Есептерді формулалар арқылы шешу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2А бөлімі: Өрнектер. Қозғалысқа есептер. | Мектеп: Назарбаев Зиякерлік мектебі Көкшетау қаласы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтақырыбы | Есептерді формулалар арқылы шешу | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтемеу) | 3.5.1.2 есептерді шешу кезінде шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалану: жылдамдық, уақыт, арақашықтық 3.5.1.3 жылдамдық, уақыт, арақашықтықты табу есептерін талдау және шешу/ кері есептер құру | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Формулалаларды қолдана отырып, есептер шығару, талдау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Формулаларды қолданып есеп шығарады; Есептің шығару жолын талдай алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық, жауапкершілік,өмір бойы білім алу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Күнделікті өмірде формулаларды қолдану | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтыңжоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5мин | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. (Ұ) «Қозғалысты таны» ойыны. Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын оята отырып, сабақтың тақырыбын анықтау. Сыныпта оқушылар ары бері жүреді. Мұғалім тоқтауға нұсқау берген кезде оқушылар сол тұрған жерде қозғалмай тұрып қалу керек. -Балалар, біз жаңа не істедік? - қалай қозғалдық? -қандай бағытта қозғалдық? /Оқушылардың атын атау арқылы екі оқушыны салыстарады/. /Оқушылар қозғалыс бағыттарын атауы керек/ Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесе отыра құрастыру. Өткенді бекіту.Үй жұмысын тексеру. Оқушылар топта отырып шеңбер бойымен кестелерімен ауысады да бірін-бірі тексереді және дескрипторлар арқылы бағалайды. | Слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ Ортасы 7 мин 5 мин 5 мин 5 мин 12 мин | (Ө, Ж, Ұ) тақтамен жұмыс. Қозғалыс бағыттары. Мақсаты: қозғалыс бағыттарын анықтай білуге дағдылану. Мұғалім тақтада көрсетілген суреттер бойынша оқушыларға сұрақ қояды, оқушылар суреттерге қарай отырып, қорытынды жасайды, қозғалыс бағыттарын анықтайды. І сурет.
/қарама-қарсы бағытта/
/қарама-қарсы бағытта/
(1-суретте – бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы, екінші суретте – бір-бірінен қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс. Бұл екі бағыт түрлері бір-біріне қарама-қарсы бағыттар болып келеді) ІІІ- сурет.
(Бірдей бағыттағы қозғалыс. Себебі, екі көлік те бір-бағытта қозғалып келеді).
/Оқушылардың жауабы тыңдалады, өзара толықтырады, қателіктер болса, түзетулер мен толықтырулар енгізіледі/. (Ө, Ұ) Математикалық диктант Шамалар арасындағы тәуелділікті анықтау. Жылдамдық, уақыт, қашықтық өлшем бірліктері туралы білімдерін анықтау.
/Оқушылар жұппен дәптерлерін ауыстырады, бір оқушы ұжымда оқиды, басқа оқушылар дұрыс жауаппен тексереді/. (Ө, Ұ) «Жасырын сөзді тап» ойыны.Ауызша есептеу. Мақсаты: жылдам есептеу дағдыларын дамыту. Тапсырма: берілген есептерді ауызша орындау арқылы жасырылған сөзді анықтау.
1 есеп. Велосипедші 5 сағатта 10 км/сағ жылдамдықпен қанша километр жол жүрді? (50км) 2есеп. 6 м/с жылдамдықпен жүгірген спортшы 15 секундта неше метр жүгіріп өтеді? (90 м) 3есеп. Ит 10 м/с жылдамдықпен жүгіреді. 9 секундта неше метр қашықтықты жүгіріп өтеді.(90 м) 4есеп. Автобус 60 км/сағ жылдамдықпен 7 сағат жүрді. Осы уақытта қанша километр қашықтықты жүреді?(420км) 5есеп. Саяхатшы 10минутта 92 м/м жылдамдықпен неше метр жол жүреді? (920м) 6 есеп. Спорт машинасымен жарысушы тасжолда 78км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Ол 2 сағатта қандай қашықтықты жүріп өтеді? (156км) 7 есеп. Велосипедші 2 сағатта 45 км/сағ жылдамдықпен неше километр жүреді? (90 км) 8 есеп. Мотоциклші 30км/сағ жылдамдықпен 5 сағатта неше километр жүреді? (150 км) 9 есеп. Жеңіл машина 35 км/сағ жылдамдықпен 2 сағатта неше километр жүреді? (70 км) /Оқушылар бірін-бірі есепті шығару жылдамдықтары бойынша бағалайды/. (Ұ) Тақтамен жұмыс. Мақсаты: жылдамдыққа берілген есептер шығаруға дағдылану. Кері есеп құрастыру. Жеңіл машина 75 км/сағ жылдамдықпен 5 сағатта неше километр жүреді? /Есепті ұжыммен талқылай отырып шығарады, кері есеп құрастырады, мәнін табады/. (Т,Қ)Диференциация Мақсаты: Формулаларды пайдаланып, қиындығы әр түрлі есептерді шығаруға машықтандыру. 1-топ: Бұл бір амалмен шешілетін қарапайым есепті шығарады Велосипедші Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне дейін 3 сағатта 20 км/сағ жылдамдықпен қанша километр жол жүрді? 2-топ: Екі амалмен шешілетін есепті шығарады. Автобус Түркістаннан Сайрамға дейін 48км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жүрді.Содан соң Сайрамнан Сарайшыққа дейін 80 км/сағат жылдамдықпен 2 сағат жол жүрді. Автобус Түркістан мен Сарайшыққа дейін қанша километр жол жүрді? 3-топ:Үш амалмен шығарылатын есепті шығарады. Автокөлік А қаласынан Б қаласына дейін 6 сағатта 360 км жол жүрді. Ал Б қаласынан С қаласына дейін 1-ші жылдамдығына қарағанда 10 км/сағатқа артық жылдамдықпен 7 сағат жол жүрді. Б қаласынан С қаласына дейінгі ара қашықтықты табыңыз. Әр топ есептің шартын, сұрағын, шешуін және жауабын жазып, көрші топтардың алдыңда талдап, түсіндіреді, өз жұмысын қорғайды. Қалған топтар олардың жұмысын бағалайды. Дескриптор:
| Слайд Слайд слайд Қима қағаздар Тақтамен жұмыс Қима қағаздар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Рефлексия:
| слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Өзара бағалау, өз-өзін бағалау. | Сергіту сәті Топтық жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру