Фигураларды қиюға берілген есептер. Фигураларды құрастыруға берілген есептер. Математика, 5 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 5
Топтық жұмыс тапсырмасы үшін бағалау дескрипторы:
- Топтық ережені сақтайды;
- Есеп шартына сәйкес математикалық моделін құра алады;
- Фигура ауданын шартқа сәйкес бөліктерге бөледі;
- Жауабының дұрыстығын негіздейді.
І топ тапсырмасы
Ертеректе бір дәулетті адам өзіне тиесілі 400 акр жер және 5 үйін өзінің бес ұлына мұра етіп қалдырмақшы болды. Әкесінің аманаты бойынша жер мынадай етіп бөліну керек:
Үлкен ұлына - 200 акр;
Екінші ұлына - 100 акр;
Үшінші ұлына - 50 акр;
Кіші егіз ұлдарына - әрқайсысына 25 акрден.
Сонымен бірге жер бөліктерінің формасы бірдей болу қажет және әр бөлік жерде бір үйден болу керек. Әкесінің аманатын ұлдары орындай алды ма?
Жауабы:
ІІ топ тапсырмасы
Төрт ағайынды жігіт шаршы пішінді жер участкесін сатып алды. Ол жерде әр түрінен 4еуден барлығы 12 ағаш өсіп тұрды. Ағайындыларға осы участкені алты түзу сызықты кесінді арқылы әрқайсысына тең етіп, сонымен қатар бөлінген жер аудандарының формасы бірдей болатындай және ағаштардың әр түрінен бір бірден өсетіндей етіп бөлуге көмектесіңіздер.
Жауабы:
ІІІ топ тапсырмасы
Сіздер жер участкесінің көрсетілген шекарасын бұзбай және жер иелерінің тыныштығын сақтай отырып, сонымен қатар пішіндері бірдей болатындай тең бөліктерге бөле аласыздар ма?
Жауабы:
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру