Үш амалмен орындалатын есептер шығару / Ойын-сауық орталықтарында демалу мәдениеті. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
154-сабақ
Тақырыбы: Үш амалмен орындалатын есептер шығару / Ойын-сауық орталықтарында демалу мәдениеті | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Қылышбаева А.Т. | ||||||||||
3-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.5.1.7 үшамалменшығарылатынесептерді (шамаларарасындағытәуелділккеқұрылғанжайесептердіңтүрлікомбинациялары) модельдеужәнешығару 3.5.2.5 деректердіжинақтау, жүйелеужәнедиаграммалар мен пиктограммаларқолданыпсалыстыру | ||||||||||
Тілдікмақсаттар |
| ||||||||||
Тірекбілім, білік, дағдылар | Шамалардың арасындағы тәуелділік: «ұзындығы», «ені», «ауданы». | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланған уақыт (минуты) | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
0-3 | Ынталандыру. Оқушыларменмәдениойын-сауықорталықтарындадемалутуралыәңгімежүргізу. Алматыдағы мен Астана қалаларындағы MEGA ойын-сауық орталықтары туралы әңгімелесу. | Алматы мен Астана қалаларындағы MEGA ойын-сауық орталығының суреттері | |||||||||
4-6 | Өзектендіру. (Ұ)Оқулықтағы 1-тапсырманы орындау. Алматыдағы MEGA ойын-сауық орталығының алдындағы шолу дөңгелегі Орталық Азиядағы ең биік дөңгелек екенін айту. Өрнектегі амалдардың орындалу ретін анықтау 802 : 2 + 660 : 6 – 451 өрнегінің мәнін тауып, шолу дөңгелегінің биіктігін анықтайды.Жауабы: шолу дөңгелегінің биіктігі 360 метр. | MEGA ойын-сауық орталығының алдындағы шолу дөңгелегінің суреті Оқулық, дәптер | |||||||||
7-11 | Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар). Мұғалім: Бүгінгі сабақта үш амалменшығатынесептердішығаруды жалғастырамыз. Оқушылар сабақтың мақсатын анықтайды. (Үш амалменшығатынесептердішығарутуралыбілімдерінбекіту.) | слайд | |||||||||
12-29 | (Ө) 2-тапсырманы өзбеттеріменорындау. Есептің берілгенін талқылау, не белгісіз, неше амалмен, қандай амалмен орындау қажеттігін нақтылау. 24 орынға 6 адамнан отырады. 24 · 6 = 144 (адам); 12 орынға 4 адамнан отырады. 12 · 4 = 48 (адам); Барлығын табу үшін 144 + 48 = 192 (адам) Әр амалды талдай отырып шығару. Жауаптарын жұпта тексеру. Қиындықтарды түзету Мұғалім тапсырманың орындалу дұрыстығын тексереді. – Кімде қиындық туындады? – Сіз қай жерде қателік жібердіңіз? – Жіберілген қателіктің себебі неде? – Өзіндік жұмыс кезінде қиындық туындамаған балалар өз іс-әрекетіңіздің мақсатын құрастырыңыз. (Қосымша тапсырманы орындау). – Қиындық туындаған балалардың алға қойған мақсаты қандай? (Қатені түзету). – Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз. – Әркім өзінің оқу мақсатын айтады. Есептеу тәсілдерінен қателік жібермеген оқушылар келесі тапсырмаларды орындауға көшеді. Ал қателіктер жіберген оқушылар дәптердегі бағалауымен тапсырманы орындап, өзара тәуелді шамалар туралы білімдерін нақтылайды. Бағалау критерйиі. Мен: -үш амалмен шығарылатын есептерді модельдеуді және шығаруды білемін. | Есеп жазылған қима қағаздар, слайд Есеп жазылған қима қағаздар, слайд | |||||||||
30-40 | Өткенмен жұмыс 3-тапсырманы қима қағаздарға жазып, саралау тапсырмалары ретінде оқушылардың қажеттілігіне қарай орындауға болады. Қима қағаздардағы тапсырмаларды ауыстыру арқылы тапсырмаларды толық орындауға да болады. Бұл тапсырма оқушылардың математикалық есептеу жылдамдығын дамытуға бағытталған. Бос орындарға тиісті сандарды қою. Оқушылардың назарын белгісіз санға аудару. Белгісіз қосылғыш болғанда немесе азайғыш пен азайтқышты табу ережесін еске түсіру. Кері байланыс: оқушылар жұмыстарын саралау топтарында талқылайды, жіберген қателіктерін түзетеді. (Т) 4-тапсырманы топпен орындау. Әр топқа кесте жазылған қима қағаздарды тарату. Тіктөртбұрыштың ауданы белгілі, оның ұзындығы мен енін табу. Оқушылар ұзындығы мен енінің барлық мүмкін нұсқаларын жазады. Тапсырма орындалғаннан кейін нәтижесін әр топ дауыстап оқиды. Әр топ кезекпен жауаптарын оқиды, ретпен оқуда тек бір жауап оқуға мүскәндәк болады. Өз ретінде жауап нұсқасын айта алмаған топ ойыннан шығады. Қай топ мүмкін жағдайды көп жазса, сол топ жеңімпаз аталады. (Т) 5-тапсырманы топпен орындауды жалғастыру. Әр топ диаграмма бойынша есептер құрастырып, оны басқа топтарға оқып береді. Диаграмма бойынша сұрақтар құрастырады. Әрбір топ диаграмма бойынша есептер құрастырады және шығарады. (Ө) 6-тапсырманы өз беттерімен орындату. Нәтижесін үлгімен тексеруді ұйымдастыру. Жауаптары:13; 894; 142; 408; 155; 30 7-тапсырма зерттеушілік сипатта болып келеді. Оқушылардан тапсырманың (а) нұсқасында берілген бір қатардан екі қатарды бөліп алу керек. Себебі әрбір қатардың жазылу заңдылығы әртүрлі, сондықтан бұл екілік қатар. Бірінші қатар: 1, 3, 5, 7, 9, … Екінші қатар: 10, 9, 8, 7, 6, … Енді екі қатарды да төрт мүшесін қосып жазып аламыз. Бірінші қатар: 1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17 Екінші қатар: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2 Енді екі қатарды біріктіріп, бір қатар етіп жазамыз: 1, 10, 3, 9, 5, 8, 7, 7, 9, 6, 11, 5, 13, 4, 15, 3, 17, 2. (ә) нұсқасымен де осындай жұмыс жүргізіледі. Ж: 16, 12, 15, 11, 14, 10, 13, 9, 12, 8, 11, 7, 10, 6. Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр. Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мынатәсілдердіқолдануғаболады: түймедақнемесеБлумкубигі. | Есеп жазылған қима қағаздар, слайд | |||||||||
41-45 | Рефлексия. Балалартақтадағы «рефлекстік нысананы» толтырады, мыналардыбағалайды: 1. өзінің іс-әрекеті.2. оқытушының іс-әрекеті 3. оқушылардың іс-әрекеті. | Тақта |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру