Санды 6-ға көбейту кестесі Есептер шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1B- БӨЛІМ: Көбейту және бөлу. Есептер

Мектеп атауы: НЗМ ФМБ Талдықорған қ

Дата:

Мұғалімнің аты-жөні: Нукербаева А.К

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Санды 6-ға көбейту кестесі Есептер шығару.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.2.Сандармен амалдар орындау.

Сабақ мақсаттары

3.1.2.3 - көбейтудің үлестірімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану

Бағалау критерийлері

6-ға көбейту кестесін қолданып, есеп шығаруды үйренесің.

 Сөздік қор

 Тілдік мақсат

Көбейту және бөлу кестесі, үлестірімділік қасиет, формулалар, шамалар

 Құндылықтарды

 дарыту

Оқушылар сабақта көбейтуге және бөлуге берілген есептерді 6-ға көбейту кестесін қолданып шығарады. 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құрастыруды, білуді және қолдануды үйренеді.

Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы

• есептерді шығаруда бір заттың массасы, саны, жалпы массасы / бір затқа жұмсалғаны, заттың саны, жалпы жұмсалғаны арасындағы тәуелділікті пайдалануды;

• жанама сұрақтары болатын есептерді («бірнеше бірлік артық / кем» «бірнеше есе есе артық / кем» қатынастарымен байланысты) талдауды және шығаруды;

• формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретінде түсінуді үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе, дүниетану, әдебиеттік оқу

ИКТ пайдалану білімі

Презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Санды 6-ға көбейту кестесін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспар

ланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы

5минут

Ұйымдастыру.(МК)

Оқулық, 1-бөлім: 6-ға көбейту кестесі. Есеп шығару, 70, 71-беттер.

Жұмыс дәптері, 1-бөлім: 65-жұмыс парағы, «6-ға көбейту кестесі. Есеп шығару», 67-бет. 66-жұмыс парағы, «Мектеп туралы есептер», 68бет.

Сабақ ортасы

30 мин

Санды 6 есе арттыру (есе кеміту) деген – санды 6-ға көбейту (бөлу) дегенді білдіреді.

Кіріспе тапсырма. Сыныппен жалпы жұмыс ұйымдастыру. Олармен есептің құрамын (есептің шарты, сұрағы), оның ерекшеліктерін және қарастырылған түрлерін қайталау. Оқушыларға 6-ға көбейту кестесін қолдануға негізделген аңдар туралы есеп құрастыруды ұсыну. Оқушылар құрастырған есептердің біреуін сыныппен талқылаңыз, ал содан кейін жұппен жаңа есептер құрастыруды ұсыну. Тапсырманы орындаған соң, жұптар өз құрамдарын алмастырып, бір-біріне өз есептерін береді, ал серіктесі оларды шығаруы тиіс.

Сұрақтарға жауап бер. Жұптық жұмыс.

Оқушылар тапсырмадағы сұрақтарға жауап береді. Жұптағы оқушылар сұрақтарға кезекпен жауап беруі немесе әрбір сұрақты бірге талқылап, өз жауабын айтуы мүмкін. Тапсырманы орындап болған соң оқушылар басқа жұпқа бірігіп, бірін-бірі тексереді.

Жауабы: 6 есе кем; 36; 9; 42; 0; 9 саны мына сандарға бөлінеді:

1, 3, 9; 42 саны мына сандарға бөлінеді: 1, 6, 7, 42 (2, 3, 14, 21 сандарын да айтуы мүмкін); 0 – нөлден өзге кез келген санға бөлінеді; 6 саны мына сандарға бөлінеді: 1, 2, 3, 6; 36 саны мына сандарға бөлінеді: 1, 4, 6, 9, 36 (2, 3, 18, 12 сандарын да айтуы мүмкін).

Поштада. Топтық жұмыс.

Оқушылар «Поштада» тақырыбына біріктірілген төрт есепті шығаруы тиіс. Олар жанама сұрақтары бар есептер, «бірнеше есе артық/кем» қатынастарымен байланысты есептер, еселік салыстыруға берілген есептер болуы мүмкін. Оқушылар алдымен әрбір есепті топпен бірге талқылап, содан кейін өз дәптеріне шығарып, жазады. Есептерді шығарып болған соң, топтың өкілі басқа топқа барып, олармен жауаптарын салыстырады және өзінің шығару жолын түсіндіреді.

Жауабы: А. 54 теңге; Ә 70 теңге; Б. 14 кг; В. 9 есе; 7 есе.

Орындап көр. Жұптық жұмыс.

Оқушылар 6-ға көбейтуді бекітуге мүмкіндік беретін ойын ойнайды. Әр жұпқа 6 дөңгелек қағаз бен 2 ойын текшесін беру керек. Жұптағы оқушылар ойын текшесін лақтырып, жоғарғы жағына түскен сандарды көбейтеді. Жауабын бірінші болып айтқан оқушы ортадағы бір дөңгелекті алады. Жинаған дөңгелектерінің санына байланысты жеңімпаз анықталады. Шығарып көр. Тапсырманы орындау үшін жұптық жұмысты жалғастыруды ұсыныңыз. Оқушыларға ертеде ақша жоқ кезде, адамдар ақшаның орнына бір затты екіншісіне ақшасыз айырбастағанын айту. Оқушылар есептің шартын оқып, шығару жолын талдайды да; әркім дәптеріне жазып шығарады. Есеп бөлу амалы арқылы шығады (6-ға көбейту кестесін қолдану).

Жауабы: 6 табақ тұз.

Ойлан. Сыныппен жалпы жұмыс. Оқушылар Пифагор кестесіндегі заңдылықты зерттейді. Кестедегі сандар диагоналына қарағанда симметриялы орналасқан.

Оқушыларға кестеде тігінен және көлденеңнен есептеу нәтижелері бірдей болатынын хабарлау: 6 ∙ 3 = 18; 3 ∙ 6 = 18. Сонымен қатар, «3-ке» сәйкес келетін бағанда сандар жоғарыдан төмен қарай үнемі 3-ке артып отырады: 3 + 3 = 6, 6 + 3 = 9. Ал «6-ға» сәйкес бағанда 6-ға артады: 6 + 6 = 12, 12 + 6 = 18; т.с.с. Оқушылар бұл заңдылықтың көбейту кестесінің қатарларында да орындалатынына назар аударады.

Жауабы: x = 7; y = 9; a = 6; b = 48.

Сабақтың рефлексиясы. Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін бағалау үшін, келесі есепті ауызша шығаруды сұрау:

«Математика олимпиадасына 6 команда қатысты. Барлық командадағы оқушылар саны бірдей. Олимпиадаға барлығы 30 жас математик қатысқаны белгілі болса, әр командада қанша математик болғаны?»

Жұмыс дәптерінде орындайтын тапсырмалар.

Сабақта. Оқушылар есептің шешу жолын және жауабын дұрыс көрсетіп, есепті шығаруы тиіс. Есепті шығару барысында 6-ға көбейту кестесін қолданып, сабақтың тақырыбы бойынша дағдыларды бекітеді.

Жауабы: Шешуі: 5 ∙ 6=30 (саусақ); Жауабы: 30 саусақ.

Концерт залында.

Есептің шығару жолы алдыңғы есептегідей, бірақ бұл құрама есеп, шешуі 3 амалдан тұрады. Оқушылар есептің шешуін амалдар арқылы да, бір өрнекпен жазу арқылы да көрсетуі мүмкін.

Жауабы: Бір орындық жетіспейді. Жетпейді.

Математик. Оқушылар берілген өрнек бойынша есеп құрастыруы керек. Бұл есептің қиындық деңгейі алдыңғы есептерге қарағанда жоғары, сондықтан оқушыларға қалауы бойынша орындауды ұсыну.

Портфеліңді жина. Оқушылар тапсырманы орындау үшін, өрнектегі амалдардың орындалу ретін анықтап, мәнін табады және сол сан жазылған құралды портфельге сызықпен қосады. Осылайша оқушының портфеліне салатын оқу құралдарын анықтайды.

Жауабы: 20 – 42 : 6 = 13 (қаламсауыт); 45 : 9 + 18 = 23 (күнделік); 8 ∙ 6 – 15 = 33 (сызғыш); 17 + 54 : 6 = 26 (қалам); 48 : 6 + 6 ∙ 7 = 50 (дәптер); 5 ∙ 8 – 54 : 9 = 34 («Дүниетану» оқулығы); 6 ∙ 5 + 3 ∙ 3 = 39 «Қазақ тілі» оқулығы); 9 ∙ 6 – 36 : 6 = 48 («Математика» оқулығы).

Мектеп асханасында. Оқушылар 6-ға көбейту кестесін қолдануға негізделген есепті шығарып, сабақ тақырыбын бекітеді. Барлық есептерді екі амал арқылы шығару керек.

Жауабы: А. 5 ∙ (2 + 4) = 30 (алма); Ә. (45 – 3) : 6 = 7 (гүл); Б. 24 : (5 + 1) = 4 (кәмпит).

Дифференциация.

Қосымша тапсырмалар. Өрнек құрастырып, мәнін тап.

а) Бір конвертке с марка жапсыру керек. 6 конвертке неше марка жапсырылады? с = 8 болғанда жауабы қандай?

ә) Дүкенде бір қорабы b кг болатын 6 қорап печенье бар. Дүкенде қанша килограмм печенье бар? b = 5 үшін жауабын тап.

ҚБ тапсырмасын орындату.

6-ға көбейту кестесі;

• нүктеле

рі бар ойын текшелері – әрбір жұпқа 2 текше

ден;

• фишка

лар – әрбір жұпқа 6 данадан.

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

Үйге берілетін тапсырманы түсіндіру.

Оқулық, 1-бөлім: 6-ға көбейту кестесі. Есеп шығару, 70, 71-беттер.

Жұмыс дәптері, 1-бөлім: 66-жұмыс парағы, «Мектеп туралы есептер», 68бет.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз

Мәтінмен жұмыс істеу үшін топтарға бөлу кезінде дифференциация қолданылады

Өзара бағалау, критерий бойынша қалыптастырушы бағалау. Мұғалім жазбаша жұмысты өзі табыстың критерийлеріне сәйкес тексереді

Оқушылар жұппен жұмыс жасайды, сыныпта жүреді және белсенді болады.

Бағалау парағындағы тапсырмалар көрініске зиян келтірмейтін қол жетімді қаріппен безендірілген.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді?

Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме?

Сабақтың уақыттық сатылары болды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы рейтинг

Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)?

1:

2:

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу