Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1C Жай бөлшектер

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Зыкрина С.Ж.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу

Сабақ түрі

Өткен материалды жалпылау сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 5.5.3.3 жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар координаталық сәуле бойынан нүкте координаталарын анықтай алады, сонымен қатар сәуле бойына жай бөлшектер мен аралас сандарды кескіндеуді үйренеді

 Бағалау критерийлері

Оқушы сабақ мақсатына мына критерийлер бойынша жетеді:

- нүкте координатасы ұғымын біледі;

- бірлік кесіндіні анықтайды;

- координаталық сәуледе бейнеленген нүктелердің координаталарын анықтайды;

- жай бөлшекті координаталық сәуледе кескіндейді;

- аралас санды координаталық сәуледе кескіндейді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • аралас сандар;
  • аралас санның бүтін және бөлшек бөліктері;
  • бір жарым, екі жарым, т.б.
  • координата;
  • координаталық сәуле;
  • бірлік кесінді;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- бірлік кесінді … тең

- нүкте координатасы тең

- ... нүктесін координаталық сәуледе кескіндеу үшін …..

Құндылықтарды дарыту

 

 

  • өзі мен өзгелерді сыйлау, түрлі пікірлерді сыйлау;
  • білім ала білу, өз бетінше ақпарат жинақтау, жағдаяттарды талдау, командада жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауапкершілік сезіну;
  • сыныптастарының қажеттіліктерін, көзқарастарын көру және түсіну, сынды қабылдай білу; топта және жұпта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Психологиялық тренингтер, математикалық логика

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Координаталық сәуле, бірлік кесінді, санақ басы, жай бөлшек, аралас сандар ұғымдарын білуі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Мұғалім мен оқушылар бір бірімен сәлемдеседі.

Мұғалім оқушылардың өзіне деген сенімділігі мен өзін сыйлау дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығу орындайды.

«Комплименттер»

Оқушылар шеңбер бойына тұрып бір біріне сыныптастарының жақсы қасиеттерін айшықтайтын жағымды сөздер айтады.

Сабақтың ортасы

3 минут

5 минут

2 минут

15 минут

13 минут

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар үй тапсырмаларымен ауысып, дайын жауаптар бойынша тексеру орындайды.

Бекіту.

«Молекулалар»

Мұғалім оқушыларға әртүрлі түсті және 1-ден 5-ке дейін номерленген карточкалар тарадаты.

Сынып карточкалар түстері бойынша топтарға бөлінеді және тапсырмалары бар қағаз парақтарын алады.

«Сары» карточкадағы бірінші тапсырманы орындайды.

«Көк» карточкадағы екінші тапсырманы орындайды.

«Қызыл» карточкадағы үшінші тапсырманы орындайды.

«Жасыл» карточкадағы төртінші тапсырманы орындайды.

«Ақ» карточкадағы бесінші тапсырманы орындайды.

Мұғалімнің белгісі бойынша оқушылар тапсырмаларды орындауын тоқтатып, парақтарында жазылған номерлер бойынша жаңа топтарға бірігеді. Сонда сандар бойынша біріккен топтарда барлық түсті карточкалар жинақталады.

Сергіту сәті.

Оқушылар орындарынан тұрып, мұғаліммен бірге жаттығулар орындайды.

Бір – созыламыз, созыламыз,

Екі – жиырыламыз, жазыламыз,

Үш – алақанды үш соғамыз,

Басымызды үш иеміз.

Төрт дегенде – қолды жаз.

Бес – қолды сермейміз,

Алты – отырамыз.

Жаңа топтарда әр оқушы кезекпен алдыңғы топпен қарастырған есебінің шығарылуын түсіндіреді. Басқа оқушылар оның есебін тексеріп, ол түсіндіріп болғаннан кейін бір сұрақ қояды.

Мұғалім әрбір оқушының нәтижелері бойынша жазбалар жасап жүреді және қажетті жағдайда оқушыларға қолдау көрсетеді.

Тапсырмаларды орындағаннан кейін барлық оқушылардың қиындығын туындатқан тапсырмаларды талдайды.

Дескриптор: Білім алушы

- тең бөлшектерді айырады;

- сәуле бойына бөлшек сандарды белгілейді;

- сурет бойынша нүкте координаталарын табады;

- сәуле бойын нүктелерді белгілейді;

- берілген нүктеден белгілі ара қашықтықта орналасқан нүктенің координатасын табады.

Дарытылатын құндылықтар: бір-бірін және спикерді сыйлау, командада жұмыс жасау барысындағы ынтымақтастық.

Формативті бағалауға арналған практикалық жұмыс.

Мұғалім оқушыларға практикалық жұмыс ұсынады. Бірінші бөлімде оқушылар координаталық сәуле бойынан нүктелерді белгілейді, сосын оларды сурет пайда болатындай етіп қосады.

Практикалық жұмыстың екінші бөлімінде оқушылар шығармашылық тапсырма орындайды: олар өз суреттерін ойлап тауып, суретті салуға қажетті нүктелердің координаталарын жазуы керек.

1 тапсырма

Дескриптор: Білім алушы

- 1 сәуле бойына нүктелерді дұрыс кескіндейді;

- 2 сәуле бойына нүктелерді дұрыс кескіндейді;

- 3 сәуле бойына нүктелерді дұрыс кескіндейді;

- 4 сәуле бойына нүктелерді дұрыс кескіндейді;

- нүктелерді қосып, бейнені суреттейді.

2 тапсырма

Дескриптор: Білім алушы

- нүктелер бойынша сурет бейнелейді;

- 1 сәуле бойындағы нүктелердің координаталарын анықтайды;

- 2 сәуле бойындағы нүктелердің координаталарын анықтайды;

- 3 сәуле бойындағы нүктелердің координаталарын анықтайды;

- 4 сәуле бойындағы нүктелердің координаталарын анықтайды.

Дарытылатын құндылықтар: оқушылардың бойында мақсатқа жетудегі табандылық, еңбексүйгіштік, шығармашылық қабілеттер дамиды.

Үй жұмысы.

Мұғалім карточкадағы тапсырмаларды түсіндіреді.

Қосымша 1

Математика. 5 сынып: жалпы білім беретін мектептерге арналған оқулық, Алдамуратова Т.А., 2010.

http://nsportal.ru/shkola/raznoe/library/2015/03/01/fizminutki-na-urokakh-matematiki

Қосымша 2

Қосымша 3

Free Math Worksheets @ http://www.mathworksheets4kids.com

Сабақ соңы

5 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында жұптық жұмыста және ке жұмыс барысында оқушылар негізгі және жоғарғы деңгейлер бойынша саралау орындалады.

Әрбір сабақ кезеңі барысында мұғалімнің тиімді және конструктивті кері байланысы беріледі. Жұптық жұмыс барысында дайын жауаптар бойынша өзара бағалау, жеке жұмыс барысында өзін өзі бағалау жүзеге асады.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері орындалады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу