Әртүрлі есептерді шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Есеп шығару тәсілдері

№ 145 сабақ. Тақырыбы: Әртүрлі есептерді шығару

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.1.8 барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін айнымалысы бар өрнектер мен теңдеулер түрінде;құрама есептердің шешуін санды өрнектер және жекелеген амалдар түрінде модельдеу және шығару.

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу

Сабаққа қажетті ресурстар: кеспеқағаздар – әр топқа;ламинатталған парақтар, маркерлер, қима қағаздар.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:

Есепті шығару үшін мына жоспар бойынша әрекет жаса:

1. Есептің шартын оқимын.

2. Есепте не белгілі, не белгісіз екенін анықтаймын.

3. Есепті шығарудың ыңғайлы тәсілін таңдаймын.

4. Есептің шартын қысқаша түрде жазамын.

5. Есепті шығарамын.

6. Жауабын жазамын.

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе

(Ұ.Ж.)«Ыстық орындық» әдісі әрбір топтан бір оқушыдан шығып, «Ыстық орындыққа» отырады, қалған екі топтың оқушылары сұрақ қояды. «Ыстық орындықта» отырған оқушы жауап береді. Осылайша орындарын ауыстыру арқылы оқушылар жай, құрама есептер туралы алған білімдері бойынша бір –біріне сұрақтар қояды.

Мысалы:

- Бірдей екі шапанға 12 м мата жұмсалды. 36 м матадан осындай неше шапан тігуге болады?

Сөздік бағалау «Керемет», «Тамаша», «Жарайсың» т.с.с.

Шаңсорғыш

(Т.Ж.) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушыларға тапсырманы алдымен талдап, сосын теңдеу құру арқылы шығаруды ұсыныңыз. Құрған теңдеуларін ламинатталған параққа жазады. Әр топтан бір оқушыдан шығып, түсіндіруді сұраңыз.

Жауабы: х – (64∙9)=143

х - 576=143

х = 576 +143

х =719

719 – (64∙9)=143

143=143

Жауабы: 719 шаңсорғыш.

Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.

Жұптасып –ойлан-бөліс

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушыларға алдымен жеке орындауды ұсыныңыз. Содан кейін жұп болып, пікірлерімен бөліседі. Ортақ шешімге келгеннен кейін топта талқылайды. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып қорғауды ұсыныңыз.

Жауабы:

х :5 =20+30

х:5 =50

х= 50∙5

х=250

250:5=20+30

50=50

Жауабы: 250 дәптер

«Бас бармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз

Өрнек бойынша есеп құрастырып шығар.

(Ж.Ж.) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушыларға жұптасып есеп құрастыруды ұсыныңыз. Құрастырған есептері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ шешуі бірдей болады. Бірнеше жұптан құраған есептерін сұрау. Шешулері бірдей болғандықтан оқушылар бірін –бірі тексеріп, бағалайды.

Жауабы: 10∙2 + 70 ∙ 2=160 12 ∙ 2 + 15 ∙ 2=54

«Бағалау парағы » арқылы бағалау жүргізіңіз

Оқушы

ның аты- жөні

Есептің шарты

1-ұпай

Сұра

ғы

1-ұпай

1-амал

1-ұпай

2- амал

1-ұпай

3- амал

1-ұпай

Жауабы

1-ұпай

Жалпы ұпай саны

Әр түрлі тәсілмен шығар

).Оқушыларға жеке жұмысқа арналған тапсырма беріңіз. Оқушыларға есепті жеке шығаруды ұсыныңыз. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз.

Жауабы: І.(6+9):3=5 (қорап)

ІІ. 6:3+9:3=5 (қорап)

Жауабы: 5 қорап.

Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.

Шығарып көр

(Ж.Ж.) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушыларға алдымен жеке орындауды ұсыныңыз. Сосын жұптар дәптерлерін ауыстырып, бірін –бірі тексереді. Бұл тапсырмада оқушылар тіктөртбұрыштың қасиеттері және оның қабырғалары мен периметрінің арасындағы байланыс туралы білімін қолданады.

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

Кері байланыс

Сабақ соңында «Ашық микрофон» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз.

Оқушылардың сабақты қалай түсінгенін анықтау анықтау үшін келесі сұрақтарды қою:

•Есепті шығару үшін қандай әрекет жасаймыз?

•Есепті шығарудың қандай тәсілдерін қолданамыз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу