөлшек – дробь - fraction

Жай бөлшек – обыкновенная дробь – common fraction

Алымы – числитель - numerator

Бөлімі – знаменатель – denominator

Бұрыс бөлшек – неправильная дробь – improper fraction

Дұрыс бөлшек – правильная дробь - proper fraction

Бөлшектің бүтін бөлігі – целая часть дроби - the integer part of the fraction

Аралас сан – смешанное число - mixed number

Ортақ бөлім – общий знаменатель - common denominator

Қосу – сложение - addition

Азайту – вычитание - subtraction

Анықтама. Егер, жай бөлшек түрінде жазылса, онда бұл бөлшекті аралас сан деп атайды, мұндағы: a – бөлшектің бүтін бөлігі, b – бөлшектің алымы, c – бөлшектің алымы.

Бұрыс бөлшекті аралас санға келтіру үшін, алымындағы санды бөліміндегі санға бөліп, бүтін бөлігін ажыратып, түрде жазамыз.

Топпен жұмыс. 4-ке саналу арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді.

Әр топ мұғалімнің дайындап берген материалы бойынша өз постерлерін рәсімдеп, топпен өздерінің жұмыстарын басқа топтарға түсіндіреді, қалған топтардан сұрақтар болса жауап береді.

Анықтама. Егер, жай бөлшек түрінде жазылса, онда бұл бөлшекті аралас сан деп атайды, мұндағы: a – бөлшектің бүтін бөлігі, b – бөлшектің алымы, c – бөлшектің алымы.

Бұрыс бөлшекті аралас санға келтіру үшін, алымындағы санды бөліміндегі санға бөліп, бүтін бөлігін ажыратып, түрде жазамыз.

І топ. Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу.

№1. Мысал.

Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу үшін:

1) олардың бүтін бөліктерінің қосындысын, бөлшек бөліктерінің қосындысын табу керек;

2) бүтін бөліктерінің қосындысы мен бөлшек бөліктерінің қосындысын аралас сан түрінде жазу керек.

Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту.

№2. Мысал.

Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту үшін:

1) олардың бүтін бөліктерінің айырмасын, бөлшек бөліктерінің айырмасын табу керек;

2) бүтін бөліктерінің айырмасы мен бөлшек бөліктерінің айырмасының қосындысын аралас сан түрінде жазу керек.

Ескерту! Егер, азайғыш аралас санның бөлшек бөлігі, азайтқыш аралас санның бөлшек бөлігінен кіші болса, онда:

  • Азайғыштың бүтін бөлігінен 1 бүтінді алып, оны бөлшек түрінде жазу керек.

МЫСАЛЫ: азайғыш болса, онда жазу керек.

  • 1 бүтіннің бөлшек түріндегі жазылуына аралас санның (азайғыштың) бөлшек бөлігін қосып, оны бұрыс бөлшек түрінде жазу керек:
  • Азайғыш аралас санды бөлшек бөлігі бұрыс бөлшек болатын аралас сан түрінде жазу керек:

. Демек, .

№3. Мысал.

ІІ топ. Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосу.

№1. Мысал.

НЕМЕСЕ:

Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қосу үшін:

1) аралас сандардың бөлшек бөлімдерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;

2) бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу керек.

Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды азайту.

Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды азайту үшін:

1) аралас сандардың бөлшек бөлімдерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;

2) бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту керек.

№2. Мысал.

НЕМЕСЕ:

№3. Мысал.

.

ІІІ топ. Натурал сан мен аралас санды қосу.

№1. Мысал.

Натурал сан мен аралас санды қосқанда, натурал сан оның бүтін бөлігіне қосылып, қосындыға бөлшек бөлік тіркеліп жазылады.

Натурал саннан аралас санды азайту.

Натурал саннан аралас санды азайту үшін, натурал санды аралас сан түрінде жазу керек.

№2. Мысал.

НЕМЕСЕ:

ІV топ. Бөлшекке аралас санды қосу.

Жай бөлшекке аралас санды қосу үшін:

  • Оларды ортақ бөлімге келтіру керек;
  • Бөлшек бөліктерін өзара қосып, бүтін бөлікке тіркеп жазу керек.

№1 Мысал.

Аралас саннан натурал санды азайту.

№2 Мысал.

Аралас саннан натурал санды азайтқанда, аралас санның бүтін бөлігінен натурал сан азайтылып, бөлшек бөлігі тіркеліп жазылады.

НЕМЕСЕ: .

Сергіту сәті: «Күннің шуағы». А4 форматты қағазды төбелеріне қойып, мұғалімнің нұсқаулығымен: дөңгелек, оның шеттеріне 10 үшбұрыш, ішіне 2 кішкене дөңгелек, 1 жарты шеңбер 1 кесінді салуға тырысады, сонда шуағын шашып, күліп тұрған күннің суреті салынады. Жақсы көңіл-күймен сабақты жалғастырады.

Жұппен жұмыс.

№1. Есептеңіздер.

а) ә) б) ; в)

г)

№2.

1) 12м орам сымнан м қиып алынды. Орамда неше метр сым қалды?

2) Кері есеп. Есептегі бос орынды толтырып алып, шығарыңыз.

Орам сымнан м сымды қиып алғанда, орамда м сым қалды. Алғашқыда орамда неше метр сым болған?

№3. Теңдеуді шешіңіз: .

№4. Өрнекті ықшамдаңыз:

№5. Шаңғышы 45 км жолды үш сағатта жүрді. Ол бірінші сағатта барлық жолдың – ін, екінші сағатта бірінші сағаттағы жүрілген жолға қарағанда артық, ал қалған жолды үшінші сағатта жүрді.

Шаңғышы үшінші сағатта:

- барлық жолдың қандай бөлігін жүрді?

- неше километр жол жүрді?

Қалыптастырушы бағалау жұмысы.

Оқушының аты-жөні:

Сыныбы: 5 « » Күні:

Оқу мақсаттары:

Аралас сандардың түрін ажыратады;

Аралас сандарды қосудың ережесін біледі және қолданады;

Аралас сандарды азайтудың ережесін біледі және қолданады.

№1. Аралас сандарды анықтаңыз:

№2. Тракторшылар бригадасы бірінші күні барлық учаскенің екінші күні ал үшінші күні қалған 220 га жерді жыртып шықты. Учаскенің ауданы неше гектар болады?

№3. Қосуды орындаңыз: .

№3. Азайтуды орындаңыз: 5- .

№4. Завод 150 тоңазытқыш жасап шығарды. Осы тоңазытқыштардың ауруханаларға, ал қалғанының балабақшаларға жіберілді. Қанша тоңазытқыш балабақшаларға жіберілді?

Оқушылар сабақ соңында өз ойтолғаныстарын білдіру арқылы бүгінгі тақырып бойынша «Аяқталмаған сөйлемдер» бойынша рефлексия жасайды:

Бүгінгі сабақта мен: ................................................. үйрендім.

Бұған дейін мен: ...................................................... білуші едім.

Топпен жұмыс жасау кезінде: .....................................түсіндім.

Бүгінгі тақырып бойынша: .............................. түсініксіз болды.

Үй тапсырмаларын орындауға бағыттау:

Үйге тапсырма:

№25 Амалдарды орындаңыз:

2)

№726. Екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы автобус және жеңіл машина шықты. Автобус км, жеңіл машина км жүргенде, олар бір-бірімен кездесіп, сонан-соң бір-бірінен км-ге алыстады. Екі қаланың ара-қашықтығын табыңыз.

№3. Өрнекті ықшамдаңыз:

№4. Теңдеуді шешіңіз:

Қосымша 1

Интербелсенді тақта

Қосымша 2

Қосымша 3

Математика, 5. Шыныбеков Ә.Н.

Bilimland.kz

Қосымша 4

Дидактикалық материал, 5 сынып

Қосымша 5

Қосымша 6

Дидактикалық материал, 5 сынып

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

ЖАДАны қодану

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Өзін-өзі бағалау, топты бағалау, жиынтық бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктелді. Топпен жұмыс кезінде мұғалім өзі дайындаған үлестірме материалдарды үлестіреді, әр топ постерлерін рәсімдейді. Әрбір тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, әрі оқу бағдарламасына сай дайындалды. Тапсырмаларды жылдам орындап болған оқушыларға логикалық тұрғыдағы қосымша тапсырмалар дайындалған.

Бағалау критерийлері бойынша әр тапсырма бағаланады; өзін-өзі және бірін-бірі, сонымен қатар топты бағалау және қалыптастырушы бағалау іске асырылады.

«Миға шабуыл»,

жұппен жұмыс, жеке жұмыс, сергіту сәті: «Күннің шуағы», рефлексия: «Аяқталмаған сөйлемдер» стратегиясы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу