Көп таңбалы сандарды қосу және азайту тәсідері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту
№8 сабақ.Тақырыбы:Көп таңбалы сандарды қосу және азайту тәсідері
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.1.2.5 – үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау
3.1.2.8 – үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану
Сабаққа қажетті ресурстар:ламинатталған парақтар, маркерлер;стикерлер, қима қағаздар.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Үш таңбалы сандарды қосу мен азайту разрядтар бойынша орындалады. Үш таңбалы дөңгелек сандарды ондықтарға ауыстырып қосуға немесе азайтуға болады. Мысалы, 210 + 320 = 21 онд. + 32 онд. = 53 онд. = 530. Яғни, 210 + 320 = 530.
Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу.
«Бірлік», «Ондық », «Жүздік»
(Ұ.Ж.) Кіріспе тапсырма. Сабақты « Кір жаятын жіп» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіруден бастаңыз. Кір жаятын жіпке үш таңбалы сандар жазылған тапсырмаларды іліп қойыңыз. Оқушылар үш таңбалы санды атайды. Сандардың қандай заңдылықпен орналасқанын еске түсіреді.Сандардың орналасу заңдылығы бұзылғанын анықтайды. Санда неше жүздік, ондық, бірлік барын айтады. Сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктейді.
«Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.с.с. сөздік бағалау жүргізіңіз.
(Ұ.Ж.) Құрастырып көр. Ұжымдық жұмысты тақтаға 5,0,8 және 4,2,7 цифрлары жазып қоюдан бастаңыз. Оқушылар осы цифрлардан бірнеше үш таңбалы сандарды құрастырады ұсыныңыз. Сандарды құрастырғанда цифрлар қайталанбау керек. Оқушыларды ондық құрамы негізінде үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдерін түсінуге бағыттаңыз..
Жауабы:508, 805, 580,850,427, 472,247,274, 742,724.
«Басбармақ» арқылы бағалауды жүргізіңіз.
Амалдарды орындап көр.
(Д.Ж.) Оқушыларға алдымен ондық құрамы негізінде үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдерін түсіндіріп өтіңіз. Нөлмен аяқталатын үш таңбалы сандарды қосу мен азайту үшін, әрқашанда оларды ондық түрінде жазып, амалдарды орындауға болатындығын түсіңдіріңіз. Әрі қарай оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды. Бұл тапсырмаларды орындау арқылы алған білімдерін бекітеді. Қате жіберген оқушыларға жеке көмек көрсету. Қабілеті жоғары оқушылардан тағы қандай тәсілмен есептеуге болатыңдығың сұраңыз.
Жауабы:
870, 130, 680, 760.
700, 680, 660, 130.
Оқушыларға «Смайликтер» арқылы бағалауды жүргізіңіз.
Сәйкестендіріп көр.
(Ж.Ж.) Әрі қарай оқушыларға тапсырманы алдымен жеке орындауды ұсыныңыз. Содан кейін жауаптарын жұбымен салыстыра отырып тексереді. Оқушылар берілген өрнектерге жауаптары сәйкес келетін қосынды мен айырманы сызық арқылы сәйкестіндіреді. Оқушылар үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың тәсілдерін үйренеді. Өзін – өзі «Смайликтер» арқылы бағалауды ұсыныңыз.
Жауабы:
21онд.+ 32онд.
76онд. – 51онд.
97онд. – 40онд.
35онд. + 14онд.
57онд. + 22онд.
98онд. – 48онд.
Шығарып көр.
(Ұ.Ж.) Сабақтың сонында сыныппен есеп шығаруды ұйымдастырыңыз. Есеп жазылған таратпа қағаз таратып беріңіз және есепті түсініп оқуына назар аудартыңыз.Жетекші сұрақтар арқылы есепті талдатыңыз.
Есепте кім немесе не туралы айтылғанын анықта;Есептегі тірек сөздерді тап (қысқаша жазба құрауға көмектесе алатын сөздер). Қысқаша жазба да сурет, сызба, диаграмма, график ретінде рәсімделуі мүмкін – бұл есептің шарты;Есептің сұрағын қайталап, оны қысқаша жазбаға жаз;Есепте айтылғанды өзіңе елестет, бұл туралы айт;Есептің жауабында пайда болатын сан туралы ойла осы есептің шартындағы сандардан артық немесе кем;Егер есеп қарапайым болса (бір амалмен), есепті шығаратын амалды таңда. Егер есеп күрделі құрама болса (бірнеше амалмен), онда есептің шартында берілген ақпаратты қолдана отырып, шешуді неден бастайтының туралы ойлан;
Есептің әр орындалған амалынан кейін түсіндірмелер жүргізіп отыруды ұмытпа;
Есептің жауабын жаз. Есепті оқушыларға өз бетінше шығарады ұсыныңыз. Оқушылар есепті шығару арқылы үш таңбалы сандардың ондық құрамы негізінде үш таңбалы сандарды қосу мен азайту тәсілдеріндегі жазуларды толықтыруды үйренеді.
- Есеп не туралы?
- Не белгілі?
- Не белгісіз?
- Бірден сұраққа жауап бере аламыз ба?
- Сұраққа жауап беру үшін не істейміз?
Жауабы: 280 килограмм көкөніс.
«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізуді ұйымдастырыңыз.
Сабақ соңында оқушылардан «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы кері байланыс
жүргізіңіз.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру