Қалдықпен бөлу формуласы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу
№97 сабақ. Тақырыбы: Қалдықпен бөлу формуласы
Оқу мақсаты:(Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.1.2.6.Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау.
3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.
Сабаққа қажетті ресурстар: ламинатталған қағаздың парақтары; қима қағаз, бағалау парағы
Сабақта қолданылатын деректі материалдар:
Бұл сабақта оқушыларды қалдықпен бөлудің
формуласымен: a= b ∙ c + r таныстыру керек. Әр әріп: a-бөлінгіш, b-бөлгіш, c-бөлінді, r-қалдықты білдіреді. Мұнда үнемі: r < b. a санын b-ға бөлгенде b саны а санында неше рет болатыны анықталады.
Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе
Әріпті өрнек
(Ұ.Ж) Сабақты әріпті есеп шығарудан бастағыз. Оқушылар есепті оқиды, шығарады. Шешуін ламинатталған парақты пайдаланып, бір қатарға жазады. Дайын жауап арқылы өзің –өзі тексереді.
Жауабы:1) 15:а, 2) 20:а, 3) 17:а
-Бұл өрнектердің қандай ұқсастығы бар?
(1.Әріпті өрнек; 2. Бөлінгіші- екі таңбалы сан; 3.Бөлгіш – а; 4.Бөлінді)
- Әріпті өрнектің мәні қандай сан болуы мүмкін?(кез келген натурал сан)
-Ендеше, а=5 деп алып, өрнектің мәнін табамыз.Оны екінші қатарға жазамыз.
Дайын жауап арқылы тексеру.
15:5=5
20:5=4
17:5=3 (қалдық 2)
-Қандай ұқсастық пен айырмашылығы бар?
-17:5 өрнегі қалдықпен бөлінеді.
17-бөлінгіш, 5-бөлгіш, 3- бөлінді, 2- қалдық
Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жақсы», «өте жақсы» т.с.с
(Т.Ж) Әрбір топқа графикалық моделі бар таратпа қағаз беріңіз. Оқушылар графикалық моделі бойынша бөлінгіш, бөлгіш, бөлінді, қалдықты табады. Сәйкес келетін санды теңдікті жазады. Дайын жауап арқылы өзара тексеруді сұраңыз.
Жауабы:Бөлінгіш-13, бөлгіш-5,бөлінді-2, қалдық- 3
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз
(Т.Ж) Әрбір топқа графикалық моделі бар таратпа қағаз беріңіз. Оқушылар графикалық моделі бойынша теңдікті тексереді және бөлінгіш-а, бөлгіш-b, бөлінді-c, қалдық-r деп алып, сызбасын сызады.Кейбір оқушыға түсінікті болу үшін сұрақтар қойыңыз.
-Бұл теңдіктерге ортақ нені байқадық? Қалдықтың мәні қандай сан болуы мүмкін? (бөлгішет кем сан)
Жауабы:
А) 16=3·5+1 а=16 b=3 c=5 r=1
Ә) 17=6·2+5 a=17 b=6 c=2 r=5
Б) 15=4·3+3 a=15 b=4 c=3 r=3
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз
Сызбаны пайдаланып қалдықпен бөлудің формуласын құрастырып көріңіз. Осы формуладағы қалдық r мен бөлгіш b салыстырыңыз.
a=□·□+□, r□b
а санын b санына бөлгенде, а санында b саны неше рет келетіні анықталады:
а = b ∙ c + r, r <b
бөлінгіш бөлгіш бөлінді қалдық
Бұл теңдікті қалдықпен бөлудің формуласы деп атайды.
Мысалы: Белгісіз санды 8-ге бөлгенде, бөліндінің мәні -6, қалдық-3 болды.
Бөлінгішті тап.
Шешуі: b=8, c=6, r=3 a мәнін табу керек.
Формула бойынша табамыз: а= b∙c+r=8·6+3=51
Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жақсы», «Керемет» т .с.с
Формула
(Ж.Ж)Жұптық жұмысқа арналған таратпа қағаз таратып беріңіз. Оқушылар тапсырманы жұптасып орындауды сұраңыз. Ламинатталған параққа жазады.Тапсырманы орындаған соң оқушылар арасында өзара тексеру жүргізіңіз. Қалдықпен бөлудің формуласын жазуларын сұраңыз. Формуланың көмегімен әріптердің орнына сандарды қойып, а бөлінгішін табуды ұсыныңыз. Тапсырма орындаған соң, оқушылар арасында өзара тексеру жүргізуің сұраңыз.
Жауабы:29, 78
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз
Орындап көр
(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырманы таратып беріңіз.
Оқушылар тапсырманы орындайды. Кейбір оқушылардан тақтаға түсіндіріп беруін сұраңыз.
-Егер қалдық 0-ге тең болса, формулада не өзгереді?
(формула a= b · c болып өзгереді)
Жауабы: a= b • c
Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жарайсың», «Тамаша» т.с.с.
Есепті шығар
(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар есепті талдайды, шешуін ламинатталған параққа жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, есептің шығару жолын түсіндіреді. Қалған топтар бір- бірін салыстыра отырып тексеріңіз.
Жауабы:а) 9 (қалдық 3), ә) 24 (қалдық 1)
«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз
Ойлан, жұптас, бөліс
(Ж.Ж) Оқушылар тапсырманы алдымен жеке орындауды сұраңыз. Содан соң көршісімен жұптасып ортақ шешімге келеді.Топта бөлісіп, ламинатталған параққа жазады. Тақтаға шығып қорғауды сұраңыз. Бұл тапсырма арқылы қалдықпен бөлу дағдысын қалыптас-тырады.
Жауабы:8(қалд.1), 7(қалд.2), 4(қалд.2), 8(қалд.1), 5(қалд.2), 9(қалд.2)
Тест
(Ж.Ж) Оқушыларға тапсырманы жеке орындауды сұраңыз. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың қалдықпен бөлу туралы алған білімін анықтаңыз.
Оқушылар тапсырманы орындап болған соң жұбымен тапсырмасын ауыстыруды сұраңыз. Дайын жауабы арқылы тексеруді сұраңыз.
Жауабы:
1) а) 2(қалдық 2)
2) а) 15:7=2 (қалдық 1)
3) а) а= b∙c+r
4) б) r<b
5) б) 99
Ұпай саны арқылы бағалайды.
Оқушының-аты -жөні | 1-сұрақ 1-ұпай | 2-сұрақ 1-ұпай | 3-сұрақ 1-ұпай | 4-сұрақ 1-ұпай | 5-сұрақ 1-ұпай | Барлық ұпай саны |
Сабақ оңында кері байланыс жүргізіңіз.
-Қалдық бөлгіштен үлкен сан бола ала ма?
-3-ке бөлгенде қандай қалдық қалуы мүмкін?
Сабаққа «Ашық микрафон» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз.
Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру